Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:52, 11 Мамыр 2020

«Жаныңда жүр жақсы адам»

Шын мәнінде  күнделікті қарбалас тіршілікте бір-бірімізге жақсы сөздер айтып,жақсы ойымызды білдіруге уақыт таппай жатамыз.

Күйбең тірлік осы мәселеге мойынбұрғызбайтындай болады. Дегенмен маңайымызда жақсы адамдар бар екені анық. Менмектеп мұғалімі ретінде «Жаныңда жүр жақсы адам» айдарымен БАҚ-та өзіндік орныбар тұлғалардың насихатталуына мүмкіндік жасалса деп ойлаймын. Осы айдарғакейіпкер болатын әріптестерім көп болатынына сенімдімін.

 «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демейме халқымыз, өнегелі адамдарды ардақтап, олардың қабілеттері мен дарындарынұрпаққа үлгі етіп отыратын халқымыз «жаныңда жүр жақсы адам» деп көкірегі ояу,рухы биік, жүрегі таза тұлғаларды қашанда қолдай отырып, мерейін арттырыпотыруға игі ықпал еткенін де білеміз. Сондай жақсы жанның бірі —  ЕлубаеваБалғын Тлепалдықызы.

Б.Т.Елубаева  мектепте өтетін «Мектепке барар жол» акциясынегізінде үнемі, жүйелі түрде қайырымдылық шарасын жасайтындығын үнемі көріпжүрміз. Әріптесімнің қайрымдылық істегі белсенділігі  туралы «Алматы ақшамы» газетінде мақала дажарық көрген.  Оның бұл ісі басқаәріптестерге үлгі.Балғын Тлепалдықызы білімді маман ретінде жоғары шығармашылықпен айналысатын білікті ұстаз. Жаңартылғанбілім мазмұнына сай әдіс-тәсілдерді меңгерген, жаңашыл мұғалім.  Педагогикалық ұжым, оқушылар мен ата-аналарарасында беделді.  2013-2014  оқу жылдарында директордың тәрбие ісіжөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2018 жылдан бері мектептің “Ұстаз”кәсіподақ ұйымының мүшесі ретінде қоғамдық жұмыс атқарады. 

Б.Т. Елубаеваның  шәкірттері қалалық, республикалық  пәндік олимпиадалар мен байқаулардыңжүлдегерлері.

Жас ұрпаққа білім беріп, тәрбиенәрімен сусындатуда талмай еңбектеніп келе жатқан білікті маман ақпараттық  технологиялар мен педагогикалық қызметтіинновациялық әдістердің жаңа мазмұнын игеру, инновациялық қызметті ұйымдастыру,жетілдіру мақсатындағы нәтижелі жұмыстары үшін мектепішілік, аудандық, қалалық,республикалық мақтау қағаздарымен марапатталып, алғыс хаттарға ие болды.

Мен Б.Т.Елубаеваны біліктімаман, шәкірттерінің бойына жол таба білген ұстаз ретінде құрметтеймін.

С.Сейфуллинатындағы

 №74 жалпы білім беретін мектептің

 қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

ЗәкарияноваСандуғаш

Тегтер: