Жарылыс кезінде қаза тапқандар жайлы мәлімет белгілі болды
Жамбыл облысындағы инженерлік оқ-дәрі қоймасында болған өрттің салдарынан төрт әскери қызметкер қаза тапқан болатын.
Қазірде олардың аты-жөндері белгілі болды. Инженерлік оқ-дәрілер қоймасында өрт салдарынан келісімшарт бойынша екі әскери қызметші – 1981 жылы туған сержант Марат Сайлауұлы Мешінбай және 1981 жылы туған ефрейтор Руслан Жүрсінбайұлы Жанболатов, 1969 жылы туған әскерилендірілген күзет қызметшісі азамат Оразбек Дайырбекұлы Далибаев қаза тапты, — дейді ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Төртінші марқұм әскери қызметкер — оңтүстік өңірдің әскери прокуроры, полковник Арман Қапезов.
Құзырлы ведомства мәліметінше, Сержант Марат Мешінбай мен ефрейтор Руслан Жанболатов өрттің алғашқы минуттарынан бастап әскери бөлімнің өрт сөндіру командасының құрамында болды. Жарылыстардың жанында болып, олар ауыр жарақаттар алды.
Әскерилендірілген күзет қызметшісі Оразбек Далибаев қойманы күзету жөніндегі қарауыл бастығының көмекшісі қызметін атқарды. Қызметтік міндеттерін атқаруда оқ-дәрілердің жарылуы салдарынан қаза тапты, деп нақтылады баспасөз қызметі.