Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:26, 04 Қаңтар 2023

Жаңатаста қатты дауыл соғып, бүтін қала жылусыз қалды

None
None

Жамбыл облысының Сарысу ауданында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. 

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде екпіні 30 м/с болатын қатты жел соғып, 20-ға жуық электр бағандары құлап қалған.

Соның салдарынан «ЖаңатасуЖылу» МКК істен шығып, қала жылусыз қалды.

«Мұндай жағдайда жұмыс істеуге „ЖаңатасуЖылу“ МКК жеке генераторларының қуаты жетпейді. 20 электр беру бағанасының құлауы белгіленді. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жел әлсірегеннен кейін басталады. Шахан қосалқы стансасындағы қондырғы суып кетті. Жаңатас қаласының жылу жүйесінен суды ағызу туралы шешім қабылданды», — деді баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі уақытта мектепте жылу пункттері дайындалып, тұрғындар ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп жатыр. Мамандардың айтуынша, қалаға жылу электр желілері қалпына келтірілгеннен кейін жүргізіледі. Қазір Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің тапсырмасымен ауа райының қолайсыздығына байланысты жедел штаб құрылды.

Тегтер: