Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:52, 26 Шілде 2023

Жапон қарттары үш минуттық мына жаттығуды күн сайын жасайды (видео)

None
None

Жапонияда жүзге дейін өмір сүру қалыпты жағдай. Ұзақ өмір сүрудің құпиясы — диета, өмір салты және тұрақты жаттығулар.

Doctorpiter өмірді ұзартуға көмектесетін ең тиімді жаттығуларды жазды.

«Икигай: Ұзақ және бақытты өмірдің жапондық құпиясы» кітабының авторлары планетаның бес жасыл аймағына кіретін Жапонияның Окинава аралындағы қарттармен әңгімелескен. Олар ұзақ өмір сүру үшін кейбір жаттығулар көмектесетінін анықтады.

«Біз жапондықтардың күн сайын жасайтын ең қарапайым жаттығуларын білдік. Олардың бірі radio taiso деп аталады. Тіпті қарттар үйінің тұрғындары да, мүмкіндігі шектеулі жандарда бұл жаттығуды орындайды", - дейді кітап авторлары Гектор Гарсиа мен Франческ Мираллес.

Жаттығудың бұлай аталуының себебі ХХ ғасырдың басында оны жүзеге асыру әдістемесі радио арқылы таратылды. Қазір radio taiso мектептерде және кәсіпорындарда  да танымал саналады.

Жаттығулардың қимылдары әдетте баяу, күнді бастаудың тамаша тәсілі болуы мүмкін және 3-5 минуттан аспайды.

Бұл жаттығудың негізі мынада: оны орындаған адам қолын жоғары көтеріп, екі жағынан төмен түсіреді, айқастырып, сәл еңкейіп, қайтадан жоғары көтеріп, айналмалы қозғалыстар жасайды, сонымен қатар қолымен кезектесіп тербеледі.

Сарапшылар, әдетте, күнделікті өмірде біз қолымызды дерлік қозғалтпайтынымызды және оны басымыздан жоғары көтермейтінімізді айтады. Қолымызды жоғары көтеріп, біз бүкіл денені жаңартып, бірқатар аурулардың дамуына жол бермейміз, іш бұлшықеттерін күшейтеміз, ішкі ағзаларды көтереміз және омыртқаның жағдайын жақсартамыз.

Егер бұл жаттығу сізге тым қарқынды болып көрінсе, тоқтап, дем алуыңыз керек.

Жүз жылдықтар туралы кітапта авторлар йога мен тай-чидің егде жастағы жапондар арасында жиі кездесетінін атап өтеді. Бірақ қандай жаттығулар жасағаныңыз маңызды емес, бастысы — өзіңізді үнемі қозғалуға мәжбүрлеу керек.

Тегтер: