Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:27, 04 Қыркүйек 2020

«Жас алаштың» түлегі Құрметті азамат атанды

None
None

«Жас алаш» газетінің Оңтүстік Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі қызметін ұзақ жылдар бойы атқарған, бүгінде «Егемен Қазақстан» газетінің Түркістан облысындағы меншікті тілшісі Ғалымжан Елшібай Төлеби ауданының Құрметті азаматы атанды.

Осындай шешім бүгін Төлеби аудандық мәслихатының сессиясында қабылданды.

Еңбек жолын Төлеби аудандық «Төлеби туы» газетінде бастаған Ғалымжан Елшібайдың «Жас алаштағы» меншікті тілшілігі екі мыңыншы жылардың басында басталып, 17 жылға созылды. Ол осы жылдары өте өткір жазатын, қаламы ұшқыр, өзіндік қайталанбас қолтаңбасы бар журналист ретінде қалыптасты. Бүгінде оның есімін оқырманға таныстырып жату артық.  Қазақстан Журналистер одағының Түркістан облыстық филиалы төрағасының тізгінін қолына алған тілші өңірдің шығармашылық саласына өте үлкен үлес қосуда. Өңір журналистерінің көшбасшысы атанған ол қолына қалам ұстаған қауым арасында түрлі іс-шаралардың өтуіне мұрындық болып келеді.  

«Жас алаштың» түлегіне марапат құтты болсын дей отырып, қызметіне табыс, елге еткен еңбегіне жеміс тілейміз!   

Тегтер: