Жаңатастың астындағы кен орны 110 шақырымға созылып жатыр

Қала мәртебесін алғанына жартығасырдан асқан Жаңатастың дүрілдеп, бұл шаһарға сырттан қоныс аударушылардыңкөп келген де, тұрғындары үдере көшіп, иесіз қалған жұртқа ұқсаған да кездердібастан өткергені белгілі.
Өткенге шегініс жасасақ, шағынқаланың шежіресі 1964 жылдан бастауалады. Сол жылы бұрынғы Бүркіттіқыстағының аумағында «Жаңатас» кеніші ашылып, оны өндірістік тұрғыдан игеругебасымдық беріледі. Осылайша қарт Қаратауқойнауында қауырт жұмыс қарқын алады. Кен қазумен қатар кент құрылысыда қатар дамиды. Жаңатас кенді алабы Бүкілодақтық құрылыс алаңы депжарияланады. Жұдырықтай жұмылған жерде жұмыс өнімді болмай ма? Аз ғана уақыттыңішінде әлеуметтік нысандар бірінен кейін бірі бой көтеріп, халық саны да едеуірартып шыға келді. Ал 1969 жылы 25 маусымда Жаңатас поселкасына қаламәртебесінің берілгендігі жөнінде Жарлық шықты.
Жалпы, Жаңатастыңастындағы кен орны 110 шақырымға созылып жатыр. Ресейдегі дәл осындай кенорнының фосфоры таусылуға жақын. Ал, Жаңатастың астында, яғни, осы өңірдегіСозақ, Сарысу, Таластың топырағында 13 млрд тонна фосфор қоры жатыр екен.Миллион емес, миллиард… Қазір фосфор пайдаланбайтын сала кемде-кем. Лайым,осы байлық елдің игілігіне жарай берсін.