16:34, 21 Қараша 2018
Жас актерлар Санк-Петербургте өткен театр фестивалінен жүлделі оралды

Луч театрының жас дарындары көрші елдің сахнасында қазіргі таңда әр елде кездесетін өзекті мәселені көтерген екен.
Ол – көшеде қаңғыбас жануарларлың көбеюі. Халықаралық байқаудың өзі осымен 18 рет ұйымдастырылып отыр. Қойылым болса, Константин Сергионконың «До свидания, овраг» туындысының сарынымен қойылған. Онда жас әртістер қиындыққа тап болған қаңғыбас итттерге бас-көз болып, оларды зұлымдықтан барынша қорғауға тырысады.- Біз сахнада сомдалған қойылымды «Үйір» деп атауды жөн санадық. Онда қараусыз қалған иттердің өмірін суреттейміз. Ит – адамның досы ғой. Олар да адам сияқты түрлі қиындықтарға тап болып жатады. Осыны көрсете алдық деп ойлаймын, -дейді «Луч»театр-студиясының жетекшісі Наталья РТИЩЕВА.
Айта кетерлігі, аталмыш театр ұжымында отыз әртіс бар. Олардың ең жасы 5 жаста болса, ең ересегі 20 жаста. Театрдың атына сай жетекшісі шәкірттерін күн шуағына теңейді. Айтуынша, жас дарындардың болашақта үлкен театрларда өнер көрсетуі әбден мүмкін. — Образға кіріп, белгілі бір кейіпкерді соңына дейін сомдау оңай емес әрине. Дәл осы байқауға екі айдай дайындалдық. Санк-Петербургке келісімен, бойымызда жауапкершілік пайда болды. Тіпті, ұшақта отырып дайындалдық, -дейді жас актер Роман СУВОРОВ. Биыл екінші орынды қанағат тұтқан ұжым байқаудан көп тәжірибе жинағандарын айтады. Алдағы уақытта керекулік көрерменнің көңілінен шығу үшін түрлі жобаларды іске асырып, көп еңбек етпекші. Ал көрші Ресейде өтетін дәстүрлі байқауда келесі жылы жеңіске жетуді көздеп отыр.Фотолар автордікі.
