22:18, 27 Тамыз 2021
Жарылыстан қаза тапқандардың саны 12-ге жетті
Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 12-ге жетті, — деп хабарлайды «Жас Алаш» Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Нақтыланған мәліметтер бойынша, Жамбыл облысындағы жарылыс салдарын жою кезінде қаза тапқан тағы үш адамның денесі табылды. Қызметкерлердің жеке басы анықталып жатыр», — деді министрлік өкілдері.
Ведомство мәліметінше, ТЖМ-нің 50-ге жуық қызметкері түрлі дәрежеде дене жарақат алған. Жарылыстан жалпы саны 12 адам қаза тауып, 98 адам жарақат алды. Жоғалғандарды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.