Жасанды интеллект заң шығару саласына да енеді

Әділет министрлігі Цифрлық даму министрлігі және «ҰАТ» АҚ-мен бірлесіп, eGovMobile Business қосымшасында заңды тұлғалар үшін сенімхатты онлайн ресімдеу жобасын іске асырып жатқанын айтты.
Әділет вице-министрі Бекболат Молдабековтың айтуынша, өткен жылдың наурыз айынан бастап мүлік иелері бірлестіктерінің қызметін цифрландыру жобасы іске қосылды. ПИБ төрағасын енді мобильді қосымша арқылы дауыс беру арқылы таңдауға болады.
«Е-ЗАҢНАМА» ақпараттық жүйесінде заң шығару процесінің модулін өнеркәсіптік пайдалануға енгізу бойынша жұмыс жүргізілді. Бұрын бұл түрлі мемлекеттік органдардың 7-8 жүйесі болатын. Сондай-ақ заң шығару саласында жасанды интеллект әзірленуде. Оның мақсаты құқықтық қайшылықтар анықталған кезде НҚА әзірлеушілеріне, сондай-ақ НҚА өзгерген кезде ұқсас нормаларға түзетулер енгізу қажеттілігі туралы ұсыныстар қалыптастыру болып табылады, делінген хабарламада.
Сот сараптамасын цифрландыру шеңберінде «Е-САРАПТАМА» жобасы іске асырылуда. Бұл бүкіл процесті толық бақылап, сараптама мерзімдерін бұзбау және қағаз форматынан арылу үшін жасалмақ.