Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:05, 09 Қыркүйек 2021

Жастар саясатын қолдау – ел ертеңін қолдау

None
None

        «Арыстандай айбатты,        Жолбарыстай қайратты –        Қырандай күштi қанатты,        Мен жастарға сенемiн!

» – деп Мағжан Жұмабаев жырлағандай, жастар ел ертеңі екені анық. «Мемлекет жүзеге асыратын және жастарды қолдауға бағытталған әлеуметтік-экономикалық, саяси ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар жүйесі қызметінің аясы» жастар саясатының негізі ретінде берілген.

        «Қазақстан Республикасының Жастар саясаты туралы концепциясы» 1999 жылы 28 тамызда қабылданғанын білеміз. Концепцияға сәйкес, 2004 жылы 7 шілдеде «Жастар саясаты туралы» заң шықты. Бұл жобалардың барлығы еліміздегі жас буынды қолдау мақсатында жүзеге асты. Жастарды қолдау үшін елімізде жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар ел ертеңі үшін қызмет етері анық. «Жастар практикасы», «Дипломмен – ауылға», «Жасыл ел» бағдарламалары еліміздегі  жастарды тұрақты және уақытша жұмыспен қамтуға мүмкіндік беріп отыр.

 «Жастар – біздің болашағымыз. Оларды жаңа заманда өмір сүруге үйрету – біздің міндетіміз», – деген Н.Назарбаевтың сөзі осы бағыттағы  істің негізі іспеттес. Қай елді алсақ та, жастар саясаты жастардың өзін-өзі дамытуына ықпал етуді көздейді. Мәселен, АҚШ-та жастардың шешім қабылдау деңгейін арттыру мақсатында білім беру ұйымдарында өзін-өзі басқару органдарын дамыту көзделген. Бұл үрдіс біздің елде де қолға алынуда.

Жастар саясатын іске асыруда  жапондықтар  мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттардың бірлескен іс-қимылы арқылы жауапкершілікті сезіну. Ал Түркияда ірі қалаларда, ақпараттық және мәдени жастар орталықтары үнемі қызметтерін ұсынатын болса, Германияда жастар, ақпараттық консультативтік бюросы жастарға қолдау көрсетеді. Осындай көптеген елдердің тәжірибесін негізге ала отырып, Қазақстанда осы бағыттағы жұмыстар өз нәтижесін көрсетуде.

Жастар саясаты қызметінің басты бағыттарының бірі – мемлекеттік ғылыми-техникалық және инновациялық маңызды мәселелер бойынша ұсынымдар дайындау. Ғылымды дамытуға үлес қосатын жастардың ғылыммен айналысуына мүмкіндік жасау. Еліміздегі ғылыми ұйымдар,  жоғары оқу орындары жас ғалымдарының ғылым салаларындағы зерттеу жұмыстары үшін байқаулар өтуі де осының дәлелі. Тіпті кейбір байқауға гранттар да бөлінеді. Бұл жас буын оқушы үшін де үлкен уәж десек болады.

Қазіргі жастар креативті, жан-жақты ізденіп, өзіндік  пікір білдіре алады. Өзінің инновациялық жобаларымен халықаралық деңгейдегі сайыстарға қатысып, өзінің жобасын жариялап жатқан жастар да жетерлік.       Көшбасшы  болуға талпыну арқылы бәсекеге қабілетті, шынайы өмірге бейім жас буынды қалыптастыру мектеп пен мұғалім үшін де міндет деуге болады.

Мектеп – тәрбие бесігі. Жастардың ел ертеңіне үлес қосуы мектеп табалдырығындағы оқушыны тәрбиелеумен тығыз байланысты. Сондықтан оқушылардың дарынды, талапты болуына ықпал ету барысында жүргізілетін жүйелі жұмыс жоспары қашанда тиімді.

Оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесінің мектептерде жүргізілуі осы бағыттағы жұмыстың жандануына ықпал ететіні анық.

Жастар саясатын жүзеге асыруда жаңашыл идеялар негізінде көшбасшы тәрбиелеу басты назарда болуы қажет.

Тегтер: