Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:46, 17 Қыркүйек 2024

Жәрмеңкелер мен республикалық көрмелер өткізу стандарттары бекітілді

н
Фото: Primeminister.kz.

Сауда және интеграция министрлігі Қазақстанда жәрмеңкелер мен республикалық көрмелер өткізу стандарттарын әзірлеп, бекітті.

Жәрмеңкелердің барлығы бес түрі анықталды: маусымдық, онда мектеп керек-жарақтары, көмір, шөп және т. б; тақырыптық – отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында; ауыл шаруашылық – аграрлық өнімді халыққа қолжетімді бағамен сату үшін; бірнеше өңірдің қатысуымен мерекелік және аймақтық мамандандырылған көрмелер.

«Әрбір жәрмеңке түріне арналған күнтізбелік кесте және өткізу мерзімі белгіленген. Мысалы, ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері аудандарда екі аптада бір реттен кем емес, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда аптасына бір реттен кем емес өткізілуге тиіс. Елордада жәрмеңкелер маусымнан қарашаға дейін өтуі керек. Ұйымдастыру процесі цифрландырылуы қажет, сондықтан барлық ниет білдірушілер онлайн қатысып, өтініш бере алады. Ауыл шаруашылығы, мерекелік және маусымдық жәрмеңкелердегі бағалар нарықтық бағадан төмен белгіленеді», — деп түсіндірді сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова.

Өз кезегінде Серік Жұманғарин Астана әкімдігіне дәстүрлі күзгі өңірлік жәрмеңкелерді ұйымдастыруды бастауды тапсырды, бұл ретте олардың халық үшін әлеуметтік маңызын атап өтті.

ҚР АШМ мәліметінше, еліміздегі ӘМАТ қорларының көлемі 725,8 мың тоннаны құрайды. Азық-түлік қоры азық-түліктің 29 түрінен құралады, оның ішінде: қой еті, сиыр еті, көкөністер, ашытылған сүт өнімдері, алма, балық, ірімшік, сүзбе және т. б. Өнімдер ӘКК қоймаларында, сауда желілерінде, ауыл шаруашылығы өндірушілерінде және ірі көтерме жеткізушілерде сақталады.

«Егін жинау жұмыстарының жалғасуын ескере отырып, негізгі азық-түлік өнімдерімен халықты қамтамасыз етуге жеткілікті қор бар», — деп атап өтті Азат Сұлтанов.

Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне бағаның орташа индексі тұрақты (өсу 0%) болып қалды. Жыл басынан бастап Қазақстанда дефляция – 0,2% деңгейінде сақталуда.

Тегтер: