Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:41, 17 Қазан 2023

Жапондықтар кофеин қосылған жаңа «Доширак» кеспесін өндіріп шығарды

2
Фото: из открытых источников

Тез дайындалатын тағам өндіруге маманданған жапондық Nissin компаниясы кофеин қосылған тез дайындалатын кеспе өндірді, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Өндірушілер жаңа өнім компьютерде көп уақыт өткізетіндер мен жылдам тамақтанатын жандар үшін өте қолайлы екенін айтты. Олардың айтуынша, кеспе пайдаланушыларға тез тамақ ішуге және бір уақытта қуат алып, сергіп алуға көмектеседі.

«Жапон халқының арасында геймерлердің саны жыл сайын әсіресе жастар арасында артып келеді. Кейбір мәліметтерге сәйкес, олардың саны 50 миллионнан асады», - деп бренд өкілдері өнімнің өзектілігімен бөлісті.

Энергетикалық кеспенің сарымсақ және қара бұрыш қосылған екі түрлі бар. Жылдам дайындалатын өнімнің құрамында асшаяндар, шошқа еті, жұмыртқа және қырыққабат бар. . Ерекше жаңа өнім Жапонияда 18 қыркүйектен бастап сатылымға шыққан. Бағасы қазақстандық бағамен 907 теңгені құрайды.