Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:27, 09 Тамыз 2024

Жапония премьер-министрінің Қазақстанға сапары тоқтатылды

ч
Фото: Reuters

Жапонияның Қазақстан Республикасындағы елшілігі бір күн бұрын болған жер сілкінісіне байланысты премьер-министр Фумио Кишиданың Қазақстанға сапарының тоқтатылғанын хабарлады.

«8 тамызда Жапонияда күшті жер сілкінісі болғанын, сондықтан Премьер-министр Кишида мырзаның Қазақстанға сапарын тоқтату туралы шешім қабылданғанын өкінішпен хабарлаймыз. Тиісінше, онымен бірге делегация да келмейді, оның ішінде баспасөз хатшылары мен олардың орынбасарлары да бар», - деп хабарлады елшілік.

Бұған дейін Ақорда  Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9-10 тамыз күндері Жапония Премьер-министрі Фумио Кишида Қазақстанға ресми сапармен келетінін хабарлаған. 

9 тамызда Астана қаласында «Орталық Азия + Жапония» Диалогының бірінші саммиті өтуі керек болған.

Ал, 10 тамыз күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Жапония Премьер-министрі Фумио Кишида екіжақты келіссөздер жүргізеді деп жоспарланған.