Жасанды интеллект 2124 жылы теңгенің долларға шаққандағы бағамы 100 теңге болады деп болжады
Chat GPT 100 жылдан кейін Қазақстан Орталық Азиядағы жетекші экономикалық күштердің біріне айналады, деп болжап, теңгенің долларға шаққандағы бағасын шамалап болжады.
«2124 жылы қазақстандық теңгенің долларға шаққандағы бағамы айтарлықтай нығаюы мүмкін. Тұрақты экономика, инвестиция мен экспорттың жоғары деңгейі теңгенің позициясын нығайтуға көмектеседі. Қазақстан халықаралық аренада маңызды ойыншыға айналады және көптеген шетелдік инвесторларды тартады.
2124 жылы қазақ теңгесінің долларға шаққандағы бағамы 100 теңге шамасында болады. Бұл ұлттық валютаның қазіргі бағамдармен салыстырғанда айтарлықтай нығаятынын білдіреді. Бұл тұрақты экономикалық өсімнің, экономиканы әртараптандырудың және мемлекеттік бағдарламаларды сәтті жүзеге асырудың нәтижесі болуы мүмкін», – деп жазды жасанды интеллект.