Жақсының жалғасы едіңіз аға

21.04.2020, 16:23

72

Қазақ спорты менмәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан Бекет Махмұтов 81 жасында дүниеден озды.Таукен саласының маманы, білікті инженер, Қазақстанның сыртқа саудасын алғашдамытушылар қатарынан орын алған қайраткер тәуелсіз елдің тарихынан ойып тұрыпорын алады... 

Бекет ағамен соңғы жылдары аз жолықсақ та, алты-жеті жыл бұрынсөзін тыңдап, әңгімесіне қанықтық. Көбіне өзі іздейтін. Біз күнде сәлем беругеқұштармыз ғой. Бірақ есігі кісіден босамайтын кісінің мазасын алғандай боламызда, қоңырауын күтетінбіз. Кейде өз телефонынан тіке тереді немесе көмекшісіРифхат қосады.

Рифхаттың «ағаң іздеп жатыр» деп келетін құлаққағысынан кейін-ақ Бекетағаның күлкімен көмкерілген сөздері телефон тұтқасынан бізге қарай төгілеберетін. Жасы біразға келсе де, үлкен-кіші деп бөлмей, жан біткенмен жұмсақсөйлеседі. Әдемі әзілі де бар. Өзгені көтеріп, мәртебесін асырып сөйлеседі.

– Ел үшін еңбек етіп жатырсыз, халықтың көңілінен шығып жатырсыз. Ау, солхалықты іздеуіңіз керек қой. Міне, бір қауым осында отырмыз, – дейді ағыл-тегілкүліп алып.

– Білем ғой, аға! Ассалаумағалейкум!

– Міне, жігіт! Сәлем берудің басы болсын, қалғанын кабинетте айтасың. Ұшыпжетеміз. Есіктің бәрі айқара ашық. Ағам орнынан тұрып, бойын тік ұстап, командақабылдауға дайындалған сардар секілді қомданады. Темірдей қатты қолыныңсаусақтарын иіп жұдырыққа айналдырады да, сыртын саған тосады. Бұлшық еттердібарынша қатырып, өз жұдырығыңды созасың. Қол алысу осымен бітеді. Енді күшіңдітексеріп көруі мүмкін. Өзі көз ілеспес жылдамдықпен санатады. Естиміз. Бесжүзге емін-еркін жеткізеді екен. Уақыты тапшы ғой. Бұлшық еттеріңді бір-бірұстап, басын шайқайды. Бабың төмен, демек. Сосын, шай келеді. Одан бұрын өзіайтып үлгереді. «Қонақ келді. Шай әкеліңдер».

– Ет асайық па?

– Шай болады.

– Сен анығын айт, етасып та береміз. Ал шай десең анау тәттілерден алып отыр.

– Рақмет.

Ішкеншайын несіне жазады дейсіз бе? Мәселе бар. Ағам жетпістің маңында болса да,кәмпитпен шай ішеді. Әрі мен жақсы көретін шоколад кәмпиттер. Бала кезден дәмісіңген.

– Өзгелеріне қарағым дакелмейді. Осы бала кезден таңдайда дәмі қалған кәмпиттер ғой. Кесені қолғаалып, тәттіден аузыма салғанда ауыл есіме түседі. Шешемді еске аламын. «Кешкедейін доп, доп». Солай ұрсатын. Қазір сағыныш. Ал сен де журналист жолдас,кешке дейін доп, доп. Бокс қайда, сонда? Ағам рахаттанып күліп алады. Анасыныңұрысқаны қазір мәтеліне айналған. «Кешке дейін доп, доп». Бір жағынан, ұтымдыпайдаланып отыр. Үнемі футбол көрсетеміз ғой. Соны меңзегені. Өзінің білетіні –бокс. Бокс дейміз, футболды да түбін түсіріп ойнапты. Шалт қимылдайтын, жылдамқозғалатын ойыншы сол кездегі бапкерлерге де ұнаса керек. Бірақ кәсіби деңгейдешұғылданудан бас тартыпты. Тағы да шешесінің сол сөзі себеп болған. «Сен бірсоммен туғансың», – депті.

– Не, ол? Айтшы, –дейді ағам.

– Қызық екен.

– Қызығы несі айтшымағынасын.

– Енді, іскерлікқасиетті байқаған.

 – Күлсем көңіліңе келеді, ә? Қайдағы іскерлікойын баласында. Бірақ үнемі айтады. «Шыңғыс хан қан уыстап туыпты» дегендіестідік қой. Бір сом ұстап туған...

– Бір себебі бар ғой,онда...

– Міне, соны айтамын.Уақытында сұрамаппыз. Білетінім – ес білгелі қолға бірдеңе жабысады, саудамжүреді, бір табыс дайын тұрады. Шүкір деу керек қой. Қарным ашып көрмепті.

– Алланың бергені ғой.

– Оған дау жоқ. Бақдарып, байлық бітеді екен. Шешемнің екінші бір ескерткені «сараңдық – сор»деді. «Жомарттық жаныңды емдейді. Алаған қолың береген болсын» деген. Бірдеңетүссе бөліскім келіп тұрады. Сырт көз ойлайтын шығар, осы кісі неге табысыншашуға құмар деп. Құмарлық емес. Шеше сөзінің мәніне бойлағаным, болашағымдыойлағаным. Бала кезден қалыптасқан әдет. Менің қалтамда болып, досымнантабылмаса, кем дегенде жартысын бөліп беремін. «Жалғыз жүріп жол табуғаұмтылма» дейтін үйдегілер, қазақтың нақылын қайталап. Балалық шақтағы тәрбиеөмір бойы санада тұрады екен. Ростовта білім алдық. Елге келдік. Қызмет еттік,жақсы адамдарға шәкірт болдық. Солар да үйретті. Сауық Тәкежанов, Сыдық Әбішев!Қандай азаматтар еді! Міне, нағыз қазақ іздесең! Ал сен кешке дейін доп, доп!

– Әкеңіз ше?

– Не, әкем? Соғысқакетті. Бірақ «түбің мықты» дейтін.

– Кім?

 – Әжем! Інішек, Райхан апайыммен таныстырамын.Сапабектің емес, әжесінің қызы. Бауырында өсті. Осы сен Баташ ағаны білетіншығарсың?

– Қайсы Баташ ағаны?

 – ҚазМУ-да оқыдың, қалай танымайсың? Химияғылымының докторы, профессор Күрделі тұздарды синтездеу,еркін конвекция жағдайында қатты денелердің еру жылдамдығын анықтау әдістерінтапты. Білесің бе?

– Аты-жөнінайтсаңызшы...

– Батырбек Бірімжанов.

– Бірімжанов? АхметБірімжановтың баласы ма?

 – Ахмет Бірімжановты танисың ба?

– Иә. Біріншімемлекеттік дума мүшесі болған, қазақтан шыққан заңгер, Алаш қайраткері.

– Дұрыс. Білдің.Ахметтің әкесі кім?

– Енді..

– Қорғанбек! Торғайуезі Бестоғай ауылында өмір сүрген. Орта жүзге белгілі билердің бірі болған.

– Сонда Батырбекағай...

 – Тоқта, Қорғанбектің әкесі кім?

 – Сіз арғынның шежіресін түгендейін дедіңізғой.

– Жарайды, Қорғанбек

 – Шеген бидің немересі. Бұқар жырауды оқыдыңба?

– Оқыдық.

– Оқысаң, журналистжолдас, Шақшақ Жәнібек туралы не айтқанын білесіз. – Оны білеміз, ҚаракерейҚабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақұлы Жәнібек… Ал енді БатырбекБірімжановқа келсек...

–Баташ ағаның әкесі –Ахмет. Менің әкем – Сапабек. Сапабектің әкесі – Махмұт. Махмұт – Ахмет. Сапабек– Батырбек. Ұқсастық байқалмай ма?

 – Міне, қызық!

 – Болды, үйіңе қайт!

Қабылдау бөлмесіндекелуші көп. Бекет ағам бәрінің көңілін табады. Көп бөгелуге болмайтынын білдік.Бәсе, өнерге неге жақын десек! Қазақ балеті тоқырап қала жаздағанда, 90-жылдарықаржыдан қатты қысылғанда Бекет Махмұтов көмекке келіп, тұтас бір саланы ұстапқалуға атсалысып еді. Айман Мұсаходжаеваға Страдивари скрипкасын ұстатуында дамән бар екен ғой. Асылдың сынығы. Тектінің тұяғы. Бірімжановтардың бәрі білімдіболды. Оны тарих айтады. Келесі бір барғанымызда Бекзат Саттархановтыңжекпе-жектеріне талдау жасап отыр екен. Таңғалдық, таңғалатынымыз – енді Бекзатрингке шықпайды. Ал Бекет ағам тап бір Саттархановты ертеңгі бәске қосатындай,барлық зейінімен зерттеп отыр. Сәлемімізді алды да, Сидней олимпиадасыныңчемпионы туралы әңгіме бастады.

 – Екі Бекзат болмайды. Бекзат екі тумайды.Қойсаңшы сұрағыңды, неге деп. 

– Неге?

– Жауабым дайын.Бекзатты Алла тағала қазақтың маңдайына әдейі жазды. Ұлттық рухты көтеру үшін.Жас мемлекеттің әлемдік аренада күш алуын қалап. Тәубе айтуға тиіспіз бе?Тиіспіз. Әуелі Аллаға. Саттарханов дүниеге келген Түркістанға. Бекзаттың әкесіСейілхан мен шешесі Сырлыгүлге. Рақмет ата-анасына, мың жасасын, өзгеқұлындарының қызығын көрсін. Бекзатты Аргентинада өткен әлем біріншілігіне алыпбардық. Әдейі өзім бардым, жас балалардың аяқ алысын көрейін деп. Көңілімтолды, финалға дейін ешкімге дес берген жоқ. Сосын, Украина боксшысынан ұтылды.Сервиннен. Үйге келген бетте жарыс протоколына түскен жазу-шимайларды қайтақарадық. Түсіндік. Бекзат олимпиада ойындарында жүлде алуға дайын. Текхалықаралық турнирлерде ысылсын, тәжірибе жинасын, ең бастысы, әлгі Украинабоксшысын ұтсын. Ол үшін Сервин қатысатын жарыстарға баруы керек еді. Іздегенге– сұраған. Ресей Украина мен Қазақ елін және Өзбекстанды шақырып, турнирұйымдастырды. Сәті келгенін білдік. Біз апарған Бекзат бірінші орын алды.Ермахан мен Болат та. Мұқтархан бар. Осы төрт жігіт Сидней ойындарыныңфиналында өнер көрсетті. Қазақтың төрт ұлы төрт жыл салып келетін кешендісынның, әлем көз тіккен олимпиаданың рингінде. Түн баласы көз ілмейсің. Таң алакеуімдесалмақ өлшейтін залға барамыз. Боксшыларды күнде тартады таразыға. Сымдайтартылған Бекзатта тіпті артық ет жоқ. Жанарынан от шашырап тұрады. Ойындарғакелген кейбір спортшылардың қабағы салыңқы, ұйқыдан ояна алмай әлек. АлСаттарханов сақ жата ма, кірпігін қағып жіберіп ұйқыны үркітеді. Мұндай жарысқатұңғыш рет келгендер қобалжып, өзін қоярға жер таппайды. Біздің ұл тап бірнағашысының ауылында жүргендей ұстайды өзін. Үрейге ұрынбай, бойын билей алатынспортшылар сирек кездеседі. Бекзаттың ұстамдылығы бізді таңғалдырды, таңдаудыңдұрыс жасалғанына тағы бір рет түйсініп, тәубе айтыстық. Бас бапкер ТұрсынЕділов те, оның көмекшілері де 20 жасар жігіттің табиғатын түсінуге тырысты.Жарыстың үшінші күні болар, 57 келілік салмақта өнер көрсететіндерге кезектиді. Біздің бала бірінші айналымда румын спортшысы Бобирант Овидиу-Тибериуменкездесті. Овидиу Хьюстонда өткен әлем біріншілігінде қола медаль алған.Саттарханов бірден шабуылға шығып, Тибериудің түтетүтесін шығарды. Он төртсоққысы діттеген жерден табылып, ұпай санымен жеңіске жетті. Ақылды ғой. Күшүнемдеуді де меңгеріп алыпты. «Он төрт соққы жетеді» деп жоспарлаған. Артыққимылға барған жоқ. Маған ұнағаны – рингті көре білетіндігі. Ол да талайдантабылмайтын қасиет. Аяғымен жақсы жұмыс істейді. Бұл да оның басымдылығы.Қарымы ерекше еді. Екінші айналымда Джеффри Матебула күтіп тұрды. ОңтүстікАфрика өкілі. Атойлап жүріп ұтты. Есеп – 16:5. Мынау протоколдар тартпамда тұр.Кейде қарап қоямын, сол кездесулерден сыр шертетін жылнама іспеттес. Матебула айтыпты,«Бекзаттың аяғы мықты екен, жорға жүрісті боксшы зәремді алды, әй, осы жігітфиналға ілінеді» деп.

– Оған дейін ширекфиналдық бәсеке өтуі тиіс. Тұтас Түркия үміт күткен Рамазан Палиани оңайшағылар жаңғақ секілденбеген. Еуропа чемпионы «кемі күміс медаль аламын» дедіғой.

– Дейді ғой және сөзінегізсіз емес еді. Палиани – биік деңгейдегі боксшы. Бұл – бір. Сол кездегіАИБА бас хатшысы Жанер Доганели беделі де талай атанға жүк болды. Қазақтың жетіжігіті ширек финалда өнер көрсетті. Түріктерден жалғыз Палиани. «Жігітіңіз20-ға енді толыпты. Болашағы жарқын екен. Ертеңіне ептеп жарық берсек қайтеді?»– деп жалтақтайды Жанер дос. «Тек қана төбелес». Кімнің күші басым, жеңіс соғанбұйырсын. Шешім осылай шықты.

 – Сіз білесіз бе, білмейсіз бе, Ермахан бізгежекпе-жекті былай жеткізді: «Сол күні бокс айналасындағы азаматтар екіұдай күйкешті. Бірінші вице-президент пен бас хатшының боксшылары шаршы алаңға шығады,қай қазының басы кетер екен деп уайымдапты төрешілер жағы. Ол түсінікті. Қарақылды қақ жаруға дайын мамандар бар ғой. Бірақ адам болған соң, сәл қателіккетуі де мүмкін. Қос жүзді ұстараны қолға алғандайсың. Жұрт назары боксшылардаемес, үстел басындағы екеуге ауды. Біз де біресе рингке көз салып, келесі сәттеағамызды іздейміз. Сосын, Доганелиді табамыз. Екеуі де бітімболмысымен рингкееніп кеткен. Ешкімді елемейді. Білетіндері – бокс. Басқада істері жоқ.Төрешінің самайынан тер ағады. Бекзат пен Рамазан ұрыс салмай, әлгі қазытөбелесіп жүргендей. Саттарханов ұпай алады, артынша Палиани таразы басынтеңестіреді. Бекзаттың соққысы дәл тиді. Рамазан да есе қайтарды. Жалпы, Сиднейолимпиадасындағы ең тартысты бәсекені атаңыз десе, көпшілігі осы жекпе-жектіайтар еді. Бір кезде аяқталды. Есеп – 12:11. Бекзат бауырымыз бір ұпайайырмасымен жеңіске жетті. Бекет ағам да мәз».

– Ермахандар дабайқаған екен. Шынында да, жүйкеге жүк түсірген жекпе-жек өтті. Әлі көзалдымда. Бірінші раундта Бекзат 4:3 есебімен жеңіске жетті. Екінші раундтанкейінгі есеп – 7:5. Үшінші раундта Палиани жанын салды. Есеп – 9:9. Сосын,Саттарханов үш ұпай алды. Рамазанның екі соққысы ғана дарыды. Қорытынды есеп –12:11. Жалғыз ұпайдың қанша салмақ сіңіргенін шамалайсыз ба? Жартылай финалдаМарокко спортшысы Тахар Тамсамани тосып тұрды. Одан қауіп күткен жоқпыз. Бірақүздік төрттікке тегін боксшы ілінбейді. Зер салып қараған маман Тахардан даталай басымдық табады. Бірақ Бекзатты тоқтату мүмкін емес еді. Саттарханов22:10 есебімен басым түсіп, финалға жолдама алды. Сидней олимпиадасында қазақбоксының шоқтығы биік болды деушілер көп. Бекзатпен шешуші сынға осы боксшытіркелді. Және қандай боксшы! Хьюстонда өткен әлем біріншілігінде алтын медальалған Рикардо Хуарес. Америка Құрама Штаттарын бастап келген бапкерлер «биылбір алтын бұйырады, оны қоржынға Хуарес салады» деп ашық айтатын. Ал Рикардокімге қарсылас атанады? Дұрыс ойлайсыз. Бекзатпен кездесуі тиіс. Тұтас Түркияүміт артқан Палиани. Енді, міне, жалғыз алтын алады дейтін Рикардо Хуарес.Австралияға келген әрбір спортшы чемпиондық атақтан үмітті. Ол жағы түсінікті.Бірақ басқа да қыры немесе сыры бар бокстың. Оны кім ұқсын, кімгеұғындырғандайсың? Атой салып Америка отыр, «берсе қолынан, бермесе жолынан»деп. Тіпті елдегі қауымдастық басшылары «не қас, не дос екендеріңдібілдіріңдер» деп, АИБА басшыларына сәлем жолдапты. «Дос болсаңдар, Бекзаттыжығып беріңдер» дейтін шығар. Қас болсаңдар, арыз жазып, зәремізді ұшырмақшы.«Жекпе-жек, жекпежек!» дедік баяғы батырларша. Жекпе-жек шешсін, кімнің батырекенін. Біз Бекзатқа сендік. Олар сенсін әлем чемпионы Рикардоға. «Беке, –дейді Еуропа боксындағы беделді достарым, – Кубаны қойшы, енді еңсе тіктеп жүр.Америка 1948 жылдан бері алтын медаль алып келеді. Елу екі жылдан бергі есеніосы Бекзат қайтарып берсін». «Оу, өзгенің есесін қайдам, өзімізге сол алтынауадай қажет» деймін мен. Финал аяқталды. Бекзат Саттарханов 22:14 есебіменжеңіске жетіп, қазақтың көк туын биікте желбіретті. Міне, жеңіс! Тәуелсіз Қазақелінің өрені қамал бұзды! Қазақ боксы төрге озған күн бұл. Тарихта солайқалады. Артынша Ермахан Ыбырайымов олимпиада чемпионы атанды, Болат Жұмаділовпен Мұқтархан Ділдәбеков – күміс жүлдегер. Аз табыс па? Аз емес. Қомақты табысбұл. Соның бастауында 20 жастағы Бекзат тұрды. Әлі есімде. 1998 жылы ҚостанайдаҚазақ елінің төл біріншілігі өтті. Сонда 18 жасар Саттарханов жарқ ете қалды.Тұрсын да байқаған екен. Жартылай финалда Марат Мәзімбаевпен кездесіп,тәжірибелі боксшыға жол берді. Бірақ рингте өзін ұстауы, ешкімнен қаймықпайтыныбәрімізге ұнады. Болатын боксшының шаршы алаңдағы жүрісі ерекше өріледі. Өресібиік Бекзат алғаш сол Қостанайдакөзге түсті. Кейде өзегің өртенеді. Команда жарысқа кетіп бара жатқанда...

– Тағы кімдерді талантдеп танисыз?

– Сондай сұрақ бола ма?Рингке шыққанның бәрі талантты. Жеңіс еңбекпен келеді. Рас, тумысынан бөлекжаратылатындар болады. Мысалы, Болатты алайық. Жұмәділов. Қандай мықты!Ермаханның қара күші, Мұқтархандай қарулы жігіттер аз. Біз боксқа келгендеАркадий Топаев әлем кубогын иеленіп, бәрімізді қуантып еді. Содан бері осыбокстың маңындамыз. Серік Сәпиевқа дейінгі буын көз алдымызда өсті.

 – Дзюдоға ауысады деп ешкім ойламады.

– Шақырды, бардық.Көмегіміз керек екен. Әуелде анау Мариус Визер алыстан сыйласатындай ыңғайтанытты. Содан бір үлкен жиналыста кімнің кім екені көрінді. Сосын, тіл табысыпкеттік. Негізі, біз инженерміз. Инженер-машиностроитель. Иә, сосын, металлург.Көргеніміз – тау-кен. Тергеніміз – түрлі түсті металл. «КазВнешМаш» туралыестідің бе?

– «Отырар» соныңнегізінде құрылды ғой?

 – Сыртпен сауданы біз бастадық. Тау-кен ісіндеде талай тарих қалды. Ел үшін еңбек еттік. Мемлекеттің болашағы жолында жанаяған жоқпыз. Үкімет бағалады. Халқымыз білді. Мың-сан шүкір. Там-тұмдаптаратсақ, талайдан тартатын  секілдіміз ғой, ендігіні ертеңнің еншісінеқалдыр.

Ағам аяқастынан әңгімебастап, өзі қалаған жерден үзе салады. Орнымыздан тұрып, қош айтып, есіккебеттедік. Асыл аға мәңгілік мекеніне аттанғалы бері шуақты жүзі, есті сөзі ескетүсе береді. Кейбір тұсын қағазға түсіргенім ғой. Алла тағала алдыңызданжарылқасын, Бекет аға...

 Амангелді СЕЙІТХАН


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

13.05.2020, 11:46
Қайрат Тұрлыханов өмірден озды
11.05.2020, 18:13
Илья Ильин спорттық карьерасын аяқтады
26.04.2020, 14:43
Илья Илин қайырымдылық акциясына үлес қосты
25.04.2020, 14:01
Футболшылар маскамен ойнайды
24.04.2020, 13:11
Не қымбат: футбол ма, адам ба?
20.04.2020, 13:53
Тұрлыханов Шығыс Қазақстан облысына 80 тонна азық-түлік жөнелтті (видео)

Аңдатпа


  • Мырзан Кенжебай: Менің атымды жамылған кім?
    20.10.2020, 14:28
  • Егіндібұлақ елінің еңсесі езіліп тұр
    20.10.2020, 10:41
  • Мақаншыда «қинау» фактісі бойынша ауыл тұрғыны полиция қолынан қаза тапты (видео)
    19.10.2020, 15:16
  • Ашық хат
    15.10.2020, 10:44
  • Билік жұртта қалған елу отбасыны көшіре алмай отыр
    15.10.2020, 10:38