Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:47, 09 Наурыз 2021

Жасөспірім қыз 5-ші қабаттан секіріп кетті

None
None

Мереке қарсаңында Қызылорда қаласында қайғылы жағдай орын алды. Сырдарияның сол жағалауындағы ауданда көп қабатты үйден секіріп кеткен 14 жастағы қыз көз жұмды.

Бесінші қабаттан секірген жасөспірімді дәрігерлер аман алып қала алмады. Ол медициналық мекеменің жансақтау бөлімінде жүріп кетті.

Оқиға барысына Қызылорда қалалық полиция басқармасы түсініктеме берді.

«Жас қыз өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенген. Кәмелетке толмаған жеткіншек медициналық мекеменің жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Аталған дерек бойынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 3-бөлігімен (өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», – делінеді мәлімдемеде.

Тегтер: