«Жас алаштың» түлегі лауазымды қызметке тағайындалды

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Мұқан ШыңғысЖұмабекұлы қала әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Шыңғыс Мұқанның есімін жалпы көпшілік жақсыбіледі десек қателеспейтін шығармыз. Ол Оңтүстік жұртшылығыүшін сырттан келген кадр емес. Түркістан облысының Шардара қаласында дүниегекелген. Еңбек жолын «Жас алаш» газетінде тілші болып бастаған. Қазақ экономика,қаржы және халықаралық сауда университетін және «Болашақ» бағдарламасы бойыншаГарвард университетін тәмамдаған.
Энергетика жәнеминералды ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы, «Жайық-пресс» ЖШС-інің басдиректоры, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, Президентәкімшілігі ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі, Атырау облысы әкімініңорынбасары, KazPetroDrilling АҚ-ның корпоративтік даму бойынша вице-президентіқызметтерін атқарған.
Мемлекеттікқызмет саласында жаңашылдығымен, жастық жігерімен танылып жүрген Шыңғыс МұқандыОңтүстіктің жұртшылығы жылы қабылдап, ыстық ықылас білдіріп жатыр. «Жасалаштың» түлегіне ел артқан сенімнен шығып, абырой бигінен табыла беруінтілейміз!