«Жасыл Қазақстан» – еліміздің ең үздік экологиялық жобасы

Жаһандық экологиялық сын-қатерлердің аясында Қазақстан жасыл, орнықты және экологиялық бағдарланған ел болу үшін қадамдар жасап жатыр.
«Жасыл Қазақстан» жобасы еліміздегі ең үздік экологиялық бастама болып саналады. Бұл жоба аясында мемлекеттің, бизнестің және қоғамның күш-жігері табиғи ресурстарды сақтауға, экологиялық жағдайды жақсартуға және халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған.
Неліктен «Жасыл Қазақстан» ең үздік экологиялық жоба?
«Жасыл Қазақстан» жобасы әртүрлі экологиялық мәселелерді шешудің кешенді тәсілін жүзеге асырады. Бұл жоба уақытша жақсартуға ғана бағытталған емес, Қазақстанның экологиялық әл-ауқатының негізі болатын ұзақ мерзімді және тұрақты өзгерістерді белгілейді. «Жасыл Қазақстанның» негізгі жетістіктері мен мақсаттарының ішінде оны елдегі ең үздік жобаға айналдыратын бірнеше негізгі аспектілерді атап өтуге болады.
Біріншіден, жобаның негізгі бағыттарының бірі – жаппай көгалдандыру. Жыл сайын Қазақстанда ауаның сапасын жақсартуға, топырақты нығайтуға және демалыс үшін жаңа жасыл аймақтарды құруға көмектесетін бағдарлама аясында миллиондаған ағаштар отырғызылады. Мысалы 2021-2024 жылдар аралығында елімізде 10 миллион ағаш отырғызылды.
Екіншіден, Алматы және Нұр-Сұлтан сияқты ірі қалаларда тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту және олардың қоршаған ортасын жайлы әрі таза ету үшін жаңа саябақтар, демалыс аймақтары құрылып жатыр. Соның дәлелі ретінде Астанадағы саябақта президент Тоқаев ағаш отырғызу шарасына өзі қатысты.
Бұл шаралар қалалар мен ауылдық жерлерді климаттың өзгеруіне төзімді етеді, топырақ эрозиясы мен шөлейттену сияқты проблемалардың алдын алуға көмектеседі.
Үшіншіден, ауаның сапасы қоршаған ортаның әл-ауқатының маңызды көрсеткіштерінің бірі болып саналады. Қазақстанның ірі қалаларында адам денсаулығы мен табиғатына кері әсерін тигізетін ауаның ластану мәселесі бар. «Жасыл Қазақстан» осы мәселені шешуді мақсат етіп отыр. Бұл қадамдар адамдардың денсаулығын сақтауға ғана емес, сонымен қатар экологиялық таза қалалық ортаның алғышарттарын жасауға көмектеседі.
Төртіншіден, Қазақстанда, әсіресе ауылдық жерлерде таза су тапшылығы бар. «Жасыл Қазақстанның» басым бағыттарының бірі су объектілерін қорғау және су ресурстарының жағдайын жақсарту. Соның айғағы қыркүйекте Ұлытау облысындағы Кеңгір су қоймасы экологияны жақсарту мақсатында мемлекет меншігіне өтті. Енді алдағы уақытта су қоймасы жөндеуден өіп Жезқазғанның су мәселесін шешуде септігін тигізетін болады.
Бесіншіден, қалдықтарды қайта өңдеу және қалдықтарды басқару жүйесін дамыту Қазақстанның өзекті мәселелерінің бірі. «Жасыл Қазақстан» өз алдына қалдықтардың мөлшерін азайту және оларды қайта өңдеу жүйесін дамыту міндетін қойып отыр. Мысалы, алдағы уақытта экология министрінің айтуынша қалдыөтарды өңдейтін 37 зауыт салыну жоспарланған. Оған 170 миллиард теңге бөлінеді.
Алтыншыдан, экологиялық білім беру және қоғамды тарту. Жобаның негізгі аспектілерінің бірі – тұрғындар арасында экологиялық сананы қалыптастыру. Азаматтардың белсенді қатысуынсыз тұрақты экологиялық прогреске қол жеткізу мүмкін емес. Сол үшін жас ұрпаққа табиғатты сақтаудың маңыздылығын түсінуге көмектесу үшін мектептер мен жоғары оқу орындарында экология сабақтары енгізіліп жатыр. Тіпті мемлекет басшысы ағаш отырғызу акциясында жастарға сенетінін, бұл ел біздің мемлекет екенін, оны әрқашан таза ұстау керегін жастарға баса айтқан еді.
«Жасыл Қазақстан» – бұл жай ғана экологиялық жоба емес. Бұл еліміздің жаңа перспективаларының, әрбір тұрғынның қоршаған ортаны қорғауға өз үлесін қосатын таза және тұрақты болашаққа қадам жасауының символы. Бұл жоба қоршаған ортаны жақсартып қана қоймайды, сонымен қатар әрбір адам үшін салауатты және қауіпсіз орта құру арқылы өмір сүру сапасын жақсартады.