Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:04, 26 Шілде 2022

Жастарға арналған Хартия қабылданды

None
None

Жастар саясаты, еріктілер құрамы – жалпы өмірдің кез келген салалары туралы түсінік беретін қызмет аясы болып табылады.

Өйткені қазір қоғамда көптеген мұқтаж жандар мен қоғамдық мәселелер де жастар белсенділік танытып жатады.

Сол себепті, жастар саясатына, еріктілерге Мемлекет басшысы айрықша көңіл бөліп, жастардың қоғамға белсене араласуына назар аударып отыр.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқевтың бастамасына сәйкес, енді елімізде жастардың пікірсайыс қозғалысын дамыту Хартиясы қабылданды. Пікірсайыс әсіресе, мектеп оқушылары арасындағыпікірсайыс қозғалысы болмақ. Ал Хартияның негізгі мақсаты мемлекеттік институттар мен азаматтық қоғам өкілдерінің  пікірсайыс қоғамдастығының мәселелерін шешу бойынша күш-жігерлерін біріктіріп, мектептердегі оқу процесіне сәйкес, озық пікірсайыс технологияларын енгізуге бағытталған.

Хртия қабылданбас бұрын алдымен, Ұлттық пікірсайыс федерациясы, «Елбасы Академиясы» бастамашы болып, «Жастар рухы», Қазақстан жастар Конгресі мен Қазақстанның әр өңіріндегі бұрыннан келе жатқан ірі пікірсайыс клубтары, «Жеті жарғы» КҚ, «Алтын сапа» ПК, «Ритоор» ПК секілді жастар бірлестіктері мен ұйымдары бірауыздан қолдап, қабылдады.

Елбасы Академиясының басқарушы директоры Мұрат Жұманбайдың пікірінше, пікірсайыс қозғалысын дамыту мемлекетке көмек болып саналады. Және ол «Пікірсайыс осы уақытқа дейін білім беру технологиясы ретінде өзінің тиімділігін дәлелдеді. Сондай-ақ пікірсайыс қозғалысының түлектері өз елінің зияткерлік истеблишментін құрап,  өз салаларында күн тәртібін белгілей алады. Мұндай үрдіс Қазақстанда бұрында қалыптасқан Және қазіргі таңда қоғамға қызмет етіп жүрген  көптеген танымал журналистер, қоғам қайраткерлері мен мемлекеттік қызметшілер пікірсайыс қозғалысының түлектері. Ол себепті, пікірсайыс клубын тоқтатып қоймай, одан әрі дамытуға жұмысла жұмыс істеуіміз қажет» дейді.

«Жеті Жарғы» КҚ Төрағасы Абылай Құрметұлының пікірсайыс клубтары бұрындары белсенді қызмет еткенімен, қазір тым әлсіреп кеткендігін айтады. Оның айтуынша, «Негізі пікірсайыстар Қазақстанда білім беру бағдарламасы бойынша өткен ғасырдың 90-жылдарының ортасынан бастап енгізіле бастаған. Әрі халықаралық қоғамдық ұйымдардың қолдауымен еліміздің барлық өңірінде пікірсайыс қозғалысы дамып, арнайы үйлестіріп отыратын Ұлттық пікірсайыс орталығы жұмыс істей бастады. Бірақ 2000 жылдардың басында бұл ұйымдардың барлығы да өз қызметін тоқтатқан еді.Соның салдарынан мектеп лигасы орталық үйлестіруден айырылып, қалған мұғалімдер мен студент жаттықтырушыларға сүйене отырып, инертті және жүйесіз дамыды. Сол себепті, бүгінгі күні пікірсайыс қозғалысы жаппай сипатынан айырылып, ойын мен төрешіліктің біркелкі стандарттары жоғала бастаған болатын. Оның үстіне, судьялардың құзыреттілігі де төмендеп, тіпті қатысушылар пікірсайыс раундтарына і дайындықсыз келетін болды» дейді.

Сондай-ақ жастар арасындағы пікірсайыс қозғалысының дамуы мен басқа да көптеген мәселелерді Хартия бастамашылары аймақтардағы пікірсайыс қауымдастықтарымен кездесу барысында анықтады.

Сол үрдіс бойынша қазіргі кезеңде мемлекет елдегі пікірсайыс қозғалысын дамыту бойынша белсенді жұмыстарын бастап кетті. Бірақ пікірсайыс қозғалысының дамуында елдегі жастар ұйымдары мен жоғары оқу орындарындағы пікірсайыс клубтарының да белсене араласып, жұмыс жасауы маңызды саналады. 

Тегтер: