Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:25

Жаркентте қауіпсіздік жаттығулары кезінде офицер қаза тапты

сарбаз
Фото: из открытых источников

14 қарашада Жаркент гарнизонының әскери бөлімінде қайғылы оқиға болды.

Жоспардан тыс оқу-жаттығу кезінде қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан әскери қызметкер қаза тапты.

"Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жария етілмейді", - делінген ҚР Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі хабарламасында. 

Айта кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында әскери қызметкер қаза тапқан еді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 қарашада Шекара қызметінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде мерзімді қызметтегі сарбаз көз жұмған.  Алдын ала ақпарат бойынша, "өлімге суицид себеп болғаны" хабарланған. Бірақ туыстары "өз-өзіне екі рет оқы атып көз жұмды" делінген ресми органдардың тқжырымына сенбейтінін мәлімдеді.

Тегтер: