Жансая Әбдімәлік Алматы шахмат федерациясының президенті болды

Жаңа ұйым Алматы шахмат одағынан шыққаннан кейін аккредитациядан өтіп, қалада шахмат мәдениетін дамытпақ.
«Федерация 2024 жылға дейін төрт негізгі бағытты дамытуды жоспарлап отыр: азаматтар арасындағы бұқаралық спорт, мектептегі шахмат, элиталық спорт, сондай-ақ ардагерлерді қолдау», — деді Жансая Әбдімәлік.
Жансая Әбдімәліктің әкесі, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Данияр Әшіров Жансаяның халықаралық турнирлер мен оқу-жаттығу жиындарына қатысуда үлкен тәжірибесі бар белсенді спортшы екені федерация үшін үлкен артықшылық болатынын атап өтті.
"Қазақстаннан шыққан шахматтан тұңғыш әлем чемпионының өзі туып-өскен қалада — Алматы шахмат федерациясының президенті болуының символдық мәні бар. Жансаяның келуімен жағдай жақсы жаққа өзгереді: Алматыда шахматты дамыту үшін турнирлерге, элиталық шахматшылар мен басқа елдер жаттықтырушыларын шақыруға мүмкіндіктер ашылады", -деді Данияр Әшіров.