Жартылай шындық өтірікпен тең
Осыдан біраз күн бұрын мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Кемелұлы «Ана тілі» басылымына арнайы сұхбат берді.
Сұхбат барысында қоғамдағы һәм ұлттың көкейінде тұрған біраз мәселе сөз болды. Төменде, Мемлекет басшысының айтқандарына байланысты белгілі қоғам белсендісі Дос Көшім өзінің пікірін білдіріп отыр.
«Біріншіден,қазақ тілінде сөйлеу мақтанышболуы үшін қоғамда оған деген қажеттілікті арттырған жөн. Мемлекеттік қызметке,оның ішінде, халықпен тығыз жұмыс істейтін лауазымға тағайындау кезінде кәсібибіліктілігіне қоса, қазақ тілін жақсы білетін азаматтарға басымдық беру керек.Парламентте немесе баспасөз мәслихаттарында мемлекеттік тілде сөйлеп, пікіралмаса алмайтын мемлекеттік қызметкер ұғымы, ең алдымен, қазақ азаматтарыныңарасында – анахронизмге айналуға тиіс».
Өтетамаша және нақты дұрыс пікір. Бұл менің 32 жыл бойы айтып жүрген сөздерім.Алайда «парламентте немесе баспасөз мәслихаттарында мемлекеттік тілде сөйлеп,пікір алмаса алмайтын мемлекеттік қызметкерлер» жетіп-артылады, оны Сіз дежақсы білесіз деп ойлаймын. Олар анахронизмге айналу үшін нақты заң баптарыкерек (біз Конституцияда бекітілгендей, құқықтық мемлекетпіз ғой). Олар қазір анахронизмгеайналмақ түгіл, күнделікті болмыстың көрінісі болып отыр.
Екіншіден,мені «қазақ тілін жақсы білетін азаматтарға басымдық беру керек» деген сөз детаңғалдырады. Қазақ тілін – мемлекеттік тілді білмеген жандар мемлекеттік қызметжасай алмауы керек. Бұл бүкіл әлемде, барлық мемлекетте ешқандай талассызмойындалатын шындық, ақиқат емес пе?! «Басымдық» қызметке тұрамын деген адамдарға берілген қосымша ұпайсияқты, ал менің түсінігімдегі «басымдық»– мемлекеттік қызметкер үшін міндетті шарт және бұл нақтызаңның талабында көрсетіліп, бекітілуі тиіс. Түсінемін, ешбір елдің заңында мұндайталап жоқ. Себебі өз елінің, мемлекетінің тілін білмейтін, ұқпайтын адам ешбірелде мемлекеттік қызмет жасай алмайды. Біздің жағдайымыз мүлдем бөлек (бұл жекеәңгіме), сондықтан заң талабы ғана қазақ тілінің қажеттілігін жүзеге асыра алады.
«Екіншіден, біз қазақ тілін жақсы білетінөзге ұлт өкілдерін қолдауымыз керек. Оларды парламентке, өкілетті органдарғасайлап, мемлекеттік қызмет жүйесіндегі жоғары лауазымдарға тағайындап,мемлекеттік наградалармен марапаттап отырғанымыз дұрыс. Мұндай азаматтар қазақтілінің деңгейін ұлтаралық қолданыс дәрежесіне көтеруге көмектеседі».
Біріншіден,біздің Конституция бойынша «ұлтына, дініне т.т. қарай ешкімге ешқандайартықшылық берілмейді». Әрине, бұл пікіріңізді саяси тәсіл ретінде қолдаймын.Алайда бұл қазақ тілінің мемлекеттік тіл болғанына 30 жылдан асқан уақытта ыңғайсыздаутәсіл сияқты. Өз басым тілді ұлттық не ұлтаралық мәселеге айналдыру немесе солмәселенің төңірегінде саяси ойын ойнауды өткен жылдардың сыбағасы деп білемін.Иә, кезінде өзге ұлт өкілдері теледидарда жүргізуші болды, ассамблеяжиналыстарында басқа ұлт өкілдері қазақ тілінде сайрады т.б. Бірақ бұл, меніңойымша, еш нәрсені өзгерте алмады, қайта кері әсер берді. Біз соған қарап мәзболып, қол соғып отыра бердік, ал қоғамда тек қазақ тілін білетін, бірақ орыстілін түсінбейтіндердің жағдайы жылдан-жылға қиындай түсті (Алматыдағы 200-денастам нотариустардың үштен бірі қазақтілінде құжаттарды қабылдамайтын, қазақ тілінде құжаттың көшірмесін береалмайтын деңгейге жеттік).
Өз басым оларды «жоғары лауазымдарға тағайындап, мемлекеттікнаградалармен марапаттауға» толығымен қарсымын. Олар Қазақстанның азаматтары,өздерінің мемлекеттік тілдерін білу – парызы және міндеті. Максим, Оксана, Оғыз Доғандарға (тағымиллиондаған азаматтарға) алғысым шексіз, бірақ олардың маған «Досеке, бұлменің мемлекеттік тілім ғой (Оғыз інім «бұл мен жұмыс істейтін мемлекеттің тіліғой» дейтін болар), оны білу – менің міндетім, сондықтан ол үшін мені марапаттауақымақтықтың көрінісі» деуінде таласжоқ. Айтпақшы, өткен жылы Сіз берген алғыс хатты алудан бас тартқаным да осымәселеге деген жеке көзқарасымның көрінісі. Біріншіден, қазақ тіліне дегенеңбегім – менің азаматтық парызым, екіншіден, 30 жыл бойы осы тіл үшінмемлекетпен, билікпен ғана күресіппін, енді сіздердің (мемлекет пен биліктің)маған алғыс айтуларыңызды өте ыңғайсыз шешім деп қабылдадым.
Екіншіден, президент мырза, тілге байланысты «ұлтаралық қолданыс» дегенжасанды терминді ешқашан қолданбауыңызды сұраймын. Біз 1989 жылғы «Тілдертуралы» заңның 2-бабындағы «Орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі» деген ақымақ,адам құқығын толық бұзатын бапты 1997 жылы үлкен қиыншылықпен алып тастадық.«Ұлтаралық қолданыс» заңмен бекітілмейді, себебі әрбір адамның, әртүрлі ұлтөкілдерінің бір-бірімен қай тілде сөйлесіп, қай тілде қатынас орнатуы адам құқығына жататын, әр азаматтыңөздері ғана шешетін жеке мәселесі. Маған сенбесеңіз, әлем мойындаған академикСахаровтың «Еуразиялық мемлекеттердің Конституциясын» (1989) қарап шығыңыз, олжерде «ұлтаралық қатынас тілі заңменреттелмейді» деген тамаша тұжырым бар.
«Үшіншіден, қазақ тілін қолдану барысындафонетикалық және орфографиялық қателер жіберіп алатын отандастарымызға түсіністікпенқарап, толеранттық танытуымыз керек. Мұндай азаматтар жастар арасында да аземес. Олардың талпынысын мазақ етпей, қайта қолдағанымыз жөн».
Өте дұрыс пікір. 100 пайыз қолдаймын. Орыстандыру саясаты өтіп кеткенҚазақ елінде бір-бірімізге түсіністікпен қарағанға не жетсін. Біз, ұлтшылдар,бұл ұстанымды 30 жыл бойы ұстанып келеміз. Сіздерге де қазақ ұлтшылдарыныңкөзқарастарының жеткеніне қуаныштымын. Біз, ұлтшылдар, ешқашан ешкімді «шала қазақ» деп атаған жоқпыз не болмасаазаматтардың қазақ тіліне деген талпынысына күле қараған емеспіз.
Алайда толеранттық екі жақтан болғанда ғана өзінің позитивті нәтижесінбереді. Қазір Қазақ елінде 20 пайызға жуық (осыдан алты жыл бұрын 16 пайызболған) орыс тілін мүлдем білмейтін азаматтар бар және олардың саны жыл сайынартып келеді. Оларға да түсіністікпен қарауымыз керек. Өкінішке қарай, бүгінгіҚазақстанның кафе-ресторандарынан қазақ тіліндегі ас мәзірін де таба алмаймыз. Бізгедеген, қазақтілді қауымға деген, түсіністік неге жоқ? Меніңше, президентмырза, түсіністік екі жақтан да болуы шарт. Орыс тілін білмейтін не сөйлейалмайтын азаматтарға деген түсіністік болмаған жағдайда біз отаршылдық кезеңгеқайтып келеміз және бұл отаршылдық тәуелсіз Қазақ елінің мемлекеттіктілінің орыс тіліне бағыныштылығыболмақ. Сондықтан «түсіністікпен қарау» туралы пікірлеріңізді орыс тілінде,орыстілді қауымға бағыштап, жеріне жеткізіп айтсаңыз дұрыс болар еді.
Менорыстілді қауымның басым көпшілігі бұл жағдайды біледі және қазақтілді қауымныңтілдік мәселесіне жандары ауырады деген ойдан аулақпын. Меніңше, бұл мәселеқатаң заң талаптары арқылы ғана жүзеге асады. Ал тілдік мәселе жөнінде бір-бірімізгетүсіністік таныту қазақ ұлтшылдарының өмір бойғы ұстанымы екені даусыз.
Тілмәселесі саяси мәселе емес. Бұл – лингвистикалық мәселе. Мен әрқашан кез келгенортада «орыстілді қауым», «қазақтілді қауым» деп сөйлеймін. «Орыстілді қауым»дегенге миллиондаған қазақ азаматтары кіреді, ал «қазақтілді» қауымның ішіндежүз мыңдаған басқа ұлт өкілдері бар. Мұны айтып отырғаным – бейшара биліктіңәрқашан қазақ ұлтын төмендететін, барлық мәселеге соларды кінәлі ететін ауруыбар. Осыдан аулақ болыңыз. Басқа ұлт өкілдері толеранттықты бізден үйренсін.
«Төртіншіден, телевизиялық жәнерадио хабарларының сапасын арттыру қажет. Бұл ақпарат өнімдері Ресейбағдарламаларының көшірмесіне емес, қайта қоғамдық ойдың қайнар көзіне айналуғатиіс. Арзан ойын-күлкіден гөрі ұлттық идеяға қызмет ететін топырағымыздан тамыралған төл бағдарламаларды молайту қажет».
Тағы да толығынан қосыламын. Сізге емес,осы ойды Сізден бұрын айтқан мыңдаған азаматтарға қосыламын. Ал Сізге солардыңпікірін қолдағаныңыз үшін. Үлкен рақмет. Алайда Сіздің пікіріңіз айдаладағыайқай сияқты, естілмей қала ма деген қаупім бар. «Қазіргі қоғамдық ойлардыңқайнар көзі» – ұлттық құндылықтардың жаңғыруы. Бұл бағыттағы бағдарламаларды«молайту» орыстілді билікке тиімді деп айта алмаймын. Өткен жылы «Қазақстандағыазаматтық қоғамның дамуы» деген ұлттық есеп (!) тек орыс тілінде ғана жарықкөрді, менің сыныма (сол уақытта мен Қазақстандағы «Азаматтық альянстің»вице-президентімін) министрліктер жауап та бермеді. Әрине, теле және радиохабарларының сапасын арттыру қажет, бірақ негізгі тақырып (ұлттық мәселе) бұғауланса, басқасыжасандылық деңгейде қалады.
«Меніңше, Орталық Азиядағы көршілеріміздіңтәжірибесі бізге пайдалы әрі үлгі боларлықтай. Қазақ тілінің мәртебесін арттыружолында кинематографияның да алар орны ерекше. Бізге тарихи оқиғалардыдәріптейтін, қазіргі қоғамды да бейнелейтін сапалы дүниелер керек. Қырғызкиногерлері «Құрманжан датқа» деген мәнді, мағыналы, көз қуантып, көңіл толатынфильм түсірді. Соған бар-жоғы 1,5 миллион доллар жұмсаған. Ал біздіңкинематографистер бұдан әлдеқайда көп сұрайды. Ал түсірген дүниелерінің сапасыәрдайым көңілден шыға бермейді. Өкінішке қарай, бүгінде біздің киногерлер деауызбіршілік таныта алмай отыр. Бұл шығармашылықты тұралататын жағдай».
Бұлкөзқарасыңыз да ұлтшыл азаматтардың сан жылдар бойы айта-айта шаршағанмәселесі. Меніңше, әңгіме тек қана ақшада емес. Әрине, кино – көпшілік үшін(қоғам үшін) ұлттың, мемлекеттің идеологиясы, тағы біреулер үшін ақша жасайтынбизнес. Ал Қазақ елінде орыстілді кино түсіріп, оны қазақ тіліне аударудықажетсінбейтін киногерлер отырғанда сапалы дүние ешқашан өмірге келмейді.Есіңізде болса, 2012 жылы «республикада көрсетілетін фильмдердің барлығымемлекеттік тілді болуы керек» деген заң да қабылданды. Ол заңды дайындауғакино өнерінің маңындағы барлық мамандар қатысты, келісті, қолдарын қойды. Ал2017 жылы сол заңға «дубляж жасау өте қиын», сондықтан «кадр сыртындағыаударма» мен «титрлердегі мәтінді қазақшалап берсек жетеді» деген өзгертулеренгізілді. Сол масқара отырыстың мен де (жұмыс тобының мүшесі ретінде) куәсіболдым. Нұртай Сабильянов екеуміздің жанайқайымызды көрген жұмыс тобы шешімді«келесі отырысқа» қалдырды, кейіннен өздерінің мақсаттарына жетті. Меніңше, «шығармашылықтытұралататын жағдай» – кино өнерінде ұлттық идеологияның жоқтығы.
Дос КӨШІМ