Жасанды интеллект сот процестеріне енгізілді

Жасанды интеллект әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша процестерге енгізілді.
Жақында роботтандырудың ауқымы сот істерінің ең көп массивін – әкімшілік істерді қамту үшін кеңейтілді. Яғни, ӘҚБтК-нің 610-бабында жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуы қарастырылған. 2023 жылы бұл бап бойынша 129 мың материал келіп түскен. Биылғы жылдың 6 айында - 83 мың. Іс сотқа жіберілгеннен кейін барлық іс-әрекеттер судьяларды да, сот қызметкерлерін де тартатын көп уақытты алады. Роботтандыру арқылы істерді өңдеу тездетіледі, деп мәлімдеді жоғарғы сот.
Сот мәліметінше, бұрын 3 күн кететін жұмысты, енді бар болғаны - 10 минутта істеуге болады. Сот актісі бірден күшіне енеді, ал бұрын 10 күн уақыт кететін.
Жалпы, сот жүйесін роботтандыру осы айдан бастап, ай сайын - 1,5 мыңнан астам істі, ал республика бойынша ауқымды болса, жылына - 100 мыңнан астам істі немесе барлық істердің кем дегенде үштен бірін қамтиды деп күтілуде.