Жартылай көмілген мәйіт (Видео)

11.09.2018, 18:45

362

Палодарлық тұрғын қорым ішінде жас қабірден қайтыс болған адам дұрыс жерленбеген зиратты аңғарады. Қабірден ақ матаның шығып тұрғанын көрген азаматша шошып қалыпты. Кейін осы аумақта жерленген туысының басына барып есін жиыпты. Бұдан соң сұмдық жайтта ұялы телефонына түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген екен.www.youtube.com/watch?v=qK2U36PisEw&feature=shareБұл жайт желі қолданушыларының да түсініспеушілігін тудырды. Ал мәйіт басына қойылған тақтайшаға қарағанда, марқұм мұсылмандық жолмен жерлене бастаған. Анықталғандай, жақындары жоқ азаматты осы зират қызметкерлері көмуге кірісіпті. Сол сәтте мұнда аралар пайда болып, оларды тап берген екен.Әбден мезі болған жұмыскерлер жәндіктерден әрең қашып құтылыпты. Мәйіттің жартылай ғана көмілуіне осы жайт себеп болған көрінеді. Бұл жайт зират басшыларын да таңдандырып отыр. [caption id=«attachment_17363» align=«alignleft» width=«300»]Фото желіден алынды[/caption] — Осы саладағы 33 жылдық тәжірибемде мұндай жайтқа алғаш рет кезігіп отырмын.Мәйітті көмілген жер астында ара ұясы болған сыңайлы. Үріккен  жәндіктер қызметкерлерді талай бастаған. Олар қатты зардап шекпеген. Десе де, жерлеу рәсімін тоқтатуларына тура келген, -дейді «Ридо» ЖШС жетекшісі Анатолий КОНВИШЕР.Осылай деген зират басшысы аралар сабасына түсісімен, мәйітті жерлеу рәсімі жалғасып, тиісінше аяқталды деп отыр. Ал араға таланған қызметкерлерге медициналық көмек керек болмапты.Фото: azattyq.org 
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Сайлау– 2023: Бір өкініш, Бір үміт...
    06:56
  • Оқшауланған Ресей: Путин тұтқындала ма?
    06:37
  • 13-премьер: құт па, жұт па?
    06:45
  • Қандай елде өмір сүреміз?
    17.03.2023, 05:35
  • Сайлау: Мойның жуан болса мақтан, жіңішке болса - сақтан!
    17.03.2023, 05:28