Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:00, 27 Мамыр 2022

Жастар қолдауды күтеді...

None
None

«Жаңа Қазақстан» үшін елдің ахуалын жақсартумен қоса, мемлекет болашағы үшін елеулі еңбек ете алатын жастарды қолдап, оларға бағыт-бағдар беріп отыру маңызды әрі қажет қадам болып қалады.

Жақында сенатта «Жаңа Қазақстан»: жастар және модернизация тақырыбында парламенттік тыңдалым болып өтті. Тыңдалым барысында елімізде жүргізіліп жатқан жастар саясаты жан-жақты талқыланып, жастар мәселесіне қатысты кейбір түйткілді жайттар талқыланды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан» үшін жаңғыру мен жаңарудың, дамудың басты бағытына ие болатын осы жастар екенін атап өткен болатын.

Жастар үшін тұрақты жұмысы, алаңсыз білім алуы, кедергісіз баспана алуы қай уақытта болсын, өзекті болып қала бермек. Жастарға қолдау білдіру мақсатында – елімізде жастар саясатын жүйелі түрде жүргізудің маңызды екені сөзсіз. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жастардың сапалы білім алуымен олардың жұмыссыздығы елде өзекті мәселе екенін атап өтті. Қазіргі уақытта жастар арасында жұмыссыздық проблемасын болдырмау мақсатында – бірнеше мемлекеттік жобалар қолға алынуда. Жастар тәжірибесі жобасымен мамандарды жұмысқа орналастыру шарасы елімізде көбірек жүзеге асырылуда. Дегенмен әлі де болса жастарды жұмыспен қамту, баспана беру мәселелерін қамтитын жобалардың қажет екендігі атап өтілді. Тыңдалымда қаралған жастар саясатына қатысты кейбір ұсыныстар қаралып, үкіметке жолданатын болды.

Бүгінгі таңда жастарды баспанамен қамту мәселесін жүзеге асыруды жеделдету мәселесі де қолға алынып келеді. Мәселен, жастар бағдарламасымен жалға берілетін пәтерге қол жеткізу үшін талаптардың ішінде жастардың табыс деңгейін азайтады.

«2022 жылдың соңына дейін баспананы жалға беруге қатысты ережеге өзгерту енгізіледі, оның ішінде, жастар үшін ай сайынғы табысын растату кезінде оның деңгейін 122 мың теңгеден 76 мың теңгеге дейін түсіріледі. Бұл жастар үшін жаңа бір мүмкіндік болады», – деп мәлімдеді парламенттік тыңдалым барысында премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов.

Табыс көлеміне қатысты өзгерту енгізу – баспаналы бола алмай жүрген жастарға қолдау болғалы тұр. Осылайша, алдағы уақытта жалақысы аз жастар үшін де баспаналы болу мүмкіндігі туады. Бірінші кезекте, жастар үшін баспана мәселесі алдан шығатыны сөзсіз. Осындай сәтте жастарға мемлекеттік бағдарламалар негізінде көмек болғаны үлкен мүмкіндік өмірдегі қадамдарына бағыт-бағдар болып қалады. Жастар үшін баспаналы болу мен тұрақты табыс көзі болатын жұмыстың болуы бірінші орында маңызды болып қала береді. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы жастарды жұмысқа орналастыру шарасы да еліміздің әр өңірінде белең алып келеді.

Тегтер: