Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:16, 28 Қазан 2021

«Жәрдемақы шығарып беремін»

None
None

Мақтааралда  алаяққа қатысты тергеу амалдары басталды

Түркістан полицейлері мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақыны шығарып беремін деп, алаяқтық жасаған күдіктіге қатысты тергеу амалдарын бастады. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Мақтаарал ауданында Полицияның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, алаяқтың құрбаны болғанын айтып шағымданған. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оған танысы «жәрдемақы шығарып беремін» деп, сеніміне кірген. Жәбірленуші алаяққа 1 300 000 теңге ақша берген. Ал, танысы болса ақша алғаннан кейін уәдесін орындамай кеткен. Полиция қызметкерлері аталған жайтты Қылмыстық кодекстің  190-бабы (алаяқтық) бойынша тіркеді.

Осы жайтқа байланысты алаяқтық қылмысын ашу мақсатында полиция бөлімінің тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, күдіктінің жеке-басын анықтап, Полиция бөліміне жеткізді. Ол жергілікті әйел азаматша болып шықты.

Белгілі болғандай полиция қызметкерлері ұсталған әйелдің тұрғыннан алдау жолымен алған ақшаны өзінің қажеттілігіне жаратып жібергенін анықтады. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Тегтер: