Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:47, 11 Тамыз 2020

Жақсылық болып жаралған

                                             

       Қарапайым  болу қаншалықты қажет?

Құндылық па ол? Біздіңтүсінікте тап солай. Қазір қарапайым кісіні күнде кезіктіре  бермейсің.  Қазақылық.   

Ол ше? Қанға біткен қасиет пе? Маңдайға жазылған несібеме? Кеше ғана бақиға аттанған даңқты балуан, Мәскеу олимпиадасының чемпионы ЖақсылықҮшкемпіровтің бойынан қарапайымдылық байқалып, қазақылық аңқып тұратын. Жасыжетпіске тақаса да, балалықтан аса ұзап шыға қоймағандай көрінетін. Өйткенікөңілі ақ, пейілі кең. Жүрегінде дық қалмайды. Ашуы тез келетін шығар, қайтымыда жылдам. Өткен жолына бүгіннен дүрбі саламыз ғой.  Жақсылығы ғана көрінеді.  Жақсылық үшін жаралған жан секілді. Бір Аллатағала алдынан жарылқасын… Өткен өміріне өзінің де өкпесі жоқ секілді.Сөзінен соны аңғаратынбыз. Адам баласы арманмен біте қайнасқан. Ағамыздыңаңсағаны көп болғаны анық.  

       Жақсылық Үшкемпіровтің  күресін тіке көрмесек те, Мәскеуолимпиадасындағы белдесулерін теледидардан  қарадық. Ол кезде онбір жастамыз. Дегенмен өзімізді кәдімгідей ересек сезініппіз. Арада қырық жылөтсе де, 1980 жыл санада сақталды. Бәріміз күреске құмар едік. Бәріміз дегенде,бір сыныптың оқушылары. Алды ауданда танылып қалған. Облыстық  жарысты  аңсап жүргендері бар.  Кейін бірталайы өңірден озып,  чемпион атанды. Серік Шаяхметов тіптіреспубликалық бәсекеге де барып қайтты. Бесінші класқа көшкен кезіміз. Естеболатыны, тағы сол Мәскеу олимпиадасында балуандардың күресіне мән беруіміз,сол көріністердің көңіл төрінде жатталып қалуы.  Өзіміздің  Жақсылық  ағамыз бен Шәміл Серіковтің белдесулері, Геннадий Корбан мен АлександрКолчинский өнері де санамызда өріліп, сақталды. Өз басым Корбанға көбірекқызықтым. Сыныптас  Серік Шаяхметов біздіГена балуанға ұқсатқандықтан шығар. Қара күші мол, әдіс-тәсілді молынанқолданатын Корбанның бірнеше фотосы үйімізде тұратын. Оны айтып жатқанымыз Мәскеуолимпиадасы шын мәнінде бізге қатты әсер еткенін жеткізу еді. Бапкеріміз МысырЖапабаев келесі жылы Мәскеуге барып, олимпиада кезінде сыйға берілген, сатылғанзначоктан әкеліп, шәкірттеріне таратып берген еді. Сол күні бізден бақытты адамболмаған.  Бір анық бар. Біз қазіргігрек-рим немесе сол кездегі классикалық күресті емес, Анатолий мен СергейБелоглазов олжа салған еркін күреске ден қойдық. Ағайынды Белоглазовтар ғанаемес, Магомед-Гасан Абушев, Сайлулла Абсаидов секілді сай тасындай іріктелгенбалуандар белдесуі де есімізде. Санасар Огонесян мен Илья Мате, сосын, СосланАндиев болып та кілемге шығатын едік. Бала кездегі қиял сол сценарийгебағынатын. Кейін спорт журналистикасына қадам басқанда әлгі спортшылардың бірнешеуіментілдесудің сәті түсті. Олимпиада чемпионы Жақсылық ағамен танысқалы да отыз жылөтіпті.

       Қай жылы, қай жерде танысқанымыз есте жоқ.Таныстырған  Ерғали Мұхитдинов еді. Кезіндебілдей оқу орнында кафедра басқарған спорт қайраткері. Бір жарыстан, әлде біржиналыстан кейін Ерғали аға ертіп алып, қазір олимпиада чемпионының көлігінемінетінімізді айтты. Көп ұзамай  ЖақсылықҮшкемпіров  жүргізген «Волга» алдымыздатұрды. Ерағам да бір ер.

–      Мынау Жақсылық Күлпанныңшопыры ғой. Кейде бізді де тасиды, – деп тасыңқырап отырды.

–      Сен ғой, Несіптіжақсы білесің. Мынау Амангелді сол досыңның шәкірті. Бұл да спортжурналистикасын меңгеріп жүр.

–      Жақсы екен, – дедіЖақсылық аға, – Несіптен үйренгенің дұрыс. Ол мықты ғой.

–      Мықты мықтыны ғанажанына ертеді, менің інім де осал емес, – деп қосып қойды Ерғали ағам. Өзгеәңгіменің бізге қатысы болған жоқ. Бірнеше тақырыпты талғажау етті. Жол ұзақемес еді. Жақсылық аға асықпайтын секілді. Жылжи отырып діттеген жерге  біршама уақыттан кейін жеттік.

      Одан кейін де бірді-екілі отырыстардакездестік. Қытайда жаттықтырушы болғанын білеміз. Көсіліп сөйлесудің ретікелмеді ме, тағы үш-төрт жылға шейін сырын ала алмадық. Жақсылап әңгімелескенкезіміз біз телевидениеге ауысқан шақ. Ағаның ақкөңіл екенін сонда білдік. Кезкелген сұраққа тосылмай жауап береді. Кісі жатырқамайды екен. Тіпті үйінетүстенуге шақырды. Түсіру тобына енгендерді түп-түгел. Бардық. Күлпан әпкеміздастархан жайып қойған екен. Жақсы адам табиғатынан аспайды ғой. Жарқырайкүлген, жарқырай кірген олимпиада чемпионы өз шаңырағында тіпті қамқор болыпалды. Бәрімізге  жол көрсетіп, жөнсілтеп, кісіліктену емес, кішілікке ену қағидасын кеудесіне қондырып алыпты.Алдымызда асқар тау секілденген олимпиада чемпионының келбеті енді тіптібиіктеп кетті. Кісіге мейірім қандай жарасымды! Қарапайымдылық деген адамғадарыған қасиет екенін түйсіндік.

– Жас жігіттер асқа қасық салғанда жауды аударыптүсіретіндей қарқынмен кірісу керек, – деді де, өзі тілін кәлимаға келтіріп,іске көшті.

– Жақа, қонақтар емес, мәселені алдымен өзіңіздіңшешуіңізге жол болсын, – деп күлді Күлпан әпкеміз.

– Біз енді бұл жігіттерге қай жағынан да үлгі болғанымыз дұрысқой, – деп, Жақсылық ағам отырғандарды ду күлдірді. Үлкен кісінің дастарханындаемес, аға-жеңгенің үйіне тап болғандай бәріміз еркінсіп шыға келдік, дәмдітағамға да қол создық. Ішкенді немесе еске түскенді теру емес бұл. ЖақсылықҮшкемпіровтің табиғатын түсіндіру мақсатында осы бір жылы отырысты тілге тиекеттік. Және түскі астың чемпион мен тілші арасындағы одан кейінгіқарым-қатынасты қалыптастыруға негіз болғаны. Тіпті ол біздің таныстықтағыбетбұрыс еді.

– Жігіттер, Күлпан апаларың Семей жақтың қызы. Аллабұйыртып, екеуміз жарасып дегендей, бала сүйіп, тату-тәтті тірлік кешіпкелеміз.

– Бәрекелді, – дедік біз, – мынау жақсы дерек екен. Жездеболдыңыз. Осында бір жезде керек болып жүр еді. Сәтін салғаны-ай. Олжаныңкөкесі осы десеңізші.

– Солай ма?

–      — Солай боп тұр.

–       - Балдыздан зиян жоқ.Тағы бірі табылды деп есептейміз.

      Сол күннен бастап жезде-балдыз болып шығакелдік. Ол, өзі, бір рахат дүние. Екеуміз де қазақы дәстүрді дұрыс депсанайтындар санатынанбыз. Қалжыңымыз қарша борайды. Кейде біз басым түсіпжатамыз, келесіде жезде ұпай алады. Қалжың болғанда да, баяғының жолымен, өзіндік жөнімен өрнектелген қалжыңдар.Тығыны сол дастарханда атылды.

–      -  Жездеміздің тәбетінетәубе айтатындай екенбіз, – дедік біз сәл езу тартып.

–      — «Ас – адамныңарқауы» деген. Көп асаған чемпион болады. Тонна-тонна тер төккен оңай дейсің бе?– деп жауап қатты жездеміз.

–      — Асқазан өзіңіздікіғой, қанша қорытам десеңіз де. Біздікі сол әпкенің қамын ойлау, жездеке.

–     -  Не бопты? Асырайалмай отырмыз ба?

–       - Асырауыңызда әңгімежоқ. Алла тағала риза болсын. Тек сол қорытуға қажет қоректі дайындауға дабіраз қол күші қажет-ау. Аршылған пияз, туралған етпен кеткен есіл еңбектіайтамыз да…

–      -  Айттың ба дедім-ау!– Жездем балаша күлді. Әпкеміз де мәз.

–     -  Айттым ғой саған,байқап аса деп, – деді күлкісін тыя беріп.

–      -  Інің екеуіңе неболды, ішкен асыма сұқтанып, көздерің тиеді.

–      — Біздікі тек фактінірастау ғана, – дедік біз. Содан бері отыз жыл өтсе де, арамызда қалжың үзілгенжоқ. Бір-екеуін жеткізейік.

      Бірде телетүсірілімнен ұсыныс түсіп,бағдарламаға қонақ ретінде қатысуымызды өтінді. Уақыт тауып бардық. Бет әлпеттіәрлейтін бөлмеге кірсек, грим жасайтын қыздарға қалжың айтып жездем отыр. Жүзібал-бұл жанады. Әпке намысы оңай ма, оның үстіне қалжың айтудың да реті келгенсекілді. Ойға оралған сценарийге сай, ақырын амандасып, келесі орындыққажайғастық. Салқындықты сезсе керек, өзі үн қатты.

–       - Қабағың салыңқығой?

–      -  Жай, әншейін…

–       - Жарқылдап жүруші едің,не болды сонша?

–      — Бәрі дұрыс. Тек…

–      -  Айтсаңшы енді,анық-қанығын түсіндіріп…

–    -   Айтқанда, жезде,сіз бағдарламаға шақырғанда тақырыпты сұрамастан келе саласыз ба? Әлдеқойылатын сұрақтар жөнінде ақылдасып, бәрін біліп болған соң шешім қабылдайсызба?

–       - Жай ма? Не болды?Айтсаңшы.

–      Сұрақ қойып отырмынғой.

–      -  Сұрақ қойсаң, сеніңәріптестерің құрметтейді. Қадірлейді. Шақырады. Уақыт тығыз, жұмыс көп болса да,құрметке құрметпен қарап, мейлінше қалмауға тырысамыз. Дұрыс па?

–      -  Жоқ, дұрыс қой.Бірақ қандай бағдарлама екенін сұрамайсыз ба дегенім ғой.

–       - Сұрағанда не, солспорттың айналасы ғой. Білгенімізді айтамыз, білмесек ешкім жазғырмайтын шығар.

–     -  Бір жағынан, жақсыболды. Сіздің келгеніңіз…

–       - Солай жөніңекөшсеңші, қай-қайдағы сұрақтарды жаудырмай…

–      Жаудырғанда, жағдайқиын болып тұр ғой, жезде!

–       - Айтсаңшы, ендіанығын. Не мәселе?

–      -  Мәселе екеумізге деқатысты. Мен ғой тілшімін, әупіріммен өте шығармын, жалтарып кетсем де…

–     -   Түк түсінсем бұйырмасын.Ашып айтпайсың ба? Жұмбақ жасырып отырсың ба?

–      — Дым түсінбедіңізбе?

–      — Түсінсем сұраймынба? Жұмбақтап отырсың әлі.

–      — Түк те жұмбақ емес.Қазір көз жеткізесіз. Эфир кезінде бәрін жерден алып, жерге салуымыз керек.Бағдарламаның бағыты осы. Дүниені түгел терістеу. Жасалған жұмыстың бәрін іскеалғысыз ету. Сізге қойылатын сұрақтар тіпті сойқан. Жездем болған соң, жанымашып… Әйтпесе нем бар.

–      — Тоқташы, спорттынасихаттайтын бағдарлама деді емес пе?

–       - Дұрыстап анықтап сұрауыңызкерек еді. Әсіресе үшінші сұрақ жайлы…

–     -  Үшінші сұрақ? Неайтып кеттің? Өзің секілді журналист өтініп сұрады. Негізі, жол жүріп  бара  жатыр едім, көңілін қалдырмайын деп келістім.Енді сен келіп бірдеңені айтасың. Түк түсінбедім.

–       - Жарайды, жезде.Менікі сол жанашырлық қой. Өзіңіз де сұрап қоймадыңыз, көңілің неге пәс деп,қандай көңіл күй болуы мүмкін, егер қыршаңқы, қитұртқы сұрақтарға жауап  беруге тура  келетін бағдарлама болса?

–     -  Мынау жынды қылдығой. Әй, айтсаңшы, не бағдарлама, қандай сұрақтар? Үшінші сұрақ дегенің не?

–      -  Келген сіз ғой, білуіңізкерек еді ол сұрақтарды. Тым болмаса дайындалып дегендей.Тығырықтан қалай шығасыз? Шүбә келтіріп отырғам жоқ. Батырсыз, оны білемін.Шындықты айтасыз, тіке айтасыз, дегенмен үшінші сұрақ…

–     -  Ой, қойшы, үшінші сұрақдеп… Не қандай сұрақ екенін айтпайсың, не ол? Көңіл күйді түсіріп, шақырды,келдік. Бірінші рет шығады дейсің бе, қойғанына қарай көреміз. Ұрлығым жоқ.Тірлігім жұрт алдында. Сен де, әйтеуір, қара аспанды төндіріп…

–      — Төндіретін мен емесқой. Сол үшінші сұрақ. Қасыңызда отырамын. Сол да дәтке қуат. Қитұрқы сұрақтарқойылса, сізге қараймын да, «олимпиада чемпионы жауап берсін» дей салам.

       Айнадан көрініп тұр. Айналасына қалжыңайтып отырған жездемнің түрі күрт өзгерді. Ойға шомды. Әңгімесі жаңа ғана есіктіңарғы бетіне еркін естіліп жатыр еді. Енді үнсіз. Жеңіл күрсініп қоямыз. Оқиғағамән бере түсу үшін. Тап бір осы бағдарламаға қарудың күшімен әкелгендей кейіптеміз.Негізі, күлкі қысып барады. Жағдайды одан сайын шиеленістіруге болатын еді.Бірақ әртістік қабілет сыр беретін секілді. Сол сәт есіктен бағдарлама продюсеріенді. Жақама ризашылығын білдіріп, келгеніне алғысын айтып, бүгінгі хабардыңтынысы одан сайын ашыла түсетініне сенімді екенін жеткізді.

–      — Айналайын, бұл, өзі,не бағдарлама? Бағана сұрайын дедім де, спорт туралы дегеннен кейін байыбынабармаппын.

–      — Өзіңіз білетінтақырып қой, сіздің келгеніңіз тіпті керемет болды. Бұйырса, жақсы бір әңгімежүретін секілді.

–      — Сұрақ қоядыекенсіздер, иә?

–      — Ә, иә. Екіжүргізуші бар. Солар кезекпен сұрақ қояды.

–     - Үшінші сұрақ бардей ме?

–       - Болады, бұйырса.

       Күлкіқысып барады. Сөйлесек бүлдіреміз. Үшінші сұрақ қандай деп сұрауға батпады.Намысы жібермеді. Не болса да студияда көрейік деп ойлады-ау, шамасы. Біздіңқарымта екенін сезіп отырған жоқ. Қандай таза адам! Неткен ақкөңіл! Талай ретқалжың қақпан құрдық. Топ етіп түседі. Аздап ашулануы мүмкін, артынша жадырап салабереді. Қазіргі тағдырымыз да белгілі. Жеңіл құтылатынымыз анық.

       Жақсылық жездем Семейдегі зоо-малдәрігерлікинститутын бітірген ғой. Күресті де сол қалада меңгерді. Белгілі бапкер РомИльматовтың назарына ілінген. Ром Хасанұлы айтатын: «Алматыны жатырқап, туғанөлкеге оралдым. Әлі есімде, 1969 жылдың 1 қаңтары еді. Классикалық күреске 48келіге дейінгі салмақ дәрежесі қосылды. Шағын денелі жігіттер арасынан таланттаріздедік. 52 келілік салмақта күресетін Масалимов деген шәкіртім, өзі спортшебері, досын ертіп келіпті. Салмағын өлшедік. 46 келі тартты. Жақсылықпенсолай таныстық. Қарапайым екен. Өзі құлшынып тұр. Еркін күреске бейім. Тіптібір рет солардың жарысына барып, чемпион атанып қайтты. «Диірменге» қаттыдайындадық. Күніне жүз қайталаймыз. Сәл өзгерттік. Қарсыласының аяғынан шалаберіп жасайтын болды. Республикада ол өтеді. Кейін халықаралық жарыстардатөрешілер ескерту жасайтын. Сосын, түпнұсқаға қайта оралдық». Семейге барғандаРом ағамен сөйлесуді ойлайтынбыз. Әңгімешіл. Жақсылық жездемнің бір уыс болыптөсекте жатқанын ешкім көрмей қалып, олимпиада белдесуіне кешіге жаздағаны дабір қызық оқиға. Геннадий Сапунов таппай қалып, басын ұстап төсекке отырақалғанда беймарал ұйықтап жатқан Үшкемпіровтің үстінен түскен ғой. Жамылғыастында кісі барын сонда біліп, шәкіртін жалма-жан оятып алып, жарысқа салған.Өзі бір жапырақ болса да, тұтас елдің бағына біткен олимпиада чемпионының,ескіше айтқанда, зоовет бітіргені бізге жақсы болды. Кейін шаруашылық ашты. Ісіөрге жүзді. Кәсібі дөңгеленді.

–      Міне, жезде, –дейміз біз, – даңғыл жолды енді таптыңыз. «Дипломмен – Мыңбайға!» деген мақалбекер айтылмаған.

–      «Дипломмен –Мыңбаевқа!»

–      Е-е!

–      Е-е болғанда, біркездегі зоовет дипломы кәдеге асты. Сіз білікті мамансыз. Мал маманы. Бұйырса,шаруашылығыңыз нығаяды. Миллионер атанасыз. Мен мақтанатын болам «менің жездеммиллионер» деп.

–      Бәсе, артындаосындай бірдеңе бар екен ғой. Неғып менің шаруашылыққа барғанымды айта қалдыдесем…

       Олкелесі қалжыңдарға дайындалған шикізат екенін жездем сол кезде білген жоқ. Жаңашаруашылық. Кейде техникасы жүрмей қалады. Келесіде жұмысшы таппай қиналыпжүреді. Оның бәрі артта қалды. Бұрынғы Мыңбаев гүлдене бастады. Шаруашылығы датүрлене түсті. Енді асылтұқымды ірі қаралар келді. Жездемнің табысы еселенді.Рахат! Рахат болғанда, бізге материал. Материал болатыны – ас-тойда, жиын-жарыстардаел ағалары, жастар немесе жанкүйерлер жездемді қоршап тұра қалады. Жақам дажақсылап тұрып әңгіме айтады. Сол кезде біз қайта таныстырамыз: «Қазақ бизнесмені!Менің миллионер жездем!» Мәтіні ұзақ, негізі. Жездем мәз болып күледі. Тағыбірде түсірілімге қатар келіппіз. Камера қосылар алдында сыбырлап айттық:

–     -Жезде, тікелей эфирекенін білесіз бе?

–     -  Онда не тұр екен?Білгенімізден жаңыламыз ба?

–       - Жоқ, бәрі тікелейөтеді дегенім ғой.

–      -  Жанашырлығыңа рақмет.

     Біздің жоспар бар еді. Хабарға мүмкіндігішектеулі спортшылар келген. Оларға ешкім көмектеспейді. Мемлекет те қараспайдыекен. Сәті түскенде сөз сұрадық. Жүргізуші рұқсат етті. «Қасымда жездем отыр.Жезде болғанда да, елге мәлім меценат. Ірі шаруашылығы бар. Асылтұқымды малөсіреді. Өз басым мақтанышпен айтып жүремін. Мәрт екенін. Ана бауырымыз жақындачемпион атаныпты. Қазақ бизнесмені – менің жездем бір ат мінгізеді қазір». Жұртқол соқты. Жездем микрофонды ала салып:

–      — Болсын! Бізденбір… Әй, балдыз, мендегі кілең ірі қара ғой.

–     -   Ештеңе етпейді. Бірөгіз деңіз.

–      — Өгіз дегенім қалайболар екен?

–       - Әйтпесе ағадан –соғым деген, солай келтіріңіз.

–      — Ой, сен де адамдышатастырып, соғым болса – соғым, өгіз болса – өгіз. Бауырым, алтын медаль құттыболсын! Ағаңнан бір мал, қысқасы.

–     -  Жезде, көпшіліккежеткізгенде не деп айтайын? Өгіз мінгізді дейін бе?

–      -  Тікелей эфирдіңшырқын бұздың ғой. Ел өзі естіп отыр ғой. Несін жеткізейін деп едің? Бауырым,ат десең, ат мінгіземін. Шүкір, жағдай бар.

      Ел жездеме риза болды. Қайран күндер, сөзқадірін түсінетін, балдыз қалжыңын қабылдайтын саңлағым-ай! Сізбен сөйлескенкүндер енді сағынышқа айналып барады…

Амангелді СЕЙІТХАН

 

Тегтер: