Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:30, 13 Қараша 2019

Жастардың елден кетуіне кім кінәлі?

Әкем сенің төсіңдеатын тұңғыш ерттеген,

Анам сенің төсіңдетамыр жайып көктеген.

Менде сенен еңалғаш таптым арман өрісін,

Сенен ұлы ешкімдеболмақ емес мен үшін!

-

деп осы мақаламдыкөлегей  көл теңізге тамшы тамызғанадай болсам да, түбі бір қазақбауырымның санасына үн қосқанымды мұрат етіп, Шаханов ағамыздың сөзіненбастайын. Желмаяны желдіріп жерұйықты іздеген Асанқайғыдай шетке кеткендеаңсайтынымыз туған жер. «Жаратқанның назары түсіп һәм ажар бітірген аймақ» депбілетін туған жеріміздің әрбір түйір тасы алтындай қымбат маған. Қазіргі тарихишағымызда  тәуелсіздік кеңістігінде отаншылдық рух пен туған жерге дегенмахаббат сәуле шашып тұруы қажет  жас ұрпақтың жүрегінде. Алайда «өзгеелде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген мақалды керісінше түсініпжүрген жастар көбеюде. Толғамағым туған жер болса да, сіздерге тоқытпағым басқа.Статистикаға сүйенетін болсақ, 2017 жылдың өзінде Қазақстанға 11,9 мың адамкелсе, кеткендердің саны 28,2 мың адамға жетіп артылады (мәлімет Zakon.kzсайтынан алынды). Оның көп бөлігін қаракөз қыздарымыз бен айбынды ұлдарымызалып жатыр.Бұл неге қорқытады, кеткені кетіп, қашқаны қаша берсін дейсіз ғой.Қақпан түлкінің тек құйрығын қапқанымен, түлкінің өзін де ажал аузына жығыпберетіндігіндей, бұл жай ғана адам санының азаюымен құтылатын мәселе емес. Солкеткендерің арасында 4,8 мың жоғары квалификацияланған технар  мамандары,2,7 мың экономисттер,1,7 мың педагогикалық мамандар бой көрсетуде. Бұлайжалғаса берсе, болашақты сеніп тапсырмақ болған жастарымыз, жат елдік болып,зар қақсаған туған жеріміздің емес, өзге елдің тізгінін ұстап кете барады. Елімдеген ері жоқ мемлекеттің болашағы бұлыңғыр.

«Қазіргі жастардыңсанасы жоқ, аузында Алласы жоқ, басында панасы жоқ» деп қарғап-сілеп отырғаншығарсыз.Таяқтың екі ұшы болатыны секілді бұл үрдісті тек қана жастардың арынаысырып қоюға келмейді. «Заманың түлкі болса, тазы боп шап» дегендей ғасырдыңменталитеті, заңы, пікірі өзгергеннен мұның бәрі. Айтса да, өсем деген баланыңөзегінен тепкен мемлекет те, ата-ана да, жемқор шенеунік те, эгоизм жайлағанзаман да кінәлі бұл мәселенің туындауына.

Шет мемлекетте жарқынболашақ, жақсы жағдай, жалақысы жеткілікті жұмыс орны күтіп тұрғанда, қайбіржастың болмасын мұхит асып кеткісі келері анық. Алайда, олардың ұсынары текматериалдық жағдай десеңіз шатасасыз. Арманына қанат бітіріп, құстайұшқан  жастардың басты көздегені – ертеңіне деген сенімділік.Сенімділігімен мақсаттары ұштасқанда жастардың бағындырмайтын белесі, аспайтын шыңыболмас, сірә.   Осы ертеңгі күніне сенімділік деген факторға өзелімізде қол жеткізу қиындап келеді. Басқа жұмысын түріп қойып, білімге үлесқоспақ болған ғалымдарымыздың өзі бірде көл, бірде шөл болған жалақыларына асақатты арқа сүйей алмайды да, екі көзі төрт болып отырады.Осы тұрғыдан қарағандағылым мен білімге жағдай жасалған, академиялық тәуелсіздігі бар АҚШ,Жапония,Ұлыбритания және Еуропа мемлекеттеріне қоныс аудару данышпандар үшінтаптырмас мүмкіндік. Дипломын құшақтап, есіктерді қағып шаршап, сандыққа салыпқойып, сенделіп жүрген жастарымыз күннен күнге толастамаса, кемімек емес.Осындай көрініске қарық болған келесі буын, әлбетте, жеңіске жетудің басқажолын қарастыра бастайды. Дәл осы сәтте аренаға шет елдік жоғары оқу орындарышығады. Ресей, Қытай сияқты көршілес мемлекеттіріміздің өзі жалындаған жасөрендерімізге алпауыт грант ұсынып отыр. Мысалы Ресейдің өзінде 70 мыңнан астамқазақстандық білім алуда. Бұл факттың өзі отандық жоғарғы оқу орындарыныңмаңдайына басылған таңба емес пе? Оның үстіне шет елдік университеттер оқуорнын тамамдағаннан кейін жұмыспен қамтитын көрінеді. Бұл дипломың керексізболып қалмайды дегенді білдіреді.

Жоғарыда атапкөрсеткен  мәселе жастардың туып өскен ұясынан алшақ кетуінің жалғызсебебі емес. Жалпы, адам жылы орнынан қозғалар болса, жақсырақ, ыңғайлырақ орыніздеп қозғалмайды емес  пе? Демек, біздің жастар үшін Қазақстандағы өміржайсыз, ыңғайсыз. Қандай теңеу қолдансаңыз да, өзіңіз біліңіз, алайда, бұл — адами фактор. «Еліміз жастарға несімен ұнамай қалды?» деген ой келедікөкейімізге. Есіңізге сала өтейін, жақсы өмір тек қана материалдық құндылықпенөлшенбейді, моральдық құндылықтардың да елеулі орны бар.Біздің жағдайдаазаматтардың құқықтарының қорғалуы, өздерін қауіпсіздікте сезіне отырып, шексізмүмкіндіктер мен жетістіктердің бар екенін сезіну. Өкінішке орай, бірінші де,екінші де мысалда келтіріп кеткен сезімдерді сезіну өте қиын. «Ауып ішер сүтіжоқ, ақша деген мал шықты» деген екен Шортанбай атамыз. Мәселе басы тағы да осыресурсқа келіп тірелді. Мына қоғамда көп адамның материалдық құндылығыадамгершілігінен артық тұрып, «сатылмалы» затқа айналып бара жатыр. Елім депжүгіріп жүріп, бір көкеміздің көзіне түстің бе, ертесіне сенен қауіптіқылмыскер болмауы мүмкін. Атымыз ғана демократия болғанымен, әлі күнге халық«мен бармын» деп, пікірін білдіруге жасқанады. Ең арысы, осының бәрін көріп те,біліп те отырған бізге, жастарға, патриотизм жайлы сайратып, мемлектіміздімақтатудан шаршамайды. Өкініштісі, жүрегіңмен сүйіп, шын көңілменмақтайтындай  етіп, мемлекет құрудың орнына, қинап көлгірсіткені біздімемлектті сүюге емес, бірте-бірте ішіңнен жек көріп, көз алдымызда еліміздіңбеделін түсіруге итермелейтінін байқайтын жан жоқ. Дұрыс түсінбей қалмаңыз, бізпатриоттықты емес, жалған патриоттықты, көлгірсуді ұнатпаймыз, көлгірсіткенжағдайларды ұнатпаймыз. Еліміздің басты арналарында «керемет политиканың»иллюзиясын құрғанымен көзі ашық, көкрегі ояу жаңа ұрпақты алдай алуы екіталай.Жемқорлықтың арқасында діттеген орынға еңбектеніп, адал термен жетсең де«көкесі» барлар жететінін бірте-бірте түсінген жастардың бақытын басқа елдесынауға мәжбүр. Әлеуметтік желіден көріп, біліп отырғанымыздай бейбіт шерулердемемлекет мәселені шешудің орнына, « халықты қорғайтын» азаматтарымыздыңкүшін  халқымызды таратуға жұмсағаны көкейіңді тесіп, қанжылтады, көзіңежас келеді. «Жиіркенішті ортадан» қашқың келеді. «Ауруын жасырған өледі»дегендей «Құр мақтанға салынып, бекер көкірек кергенше» түйткілді мәселелердіжасырып, баспаса, ел болып жұмыла шешер ме едік, бәлкім. Мемлекет халықтыңжағында болса, Сингапурдай тез дамитын ба едік? Сондықтан да, мемлекет үшінадамның құндылықтары, өз құндылықтарынан артық болса, адам да өз мақсаттарынанмемлекетті жоғары қойып, елі үшін жұмыс істейтін еді.

Дегенмен, барлық ауырлықты билік пен мемлекетке итеріп қойып, жайлануға болмайды.Жастрадың шет елге қашуының себебі өздерінің ақыл-ой, санасында, ата-анасынансіңірген тірбиесінде де жатыр. Ерте заман мен қазіргі заманды салыстыруғакелмейді десеңіз де, заман адамды емес адам заманды өзгертеді. Дулығалыата-бабаларымыз ел – жұрты үшін жанын садаға етіп, еліне еңбегін сіңірген,алайда, ештеңе күтпеген. Өздері қорғап, өздері өркендеген. Бүгінгі уақыттаауырдың үстімен жеңілдің астымен жүріп үйренген адамдар мемлекеттен үй, жұмыс,білім талап ете отырып, өздерінің азаматтық борышын өтеуден бас тартады. Атақтыпсихолог Дейл Карнегидің айтуынша адамдар өздерінің қателіктерін байқамаса да,өзгелерден кемшілікті тез байқайды. Міне, тура солай қазіргі жастар өз елінөркендетуге асығып, еңбек сіңірудің, ар-намысын қорғап, борышын өтеудің орнына,қайырымсыз перзент сықылды шетелге қашуда. Біздің елімізде бәрімізге белгілі«Болашақ» бағдарламасы жұмыс істейді. Бағдарлама бойынша мемлекет жастардыңоқуын төлеп, шет елге білім алуға жібереді. Бүгінгі күнге дейін бағдарлама 15мың дай студентке елде білім алуға мүмкіндік сыйлаған. Алайда, жастардыңбарлығы қайтып келе бермейді. Келегендер арасынан жұмыссыз жүргендері де жоқемес. Олар мемлекетке еңбек сіңіруде ме? Әлде межелі 5 жылдық келісімшартуақыты тамамдалғанда қол бұлғап кете барады ма? Мұның бәрі кішкентай кезіненбойына сіңірілген тәрбиенің кері әсері  екені хақ. Көптеген ата-ана баласыныңаузына дәмді-тәттісін тосып, «Сен аман бол, балам!», «Басқаларының басына некүн туса да, жақындама, өз басыңды ойла!» дегенмен өсіруде. Ертең ол  баласәл өскесін, көшедегі әже талып жатса да көмектеспейді. Ер жеткесін, халықтытопан су басса да, жаны ашымайды, қара басын ойлап кете барады. Ертең, міне,сол балалар ата-анасын қарттар үйіне апарып тастайды. Өз баласына «Бай бол!»,«Әкім бол!» дегендер көп болғанымен «Батыр бол, еліңе пайдаңды тигіз»дегендерді саусақпен санап аласың. Осыны көріп өскен бала артына қайырылып,қалай ғана «Жұртым!» десін. Елім дегендерін жағдай мәжбүрлесе, өз қамы үшінжүрген арамтамақ жастардың да бар екені ащы шындық.

Сөз басында«Өзектен тепкені» жөнінде сөз бастап едім. Жалпы, жастар деп 15-29 жасаралығындағы адамдарды айтқанымызбен «Бала өспей ме, көкейіңді теспей ме?!»дегендей шетелге кеткен бүлдіршіндердің де жағдайы бізді толғандыруы қажет.Статистика адам шошытарлық. Шетелдіктердің жетегінде кете барған асырандыбалалар саны 8806 бала, 6 мың АҚШ –та, 755-і Испания-да, 426-сы Белгияда.Барлығы 30 елге жәудіркөздерімізді таратып жіберіппіз(мәлімет yvision сайтынаналынды). Баласын жатқа кетпесін деп, «Жетімін жылатпаған, жесірін ұзатпаған» елемес пе едік, қай жерден қата бастық? Адам саны аз Қазақстан үшін әрбір жан қымбатемес пе? Конститутциямызда жазылғандай «Мемлекеттің ең қымбат қазынасы — адамжәне адамның өмірі» (1 бап) болған жағдайда кішкентай болшағымызды өзқолымызбен өзге елге асырып жібергеніміз үлкен қателік. Олардың тағдыры, тұрмыстіршілігі, жағдайы мемлекет қарауынан тыс қалмауға тиіс. Айтса дағы, мұхит асыпкеткен барлық бүлдіршіндерді қарауда ұстауға қауқарымыз жете ме? Осы мезеттеайтылуы керек тағы бір мәселе, өз отандастарымыздың бала асырап алулары үлкендастан. Керек құжаттарды жинастыру үшін өте көп уақыт кетеді, кейде тіптімүмкін емес болып жатады. Сондықтан, шетелдік өгей  ата-аналарғақарағанда, өз еліміздегі бала иісін аңсаған жандарға бұл мәселені жеңілдетсе,нұр үстіне нұр болар еді.

Жоғарыдағымәселерді қарастыра келіп, бұл мәселені мейлінше тезірек шешпесе, болашақтаөршеленіп кетуі мүмкін екенін байқаймыз. Сондықтан, тиімділігі болуы мүмкіншешім жолдарын үсына кетейін: «Баланы ұлша тәрбиелесең – ұл, құлша тәрбиелесең– құл болмақшы» Ахмет Байтұрсынов айтқандай, ең алдымен бесігімізді түзеуімізкерек. Бала бір бейне ақ парақ тірізді деген мысалды естіген шығарсыз. Нежазсаң, соны сіңіріп өсе береді. Балаға жақсы тәрбие беруіңіз үшін алдыменсіздің де жақсы болу қажеттіггіңізді тағы ұмытпаңыз. Бес күндік сынақ өмірде,қатыгез болып, қайырымсыз болып, өз бақытың үшін өзгеге қиянат жасап не керек?Осыны бойына құя өскен бала жаман болмасына сенімдімін.

Келесі бірмәселенің түйіні жемқорлық болатын. Сонымен ұлт болып, мемлекет болып, әлемболып күрессек түбін жояр едік. Бірақ, осыны біле тұра, осыған нали тұра, қимылжасамайтынымыз көп арамызда. Полиция қызметкерлері парақор дейміз. Оларға кімпара беретінін ойламаймыз. Жемқорлыққа үйреткен өзіміз, зардабын да өзімізшегудеміз, шеге тұра, жауапкершелікті біреудің мойнына ілгіміз келеді. Есіңіздеболсын, «кім кінәліні» іздей беретін болсақ, бұл мәселе шешілмейді. Мейлі,жалғыз болсаңыз да, бұл аты жаман бәлемен күресіңіз. Әрбір адам өзінен бастаса,уақыт өте келе шешімін табар бұл мәселе де.

Мемлекеттікұстанымымызды өзгертуіміз қажет.  Халықпенсанаса отырып, халықтың мұң мұхтажына көңіл бөле отырып қана билік халыққолдауына ие болады. Политикаға келгенде, жастарды «жас» демей, пікіріменсанасуы, араластыруы қажет. Мемлекет палатасындағы пенсионерлерді демалысқажіберіп, жас буын өкілдерін отырғызуы қажет. Сонда ғана мемлекет жастары өзінеартылған салмақ пен жүкті түсіне бастайды, қызығушылығы арта бастайды. Оныңүстіне биліктегі қарттар орны босаған кезде, жоғарыға тәжірибелі, интузиазмды,мүлде жаңа әдістермен қамтамасыз етілген политиктер келетін болады.

Елімізге шетелуниверситеттерінің филиалдарын ашу қажет. Мақсатымыз жастарды оқытпау емес,білім алуды жастарға да, мемлекетке де пайдалы, әрі қолжетімді етуіміз керек.

Жоғары оқуорындарын аяқтаған бітірушілерді университитеттен кейін жұмыспен қамту қажет.Ондай жастардың айлықтары жоғары болса, кез келген адам өз мамандығымен жұмысістеуге асық болады. Сонымен қоса, ғылым мен білімнің дамуына жағдай жасап,белгілі тұрғыдағы академиялық тәуелсіздік беру қажет. Ғалымдарға керегі де осы.

Мектеп қабырғасынанбастап, оқушыларға тіл еркіндігін берген абзал. Яғни оқушылар өз ойын ауызшағана емес, жазбаша да жеткізуге қорықпауы керек. Оқушы аузынан кері сөз шықса,зекіп аузын жаппай, оның ойының неге бұлай қалыптасқанын біліп, пікірін шыныменде өзгертуге ұмтылу қажет. Және балалардың да шын мен өтірікті сезе алатынынұмытпағанымыз жөн.

Қорытындылайкелсем,  жастардың өз елінен жыраққа кетуіне әрқайсысымыздың үлесіміз бар.Мәселе мемлекет болашағына келіп тірелген кезде жасымыз да, кәріміз бей-жайқарауымыз ақылға қонымсыз болар. Кінәлап, бір бірімізді алалағанша жұмылаотырып, ел мәселесін толғанып, шешуге ұмтылуымыз — біздің ең бірінші азаматтық,одан кейін адами борышымыз. Жас ұрпаққа құлаққағыс: «қорқақ қояндай»проблемадан қашу бәрінің қолынан келеді, ал оны шешіп, болдырмастай ету, қасқаяқарсы тұру тек нағыз азаматтың жұмысы. Сөз соңында, Назым Хикметтің атақтыфразасы: Мен жанбасам лапылдап, сен жанбасаң лапылдап, біз жанбасақ лапылдап,аспан қалай ашылмақ?

Автор: ШынарайСагидуллаева

Фото: ia-centr.ru

Тегтер: