21:47, 22 Қараша 2018
«Жас Отан» ақтөбелік оқушыларды қоқысқа сүйреп жүр

Ақтөбеде оқушыларды қоқыс өңдейтін зауыттың жұмысымен таныстырамыз деп «жас отандықтардың» басыдауға қалды.
Аты-жөнін атағысы келмеген ақтөбелік бір топ ата-ана әлеуметтік желі арқылы «Жас Отанға» наразылық білдіруде.«21 қараша күні 8-сыныптың оқушыларын қоқыс полигонына апарды. Ғимараттың іші қара суық, қаракөлеңке, жағымсыз иіс. Осының бәрін көрген балаларымызесеңгіреп әрең келді. Балаларымыз түні бойы бастары ауырғандарын айтып, лоқсумен болды. Атқарып жатқан істері туралы есеп беру үшін өтетін осындай мәжбүрлі түрдегі шараларға балаларды араластырмаса қайтеді?!» деп жазды олар 8 «В» сыныбы ата-аналарының атынан.[caption id=«attachment_20140» align=«alignnone» width=«467»]
Ақтөбелік ата-аналардың әлеуметтік желідегі жазбасы[/caption] Оқушылардың қоқыс полигонына, сол маңдағы қоқыс өңдейтін зауытты аралап, жұмысымен танысатындығы жөнінен қалалық білім бөлімі де хабардар болыпты. — Негізгі мақсат- мектеп оқушыларының бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру болатын. Тізімін қалалық білім бөлімімен бірлесе отырып шештік. Біз олардан оқушылармен қамтамасыз етуді сұраған болатынбыз. Экскурсия ұзаққа созылған жоқ, әрі кетсе 15-20 минут қана. Сосын, балалар полигонды тек алыстан қарады, зауытта да тек 2-3 минут аялдадық. Жеке өзіме ешбір ата-ана балам сырқаттанып қалды, жайсыз сезінді экскурсиядан кейін деп шағым айтқан жоқ. Балалардың қай жерге, қай нысанға баратындығы жөнінде алдын ала ескертілді. Бұл — табиғи ресурстар басқармасы мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс аясында өткізген шара, — дейді Ақтөбе облысы бойынша «Жас отан» корпоративтік қорының директоры Асылжан Бүркіталин «Жас Алаш» тілшісіне.Экскурсияға қала мектептерінің 150 оқушысы қатыстырылған.
