Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:24, 24 Наурыз 2023

«Жас тұлпардың» тарихын білдік

None
None

Шынында тарихымыздан тиесілі орын алған «Жас тұлпар» туралы алай-бұлай сөздерді мен де естігенмін.

Көпшілік құрдастарым сияқты мен де анығын біле алмаған болатынмын. Енді, міне, «Жас Алашта» ақпанның 23 күні жарияланған «Жас тұлпардың тарихы» деген мақаланы оқып, оны сол ұжымды ұйымдастырған құрметті Таужанов Аймұхан ағаның өзі жазғанын көрдім! Айекеңе, ол кісінің ақиқатты айтып бергенін қолдаған «Жас Алаш» газеті редакциясына көп-көп рақмет!

Осымен байланысты бір ойымды айтайын, «Жас Алаш» ескереді деп ойлаймын. Оным Мұрат Мұхтарұлы Әуезов туралы. Ол кісінің «Жас тұлпардағы» рөлі ашып айтылды. Ал біраз жұртқа белгісізі – ол кісінің Олжас Сүлейменовті мадақтай беретіні. Осыдан екі апта бұрын интернет сайттарын шолып отырып, оның орыстілді сайттарының бірінің журналисімен сұхбатының соңғы жағын ғана естіп үлгердім. Ақынмен дос шығар, тағы да мақтап отыр. Оның түсіндіруіне қарағанда, «Семей атом полигонын» жапқан О.Сүлейменов екен. Сүлейменовтің өзі де, оны қостаушылардың да айтатындары – осы. Полигонды жабу күресін Кешірім Бозтаевтың нартәуекелмен бастағаны, халықтың және атом-ядролық қауіпке қарсы халықаралық ұйымдардың қолдауымен ақырында мақсатына жеткені де көпшілікке белгілі. Ал О.Сүлейменовті жақтаушылар оны елемейді. Солардың бірі Мұрат Әуезов мырзаға Кешірім Бозтаевтың «Семей полигоны» кітабынан бірнеше сөйлем көшірмені ұғуына жеңіл орыс тіліндегісінен ұсынайын:

«… Завершающий этап противополигонной борьбы оказался для меня гораздо сложней, чем это было на этапах противостояния. Тогда я твердо  знал, что за нашими спинами – население, и это вселяло силы и уверенность. Теперь же оказался, как бы, блокированным со стороны тех, чьи интересы я защищал, с кем вместе вошел в противостояние. Я знал, откуда дует ветер. Исходило это, прежде всего, от лидеров общественных движений. Когда судьба полигона была предрешена, в борьбе за лидерство по его закрытию появились новые люди. Стремясь завоевать общественное мнение, они использовали известный прием: обрушились на областное руководство, в первую очередь на партийное. Некоторые из этих людей, впервые появившиеся в Семипалатинске (О.Сулейменов, – Г.К.), вели себя по принципу Юлия Цезаря: «Пришел, увидел, победил». К сожалению, когда проблема с закрытием полигона, по существу, была решена, началась возня вокруг вопроса – чья в этом заслуга? Прессу наводнили публикации, в которых дается однозначная оценка этому факту: благодаря движению «Невада-Семипалатинск», и только ему! Каждая акция движения широко обнародовалась, создавая именно такое впечатление. Движение резко взяло крен в сторону саморекламы. Многие его активисты, среди которых были и случайные люди, видели свою работу лишь в призывах к митингам по поводу и без повода, иногда  пуская в ход ложные слухи. А митинговая волна вела к проявлению экстремизма и психоза, к  оторванности  от реальной жизни...».

Кітап 1992 жылы шыққан. «Невада-Семей» қозғалысы жақтан ешкім қарсы сөз айтқан жоқ, тек К.Бозтаев қайтыс болғаннан кейін, 1999 жылы полигонды жабушылар табыла бастады да жапқан Олжас Сүлейменов болып шықты және содан бері қашанда солай айтылып жүр. Ең белсенді насихатшысы – Сүлейменовті «поэт от Бога» деген М.Әуезов.

Марқұм Кешірім Бозтаев жөнінде сөз бола қалғанда Сүлейменовтің не дегендері естеріңізде шығар. Ол:  «Да, он был первым секретарем обкома. Но не более того. Уж во всяком случае в борьбе за закрытия полигона на первом ряду его никто не видел» деді. «Казахстанская правда» газетінде. Одан кейінде: «Полигона, оказывается, закрыли то не мы, а какой-то секретарь обкома?!» деді. Ол ол ма: «Кто писал такое пиьмо, завтра же его там не был» деп, Бозтаевтың Горбачевқа жеделхат жолдағанын жоққа шығаруды көздеді. Осылай жалған сөйлеген ақынның кім болғаны? Оның  сонысын, басқа да ұнамсыз қылықтарын дұрыс сынағандарды Әуезов: «злобные карлики» деді.  «Бандерлоги» деп те атады, онысы қандай хайуан екенін білмеймін. Сөйтіп, шалабүлініп жүрген Әуезовтің мамандығы  «культуролог» екен.

 Қайталап айтайын: тарихымыздан өшпес «Жас тұлпарды» бізге, жастарға, танытқан Аймұхан ағаға, редакция қауымына рахмет!

Тегтер: