09:49, 27 Тамыз 2021
Жарылыстан төрт әскери қаза тапты
Жамбыл облысындағы жарылыстардан төрт әскери адам қаза тапты, — деп хабарлайды «Жас Алаш».
Бұл туралы бүгін қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев мәлім етті. Сонымен қатар, жоғалып кеткен бірнеше адам іздестіріліп жатқаны белгілі болды.
«Ең алдымен өрт сөндіру барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің жақын-туыстарына көңіл айтамыз және жарақат алғандарға тез арада жазылып шығуын тілейміз», — деді Ермекбаев штабта өткен баспасөз мәслихатында.