Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:21, 19 Қараша 2019

Жас қылқалам шебері

Алматыда жассуретші Давид Анның «Жасыл. Сары. Көк» деп аталатын көрмесі өтті. 14 жасаралматылық оқушының картиналары осы уақытқа дейін  Францияда өткен көрмелергеқойылып, тіпті Түркия, Өзбекстан, Франция елдерінде сатылған.

Бұл – Давидтің алғашқыжеке көрмесі.

«Оның суретсалу өнеріне деген сүйіспеншілігі бала күнінен байқалды. Демалыс күні, ертеңгісінтұрған кезде бұл тықырлап, өз бөлмесінде бірдеңе жасап жатады. Қарасам, ерте тұрыпалып, бәрі ұйықтап жатқанда сурет салып жатады. Өзі сондай шабыттанып жүрегіменсалады. Сол кезде мен баламның сондай қабілетінің барын байқадым», – дейдіДавидтің анасы Эльвира Ан.

Давидтің ерекшеқабілетін ЮНИСЕФ және ЮНЕСКО байқауларын өткізіп жүрген мамандар байқап, оның үшүздік туындысын Парижде үлкен көрмеге қойған. Шетел өнертанушыларыалғашында сол картиналардың авторы оқушы бала дегенге аса сене қоймапты.Себебі, француз мамандарының пікірінше, Давидтің акрилмен жұмыс жасау техникасытек кәсіби суретшілерге тән.

«Мен, негізінен, акрилмен жұмыс істегендіұнатамын. Далаға шығып, табиғатты, айналамда болып жатқан оқиғалардыбақылағанды жақсы көремін. Соны тезірек қағаз бетіне түсіргенше асығамын», – дейді Давидтің өзі.

 Давид көбіне табиғат пейзаждарын суреттейді. Бірақмына картина өзінің туған әпкесі, «Томирис» фильмінде басты рөлде ойнағанАльмира Тұрсынға арналған. Әпкесі экранда Томирис образын ашуға тырысса, бауырыоның болмысын сурет бетіне түсірген.

«Бауырымдүниеге келген кезде мен 15 жаста едім. Расында, оның бойында үлкен таланттыңбары кішкентай күнінде байқалды. Әлі кішкентай болса да, оның суреттері кереметшығатын. Ол қандай керемет картина салғанын өзі де аңғармайтын. Бір кезде ініммаған да сурет салудың қыр-сырын үйреткен. Алайда бұл өнерді меңгеруменің қолымнан келмеді. Ол өзі ұяң болғандықтан,жасаған жұмыстарынан шабыт алып, тыныш жүре береді. Ал мен оның атын бүкіл әлембілгенін қалаймын. Себебі ол сол деңгейде жұмыс жасайалып жатыр»,–дейді Альмира Тұрсын.

Бір қызығы, бұл көрмедегі картиналардатақырып жоқ. Себебі әрбір келуші әр туындыдан жанына жақынын көреді.

Давидболашағын шұғылданып жүрген сүйікті ісімен байланыстырғысы келеді. «Тоғызыншысыныптан кейін Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнеракадемиясына түсуді жоспарлап жүрмін. Қазіргі уақытта екіұшты ойдамын: сурет өнерібойынша мықты маман болғым келеді және екінші жағынан,автомобиль дизайнері болсам деймін», –деп, жас қылқалам шебері алға қойғанжоспарларымен бөлісті.

Адамға талант туа бітеді. Қабілет туаберіледі. Ал оны ұштау алдымен ата-анаға, кейін баланың өзіне байланысты болсакерек. Жастайынан өнерімен танылып келе жатқан жас дарын ел мәдениетіне үлес қосартұлға болар деп үміттенеміз. Бір айта кетерлігі Үкімет қабылдаған мәдени тұжырымдабойынша елімізде жас таланттарды қолдайтын шаралар жиі ұйымдастырылып тұрады. Бұлкөрме де соның айқын көрінісі.

Тегтер: