Жаслан Мадиев вице-премьер – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып тағайындалды
Жаслан Мадиев Қазақстан Республикасының вице-премьері – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі қызметіне тағайындалды.
Бұған дейін Мәжілістің экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында Жаслан Мадиевтің кандидатурасы талқыланып, аталған лауазымға тағайындау үшін келісім берілген.
Жаслан Мадиев 1983 жылғы 13 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген.
Білімі:
-
2015–2016 жж. – Массачусетс технологиялық институты (MIT), Слоун бизнес мектебі, іскерлік басқару магистрі (MBA);
-
2006–2007 жж. – Колумбия университеті, халықаралық қатынастар және мемлекеттік басқару мектебі, мемлекеттік басқару магистрі (MPA), «Болашақ» бағдарламасы;
-
2000–2004 жж. – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, әлемдік экономика және халықаралық қаржы мамандығы.
Еңбек жолы:
-
2007 жылы Лондондағы «Morgan Stanley» инвестициялық банкінде бағалы қағаздар және облигациялар саудасы департаментінде жетекші трейдер болып еңбек жолын бастады.
-
Әр жылдары Президент Әкімшілігінің стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығында сарапшы, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ қазынашылық департаментінің директоры, «Kazyna Capital Management» АҚ мен «Қазақстан даму банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды.
-
Ұлттық банкте монетарлық операциялар және активтерді басқару жөніндегі директордың орынбасары, Премьер-Министрдің кеңесшісі қызметтерін атқарды.
-
Сонымен қатар Ұлттық банк пен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
-
2020–2022 жж. – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары.
-
2022 жылдың қаңтары–қыркүйегі – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі.
-
2022 жылдың қазанынан 2024 жылдың мамырына дейін – Binance Kazakhstan компаниясының бас менеджері.
-
2024 жылғы мамырдан бүгінге дейін – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.
Еске салсақ, биыл 18 қыркүйекте Президент Қ.Тоқаевтың шешімімен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қайта құрылып, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі болып өзгертілді. Инновациялық қызметке қатысты функциялар мен өкілеттіктер Білім және ғылым министрлігіне берілді.