09:52, 26 Шілде 2021
Жансай келесі айналымда
Токио Олимпиадасында дзюдодан кезекті жарыс күні басталды. 73 килоға дейінгі салмақта сынға түскен Жансай Смағұлов Олимпиаданы екінші айналымнан бастады.
Ол Токио татамиіндегі алғашқы белдесуінде армениялық Фердинанд Карапетянды жеңді. Белдесудің негізгі уақыты тең аяқталып, қосымша уақытта Жансай «ваззари» ұпайын еншіледі. Смағұловтың келесі қарсыласы — канадалық Артур Маргелидон.