Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
18:28, 28 Қыркүйек 2024

Жасыл Қазақстан – 2024: Ел бойынша 10 миллион түп ағаш отырғызылды

жасыл қазақстан
Фото: ашық дереккөз

2020 жылдың қыркүйегінде Президент Тоқаев 2025 жылға қарай орман қорына екі миллиард, елді мекендерге 15 миллион ағаш отырғызуды тапсырды. Бұл  «Жасыл Қазақстан» атты ауқымды экологиялық  жоба негізінде жүзеге асырылып жатыр.  

Мысалы, 2024 жылға дейі 15 миллион ағаш отырғызылды. Бұл туралы  Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев мәлім етті. Қазір "Жасыл Қазақстан" жобасы аясында мемлекеттік орман қорына да ерекше көңіл бөлініп келеді. Ағаш отырғызудың едәуір бөлігі Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарында жоспарланған.

Тоқаев
Фото: Ақорда

Мысалы, биыл мемлекет басшысы Тоқаев Астанадағы сенбілік кезінде  Ұлытау аллеясында ағаш отырғызуға қатысты. Шара барысында 430 түп линден көшеттері отырғызылды. Алматы қаласында 320 мың түп ағаш отырғызылу жоспарланып ол қазір жүзеге асырылып жатыр. Соның дәлелі ретінде жақында ғана 7 мыңнан аса алма ағашы отырғызылды. 

Бұдан бөлек Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024 жылғы 3 маусымдағы бұйрығымен елді мекендерде жасыл желектерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларына өзгерістер енгізілді. Сондай-ақ құжатта уәкілетті орган Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның мөлшерін есептеудің негізгі ставкаларында көзделген Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның мөлшерін есептейтіні көрсетілді. 

Жалпы көптеген компаниялар ағаш отырғызу, аумақтарды тазарту және қызметкерлерге білім беру бағдарламаларын ұйымдастыруға белсенді қатысады. Мысалы, ірі қазақстандық компаниялар экологиялық марафондар, "жасыл күндер" ұйымдастырады, сондай-ақ қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу бойынша жергілікті бастамаларды қолдайды.

"Жасыл Қазақстан" жобасы – бұл жай ғана экологиялық шаралар тізбегі емес, еліміздің әрбір тұрғынының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған ұзақ мерзімді стратегия. Бұл Қазақстан қоршаған ортаны қорғау саласында басқа елдерге үлгі болуға ұмтылатын жаңа дәуірдің басы.

"Жасыл Қазақстан" жобасының басты мақсаты – елде жасыл және экологиялық таза орта құру.