Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:41, 18 Наурыз 2022

«Жас Алаш» 100 жылдығын қорытындылады

None
None

Бүгін 100 жылдық тарихы бар «Жас Алаш» газеті өзінің 100 жылдық мерейтойын қорытындылады.

Алматыда Ұлттық кітапханада басылымның 100  жылдығына орай шығарылған «Қазақтың үні – Жас Алаш» атты кітаптың тұсауы кесілді. Мерейтойға Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің арнайы өкілі Қанат Ысқақов келіп басылымға арнайы марапатын  тапсырды. «Жас Алашта» қызмет еткен ардагер журналистер мен редакторлар жиынға қатысып жылы лебіздерін білдіріп, басылымда қызмет еткен жылдарын еске алып, естеліктерімен бөлісті.  

Айта кету керек, 1921 жылы 21 наурызда Алаш жұртымен алғаш рет жүздескен «Жас Алаш»  әлі күнге жүрісінен жаңылған жоқ. Қазақтың небір текті ұлдары басқарған газет әрдайым айтарын айтып келді. Бұл үрдіс әлі күнге «Жас Алашқа» ғана  тән. Билікке шырылдаған шындықты тіліп тұрып жеткізу, бүгінгідей қиын сәтте бұғып қалмау,  «Жас Алаштың» басты ұстанымы болып қала бермек...

Жасай бер «Жас Алаш»! 

Тегтер: