Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:13, 07 Мамыр 2020

Жастықтың лебі есетін

Жастар жүрген жер қашандақызыққа толы болары белгілі ғой. ХХ ғасырдың 80-90 жылдарында өзім қызмет еткен«Лениншил жас» газетіндегі кездерді қалай ұмытайын.

Ол кезде басылым аптасынабес рет, 300 мыңнан астам таралыммен еліміздің түкпір-түкпіріне кешікпей жететін. Сондай қызу еңбегі қайнаған, «сен тұр,мен атайын» дейтін орта буын ағалар мен жастардың ортасына, дипломымды қолымаалғаннан кейін, қойдым да кеттім. Ол кезде бас редактор белгілі жазушыСейдахмет Бердіқұлов еді. Мен жолым болғыш адаммын-ау, сірә. «Лениншілжасқа»  корректорлық қызметке бірден қабылдандым.Өте биязы, мінезі салмақты, өзгеге қайдам, маған түрі  сұсты көрінген бас редактор: «Ал, қарағым, сәттіліктілеймін», – деп, өтінішіме қолын қойып берді.

Ұзын дәлізді бойлап жүріпкелемін, бір кабинеттен бір кабинетке қолдарына бір жапырақ қағазды ұстағанағайлар мен тәтейлер кіріп-шығып жүр. Маған бәрі қызық көрінді. Есіктіңсыртында «Жауапты хатшы Ерғали Сағат» деген жазуы бар кабинетке қайта келдім.Ол кісі: «Ертең сағат 10-нан қалмай жұмысқа келесің, сосын аға корректорғатабыстаймын», – деп шығарып салды. Қуанышымда шек жоқ, мектеп кезінен  сүйіп оқитын басылымым болғандықтан жәнекейбір қызметкерлерін аздап білетінім бар дегендей, ақыры ұжыммен тез араласыпкеттім. Сонымен, алғашқы жұмыс күнім де басталды. Өзім қатарлы жастар баршылықекен. Тез тіл табыстық. Бір ай сынақ та зымырап өте шықты. Сынақ кезінде мағангазеттің бірінші бетінен басқасын сеніп тапсырды. Міндетім – газеттің өзіметиесілі бетін қатеден арылтып, кезекші редактордың ескертуін бұлжытпай орындау.Кейде газеттің қатталуы кешігіп басталады екен. Мен оны сол газетте істепжүргенде ғана білдім.

Бір күні қызық болды.  Сынақтан өтіп, өте жауапкершілікті талапететін бірінші бетті оқитын күн келді. Бетті қатеден тазартып, редакторлардыңескертуін салып, тап-таза бетті енді баспаханаға өткіземіз деп отырғандакабинеттегі сары телефон шар ете қалды. Тұтқаны көтерген Баян Тәңірбергенова аржақтағы жауапты хатшыны тыңдап болып, «жарайды, айтайын» деп, тұтқаны орнына қойыпжатып маған бұрылды: «Алтынай, бетің бұзылады, бізде ондай-ондай болып тұрады.Сен ренжіме».  Менің зәрем ұшып кетті.Ішімнен «құдай сақтасын, не үшін?» деп ойлап үлгергенім сол еді, аға корректор:«Мынаған қараңдар, түрі  бұзылып кеттіғой, одан да шыныңды айт, не бүлдірдің?», – деді салқындау.

     «Ештеңе бүлдірмеген сияқты едім ғой» дегеной санамды шарлап кетті. Түрім қорқынышты болып кетсе керек, Баян: «Неге қорқыпкеттің? Сенің бетің емес, газеттің беті бұзылады», – деді жан-жағында отырғандарғақарап мәз болып. Кабинеттегілер көздерінен жас аққанша күліп алды.  Әлі түкке түсінбей, көзім атыздай болып мен тұрмын. «Бетім неге бұзылады?»деп сұрауға шама жоқ. Сәлден кейін қыран-топан күлкі саябырсығанда барып:  «Неге бет бұзылады?» – дедім әлі де түккетүсінбей. Өйткені жұмысқа тұрғалы бет бұзылады дегенді естімеген едім. «Енді неістеймін?» дедім. «Не істеуші едің, бетте тұрған таза, оқылған мақаланы алыптастайды. Орнына орталықтан ресми мақала түседі. Соны қайта оқып, қатедентазартасың» деді әріптестерім. Мақала да түсті, бет те қатеден тазартылды.Газет те оқырмандарына жол тартты.

    Ал редакциядағықызықтар жалғасып жатты. Жастар газеті сонысымен де тамаша еді. Сол күндердісағынасың. Амал қанша, ол күндер енді оралмайды. Аға буынның жолын қуған, ісінжалғастырған жастардың арқасында «Жас Алаш» әлі күнге жұрттың көз алдында.Ғасыр жасаған ғажайып газеттің болашағы нұрлы болғай!

АлтынайЖОЛДЫБЕКОВА,

 «Жас Алаш» газетінің байырғы қызметкері

Тегтер: