Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:40, 03 Тамыз 2020

Жақсылық Үшкемпіровпен қоштасу рәсімі тек отбасының қатысуымен өтеді

Пандемияға байланысты және адамдардыңкөптеп жиналуын болдырмау мақсатында жерлеу рәсімі тек Жақсылық Үшкемпіровтыңотбасының қатысумен өтеді.

ЖақсылықҮшкемпіровтың отбасы қазақстандықтарды жерлеу шарасына қатыспауға шақырады.

2 тамызда көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ҚРЕңбек Ері, грек-рим күресінен Қазақстанның тұңғыш Олимпиада чемпионы, Әлем,Еуропа чемпионы, «Барыс», "Құрмет", және«Парасат» ордендерінің иегері Жақсылық Үшкемпіров 70 жасында дүниеденозды.

Пандемияға байланысты және адамдардыңкөптеп жиналуын болдырмау мақсатында жерлеу рәсімі тек Жақсылық Үшкемпіровтыңотбасының қатысумен өтеді.

ЖақсылықҮшкемпіровтың туған-туыстары көңіл айтып, қолдау көрсеткендері үшін баршақазақстандықтарға, әсіресе, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқажәне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылықтарын білдіруде жәнежерлеу рәсіміне қатыспауға шақырады.

Сонымен бірге, қоштасу рәсіміне қатыстышаралардың тура бір жылдан кейін өтетіні хабарланды.

Көп адамның қатысуымен өтетін қоштасужәне еске алу шараларын өткізу коронавирус инфекциясы пандемиясына байланыстытыйым салынғанын еске саламыз.

Тегтер: