Жастар тазалық жұмыстарына белсене араласуда
Еліміздің өңір-өңірлерінде тазалық жұмыстарына көп көңіл бөлініп келеді. Әсіресе, тазалық жұмысатарына ерікті жастардың атқарып жатқан жұмыстары орасан зор.
Жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған волонтер жастар әр өңірде “Birge: Taza Qazaqstan” экологиялықтазлық акцияларын. Өткізіп келеді. акцияны өткізудегі басты мақсат – жергілікті тұрғындардың тазалық сақтауға деген көзқарасын өзгерту әрі қоршаған ортаны қорғау арқылы ластамау, сондай-ақ қарт кісілерге оның ішінде жалғызбасты тұрғындарға көмектесу болып табылады. Акция барысында ерікті жастар қайырымдылық мекемесінің ішкі және сыртқы жұмыстарына көмектесіп, қол ұшын беріп келеді. тазалық – баршаға ортақ игілікті іс болғандықтан, оған әрбір тұрғын немқұрайлық танытпай, жауапкершілікпен қарай білсе, жеріміз де ластанбас еді. Осы орайда, еліміздегі ерікті жастардың тазалық жұмыстарына бейжай қарамай, белсенді түрде атсалысып келеді. Атап айтсақ, тасбөгеттік жастар экожобалар аясында ерекеш белсенділік танытып келеді. Атап айтқанда, «Мейірімділік қадамдары» жастар волонтерлік қозғалысы мен Экосана жастардың экологиялық бастамаларына қолдау көрсету арқылы әлеуметтік қызметтермен жас еріктілерге жазғы лагерь ұйымдастырылды. Сондай-ақ волонтерлар арасында сенбілік турнирі ұйымдастырылып, «ЭкОрда» атты жоба бойынша ерікті жастаар 500 мың теңгенің қайтарымсыз гранттарын ұтып алды. Грант иегерлері бұл қаражат алдағы уақытта қаланың гүлденуіне, көркеюіне, қоқыстан тазарып, жасыл-желекке айналуына жұмсайтындықтарын айтты.
Тазалық жұмыстарына байланысты дәл осындай шаралар жергілікті кітапханаларда да жүргізіліп келеді. Яғни, болашақтың іргетасын қалайтын келешек ұрпаққа «Еріктілік –ерлік іс» тақырыбында волонтерлік сағаттар өткізіп, қоршаған ортаға әркім ерікті түрде қамқорлық көрсету керектігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мәселен, қоршаған ортаны аялау аясында ағаш отырғызу, көгалдандыру, түптерді отырғызып, өсіру секілді жұмыстарға жастардың белсене араласып, көмек көрсетуі қоғам үшін ең пайдалы іс екенін түсіндіру болды.
Сонымен қатар елімізде Республика бойынша студенттік жатақханаларда мониторинг жұмыстары басталды. Оған Алматы қалалық «Жастар рухы» ЖҚ және жастар кеңес мүшелеріменбірге Алматы энергетика және байланыс университетінің жатақханаларында басталған болатын. Акцияны өткізудегі басты мақсат – жоғары оқу орындары мен колледж жатақханаларындағы жағдайдың сапасын арттыру мен санитарлық талаптарға сай нормалар мен қауіпсіздік шараларын сақтау болатын.
Жастардың ерікті түрде тазалық жұмыстарына атсалысуы өте қуантарлық жайт. Сондай-ақ еліміздің белсенді жастары мен жас көшбасшылары, Жастар ресурстық орталығы, Жастар рухы Жастар қанаты, Жасыл ел еңбек жасағының белсенділері Экомарафон тазалық акциясын өткізу арқылы сенбілік шараларына белсене атсалысып келеді. Әрі жастардың тазалық жұмыстарына көңіл бөліп, қоршаған ортаға ерекше назар аударуы Мемлекет басшысының айрықша көңіл бөдуінің арқасында деп білеміз.