Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:01, 12 Наурыз 2023

Жастарға қолдау көрсету - AMANAT” партиясының бір міндеті

None
None

Бәйдібек ауданына арнайы іссапармен келген «AMANAT” партиясының республикалық сайлауалды штабының мүшелері Мақсат Толықбай, Нұрсұлтан Байтілесов және облыстық штаб өкілдері Қалыйма Жантөреева, Шырынбек Оңғаров пен Ерлан Әбдиев Шаян ауылындағы орталық стадионда ауданының белсенді жастары және спортшылармен кездесті.

Іс-шара барысында сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, штаб өкілдері билік пен халық біріге жұмыс істегенде ғана жоспардың нәтижелі болатынын жеткізді.

— Біз, „AMANAT” партиясының сенімді өкілдері бұл жерге қыдырып емес, сіздердің ұсыныс-пікірлеріңізді, мұң-мұқтаждарыңызды тыңдауға келдік. Ел қолдап, сайыста жеңіске жетсек, сол мәселелерді шешуге бар күшімізді саламыз. Біз алдағы 5 жылда сайлауалды бағдарламаға сәйкес, аудандағы апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін шешуді, жаңа спорт кешендерін салу және жастарды жұмыспен қамту шараларын жандандыруды қолға аламыз, — деді кездесуде Қалыйма Жантөреқызы.

Содан соң, штаб өкілдері арнайы ауыл тұрғындары үшін қолға алынған,  2,5 пайызбен несие алуға мүмкіндік беретін “Ауыл аманаты» жобасын таныстырды.

Сонымен бірге, облыстық партия филиалынан Парламент Мәжілісіне кандидат атанған Шырынбек Оңғаров «AMANAT” партиясының негізгі мақсаты — мемлекет қолға алған барша істердің жүзеге асырылуына ықпал ету екенін түсіндірді.

Кездесу барысында тұрғындар көкейдегі сұрақтарын қойып, ой-пікірлерін ортаға салды. Тиісінше, штаб мүшелері жастар мен спортшыларды қолдау жұмыстары қарқынды түрде жүргізіле беретінін мәлімдеп, өзекті мәселелердің назарға алынатынын айтты. Сондай-ақ, 19 наурызда азаматтарды белсенділік танытып, дұрыс таңдау жасауға шақырды.  Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған „AMANAT“ партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Дайындаған: „AMANAT“ партиясының баспасөз қызметі

Тапсырыс беруші: М.Ж. Оспанов

“AMANAT” партиясының сайлау қоры қаражаты есебінен төленді.

Тегтер: