Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
18:40, 14 Ақпан 2024

Жастар елдің басты қозғаушы күші

Жастар саясаты
Фото: из открытых источников

Әрбір мемлекеттің дамуы мен көркеюі тікелей жастарға байланысты. Себебі жастар елдің басты қозғаушы күші, тіпті, стратегиялық құндылығы мен кадрлық әлеует арқылы елдің жағдайын қалыптастыратын маңызды әлеуметтік тобы.

 Дәл осы себептен басқа елдер секілді біздің елде де жастар саясаты аса маңызды рөл атқарады. Бұл алдымызда тұрған салмақты тапсырмалардың бірі деп те айтуға келеді. Жастар саясатының негізгі мақсаты әлеуметтенуді дұрысынан жүргізу үшін барлық қажетті қолайлылықтарды қамтамасыз ету, жастардың әртүрлі шешімдер қабылдаудағы рөлін арттыру мен олардың белсенділігін көтеру, сонымен қатаролардың рухани, мәдени, интеллектуалды, кәсіби, физикалық дамуына баса мән беру болып табылады. Осы орайда 2023-2030 жылдарға арналған жастар саясатының концепциясын қарап көрейік.

Президент тапсырмасымен жастар саясатының жаңа конңепциясы әзірленіп жатыр. Мұнда болашақ ұрпақтың қандай болу керек екені мен ол үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер мен тиімділігі жоғары құралдар туралы сөз болады. Бұл құжаттың мән-маңызын жоғары бағалауға болады. Себебі, жастар үлкен әрі мықты әлеуметтік-экономикалық топ болғандықтан мұқияттылықты қажет ететіні сөзсіз. Ал оның басшылыққа алатын негізгі қағидалары жастарға даму үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталады. Бұл орайда жастар саясаты мен жастарды әлеуметтік қолдауды шатастырып алмаған дұрыс. Әрі жастар үшін деген емес, жастамен бірге деген мүддеге ден қойған жөн. Осы нәрсенің бәрін бақылауда ұстап, жүзеге асыру мемлекеттік органдар мен жергілікті билік есебінен жүргізіледі. Концепция азаматтық қатысу, кәсіпкерлік, шешім қабылдау процестеріне қатысу, потенциалды ашу, даму мен мәдениет, инфрақұрылым, талдау және ақпараттық әсерлер деген құрылымдардан тұрады.

Осының бәрін реттеп, жобаны жасау үшін арнайы жұмыс тобы құрылды. Жасалған концепция үкіметпен бекітілді. Құжат 2029 жылға қарай құзыреттілігін нақты білетін, жауапкершілікті терең сезінетін мемлекеттік тиімді саясаттың, оның дұрыс орындалуының нәтижесінде Қазақстанда мықты жастар саясаты қалыптасады деп сендіреді. Осы мақсатта жастар саясатының элементтері қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылады. Кейіннен, патриоттық құндылықтары қалыптасқан, азаматтық тұрғыдан белсенді жастар мемлекеттік басқару ісінің барлық жерінде жүретін болады. Осылайша, жастардың әлеуметтік-экономикалық өмірге белсенді араласуы, білім және кәсіби шеберлік тұрғысынан өсуі, қоғам мен мемлекет өміріне белсенді араласуы елдің экономикалық дамуына оң әсер етеді деп күтілуде.

Осы тұста патриотизмге тәрбиелеудің мәні мен маңызы туралы айтып өткен дқрыс. Құжатта патриоттық тәрбиеге баса назар аударылады. Ол жастар саясатының ең салмақты де сүбелі тұсы. Құжатта бұл тұрғыда бала жастан берілетін тәрбиеге, педагогтардың жеке тұлға қалыптастырудағы рөліне көңіл бқлу керектігі көрсетілген.

Бұл орайда ұлтымыздың болашағы ретінде жастар да өзіне жауапкершілік алып, болашаққа жоспар құруды, алысты ойлауды, нақты әрекеттер мен тоқтамайтын ізденісті дағдыға айналдыруы тиіс. Себебі, мемлекетттің саясаттың да, жастар саясатының да іске асуы ең әуелі осы жастардың өзіне тікелей байланысты. Әсіресе, білім алуға құштарлық, тіл меңгеру, прагматизм, тәжірибеге төселу, жаңашылдық керек. Жастардың өзі заман ағымына сай болса ғана даму мен ілгерілеу болады. Әрі қоғамдағы, елдегі жайларға, әлемдегі өзгерістерге бейжай қарамай, өз позициясын қалыптастыру, жеткізу, пікір алмасу, ойын ашық айтып, белсенділік таныту да аса қажет. Жастар белсенділік арқылы ғана өз потенциалын толық ашуға мүмкіндік алады.