Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
23:31, 18 Тамыз 2022

Жастар мерекесі – өз деңгейінде тойланып келеді

None
None

Еліміздің, болашағымыздың қозғаушы күші – жастар саналады. Ал жастардың қамсыз өмір сүруі тікелей қоғамға байланысты.

Сол себепті де, Мемлекет басшысының тапсырмасымен жастарға әрқашан көңіл бөлініп келеді.

Соның ішінде әсіресе 12 тамыз жастар күні деп арнайы белгіленіп, өңір-өңірлерде мерекелер басталып кетті. Атап айтсақ,  Қызылорда облысы Қазалы ауданында  мерекеге орай Ғани Мұратбаев атындағы республикалық жастар сыйлығын табыстау салтанаты өткізілді. Бұған дейін жастар ұйымдастырылған шараларда белсенділік танытып, байқаулардан үздік көрсеткіштерге ие болды.

Дәл осындай шара Шиелі ауданында да жалғасын тапты. Яғни, онда Шиелі аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Ыбырай Жақаев атындағы саясабқта жас кәсіпкерлер мен қолөнершілер көмесі өткізілді. Ондағы мақсат – ауданның жас кәсіпкерлері мен қолөнершілерінің өнерін қолдау, әрі олардың туындыларын өзге де жастарға насихаттау болып табылады.

Бұдан бөлек, жастар мерекесі Батыс Қазақстан өңірінде де өткізіліп,  облыстың белсенді жастарына алғысхаттар табысталды. Сондай-ақ Түлкібас ауданында да жергілікті «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен аудан жастары арасында Жастар күніне орай футболданкіші турнир өткізілді. Турнирге 14 команда қатысып, жеңіске жеткен командаларға арнайы сыйлықтар табыстады.

Жастар күнін Қарқаралы ауданы да мерекелеп, белсенді жастарды бір іс шара аясында ұйыстыра білді. Сондай-ақ мерекеге орай, Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “Open Air”  атты би кеші өткізілді. Шарада жастар  өз өнерлерін көрсетіп, концерттік бағдарлама қойды. Жастар күніне арналған бағдарламаға ауданның белгілі кәсіпорындары ерекеше атсалысқанын айта кеткен жөн. Атап айтқанда, “Tamaq time”, жедел тамақтану орталығы мен “Jarqyn Bolashaq” ҚБ,  “Konoha game club”орталықтары және Қарқаралы қаласының МҮ ұйытқы болып, жастардың мерекесінің жоғары деңгейде өтуіне мұрындық болды.

Сондай-ақ Ақадыр ауданында жастар мерекесі жалғасын тапты. Атаулы мереке Теміржолжылар паркінде өткізілді. Шара барысында ауданда белсенділік танытып жүрген бір топ жастар әкімнің алғысхаттарымен марапатталды. Одан бөлек, мереке аясында «КазСолар50» ЖШС-ның демеушілігімен жастар арасында үстел теннисі мен волейболдан спорт сайыстары өткізіліп, жеңімпаздар мадақтау қағаздары мен ақшалай сертификаттарға ие болды. Сонымен қатар ауданның белсенді әрі шетелдерде жоғары оқу орнын оқып жүрген әрі спорттық жиындарға қатысып жүрген жастар онлайн форматта тұрғындарға ыстық лебіздерін арнап, құттықтауларын жеткізді.

Атаулы мереке Чапаев ауылында жылдағы үрдісбойынша өткізілді. «аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы және «Ақжайық өрендері» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Майданов саябағында «Жарқыра, жайық жастары» атты жастар кеші өткізілді. Сонымен қатар Байкенже ауылдық округінде, атаулы мерекеге орай «Хотя бы никогда» атты кинокөрсетілім көрсетілсе, Арыс қаласында, Маңғыстау, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қызыорда облыстарында жаслғасын тапты.

Осындай жастардың ұмытылысын жоғарылататын әрі серпін беретін мерекелер еліміздің түкір-түкпірінде белгілі бір деңгейде өткізілді. Жастар қай заманда да асқақ арман мен үміттің, биік ар мен өрдің сиволы әрі қоғамдағы ең белсенді буын өкілдері. Сол себепті, жастар тың, сергек, белсенді болса, мемлекетіміздің жаңа келбетін қалыптастыруда жаңа идеяларымен жүзеге асыра алады. Сондықтан да жылдың бір күні «Халықаралық Жастар күні» деп күнтізбеде белгіленіп отыр. Елбасымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы да барлық жастарға сенім білдіріп, арнайы осы датаны белгілеген еді. Ендігі зор үміт жастарда.

Тегтер: