Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:39, 18 Тамыз 2022

Жастарды дамыту – тың идеяны қажет етеді

None
None

Қазіргі жастарда тың идеялар мен креативті бастамалар көп. Қазақстанда бизнеске икемді жастарға кең қолдау жасалып отыр.

Мемлекеттік деңгейдегі түрлі гранттар олардың жеке тұлға болып қалыптасуына ғана емес, отбасының әл-ауқатын көтеруге арналған. Осы мүмкіндікті оң пайдаланған жастар жеке істерін икемді дамыту үстінде. Айта кеткен жөн, бүгінде бизнеске қабілетті жастарға демеу беру мақсатында, дүниежүзінде жылдық табысы 10 млн АҚШ долларына жететін фриланс-биржалар жұмыс істейді. Халықаралық нарықта үлкен сұранысқа ие осынау биржаларда еңбек етуге қазақ жастары да араласуына болады. Ол үшін елдегі  жастар IT тілін кәсіби деңгейде меңгеруі шарт. Осынау заманауи жобаға  жастарды тарту  үшін «Атамекен» ҚР ҰКП  қазақстандық жас буынға демеу көрсетуде. Ұлттық палатаның басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовтың мәлімдеуінше, алдағы 3 жылда республикадағы 100 мың жас оқу курсынан өткізілмек. Бұл бастама жұмыссыздар мәселесін шешуге де ұйтқы болмақ.

Қарағанды облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы бүгінде аймақтағы жастарды IT технология саласына оқыту аясы өскенін жеткізді. Оның айтуынша, облыста санаулы күн бұрын «Терриконовая долина» IT хаб алаңында кәсіпкерлік дағдыны қалыптастыруға арналған оқыту курсын 60 тыңдаушы аяқтаған. Аталған курсты жастар мәселелері жөніндегі басқарма мен жастар және балалар ұйымдарының одағы өткізді.

Оқыту курсының бағдарламасы кеңселік, іскерлік, қаржылық және цифрлық пакеттерден тұрады. Курстан тәмамдаған талапкерлер Word, Excel, Power Point және Access сияқты «Microsoft Office» офистерінде жұмыс істеу дағдыларымен қатар, мемлекеттік қызметтердің электрондық және мобильдік қосымшаларын пайлану, отбасылық қаржыны, білім беру, тұрғын үй-жинақ депозиттерін ұтымды басқару, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын қолданудың тетіктерін меңгерді.

— Өңірдегі бұл бастамалар жастардың жер-жерде жұмысқа орналасуына, баспана алуына, әлеуметтік бастамаларға қатысуына қолдау көрсетуге бағытталған.  Жүйелі жұмыс одан әрі де жүргізіле береді, дейді өңірлік жастар ресурстық орталығының директоры Алена Фрибус.

Тегтер: