Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:00, 11 Шілде 2023

Жапон дәрігері холестерин деңгейін төмендететін көкөністі атады

None
None

Жапон диетологы Масахиро Ивасаки қандай көкөніс ағзадағы  холестерин деңгейін төмендетуге көмектесетінін айтты.

Маманның айтуынша, әрбір көкөністе антиоксидантты қосылыстардың көптеген түрі бар. Олардың бірі — капсантин. Бұл антиоксидант қызыл бұрыш пен чили бұрышының түсіне жауап береді.

«Аталмыш антиоксидант өте күшті. Зерттеулер көрсеткендей, капсантин ағзадағы «жақсы» холестерин деңгейін арттырады және «жаман» холестеринмен күреседі», -дейді диетолог.

Ивасаки қызыл болгар бұрышын жеуді ұсынады. Оның құрамында С дәруменінің де көп мөлшері бар.  Оның құрамындағы С дәрумені лимоннан екі есе көп. Бұл факт жоғары холестеринмен күресуге де көмектеседі.

Тегтер: