Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:14, 17 Сәуір 2020

Жастықтың жанартауы

«Жас  Алаштың» – 100 жылдығы қарсаңында ақын,  Мемлекеттік  сыйлықтың  лауреаты, Қазақстанның  еңбек  сіңірген  қайраткері Өтеген  ОРАЛБАЙҰЛЫНЫҢ көңілге түйгендері.

 

Тұсауын кескенде  «Жас  қайрат» болып жолын бастаған, кеңестік кезеңде «Лениншіл жас» атанған,  Желтоқсан жаңғырығынан кейін  «Жас Алаш» атын иеленген  қайраткер басылымның  қабырғасында  жүрген жарқын күндер мен жалаулы жылдар туралысыр мен сымбат

Өткен ғасырдың 70-шіжылдарының ортасы. Алаш баласына армандай болған, өмір университетінің өркендімектебі атанған «Лениншіл жас» газетіне қызметке тұру  екінің бірін, егіздің сыңарын шынайы бақытқабөлейтін шақ еді. 1974 жылы ҚазГУ-ды бітіріп, екі жыл Маңғыстау облысыныңТелестудиясы мен облыстық «Коммунистік жол» газетінде тілшілік қызмет атқардым.1976 жылғы маусым айында сол кездегі «Лениншіл жас» газеті редакторыныңорынбасары, қазақтың қайраткер перзенті, пассионар  азамат Сағат Әшімбаев  іс-сапармен Маңғыстауға келді. Басылымұжымымен болған кездесуде мені көрген бойда: «Сен мұнда қайдан жүрсің, облыстық газет ақынды жеп қояды, қарайып қаласың,Алматыға, әдеби ортаға кел, жастар басылымында жұмыс жасауың керек, еңбекдемалысын алған бойда маған тарт, қолдау көрсетемін» деп бастырмалатып айтыптастады. Шапшаң, шешімді, елгезек жан еді. Сағат аға бесінші курста оқыпжүргенде мен бірінші курсқа келіп түскенмін, әдеби кештерде, кездесулерде  оның алдында өлең оқыған, кездесіп сөйлескен,ақылын тыңдаған кездерім аз емес болған-ды.Өзім де Алматыны сағынып, елеңдепжүргенмін. Еңбек демалысын ала сала Алматыға тарттым. Сәкең қуана қарсы алды.Газетке жұмысқа тұру конкурс негізінде болады екен, құдды абитуриент секілдіболып сынға түстік.  Сонымен бос тұрғанбір тілшілік орынға алты адам бақ сынайтын болдық. Жазған-сызғандарымызды үшкүн бойы оқыған комиссия мүшелері дауыс беру арқылы осы алтаудан екі адамдытаңдап алды. Екінің бірі болып қатарға қосылдым. Бұл 1976 жылдың қыркүйек айыболатын. Осылайша Алматыға, әдеби ортаға оралдым.

Әрине жастар басылымыныңшаңырағында өткен он төрт жылдың бәрін санамалаудың қажеті болмас, әр кезеңде,әрқилы жағдайларда бастан кешкен сәттер, газет араласқан тағдырлар мен болғаноқиғалар арқылы жас ұжымның жарқын жолын айтсам, мұның өзі талай әңгімеге жүкболарлық. «Лениншіл жас» газетінің алғашқы редакторы, жалынды қайраткер ҒаниМұратбаевтан бастап, өзіміз қызмет атқарған жылдардағы сайыпқыран сардарредактор, ұлтжанды азамат, аса танымал спорт журналисі Сейдахмет Бердіқұлов пен белгілі жазушы, академик УалиханҚалижанға дейінгі кезеңнің өзінде жастар басылымы талай қилы заман, қысталаңшақтарды да, жеңісті де жемісті жылдарды да бастан кешті. Қай кезде де, қандайжағдайда да газет рухани майданның ортасында, ар мен намыстың алғы шебінде,ақиқат пен шындықтың жүзінде, әділдік пен туралықтың ізінде болды. Қиналғанкезі болды, қорыққан жоқ, тұйыққа тірелген кезі болды, торыққан жоқ. Біздіңбуын осы мектептен өтті.

Газеттің рухани күшін сезініп,оның басшысы Сейдахмет ағамыздың тәлім-тәрбиесін көріп, арқамызды арға сүйеп, пейіліміздіхалыққа арнап қызмет атқардық. Осы кезеңде газет кеңес одағы бойынша ұлттықреспубликалардың ішінде таралымы жөнінен ең алдыңғы қатарға шықты. Таралымы 300мыңға жеткен ғажайып жаңалықты дүниеге әкелген, сол ұжымда еңбек еткеназаматтардың есімдерін реті келгенде айта кету парызым деп есептеймін. Аттарыалашқа танымал болған қаламгерлер, бөлім меңгерушілері мен әдеби қызметкерлер:Жарылқап Бейсенбаев, Жақыпжан Нұрғожаев, Ерғали Сағатов, Жұмагүл Солтиева, НесіпЖүнісбаев, Жанболат Аупбаев, Балтабай Әбдіғазиев, Қамбар Керейқұлов, ҚұлбекЕргөбеков, Қасым Әзімханов, Қуаныш Жиенбаев, Ертай Айғалиев, НұрлытайҮркімбаева, Баянғали Әлімжанов, Сапарбай Парманқұлов, Гүлзия Пірәлиева, БаянБолатханова, Алма Мұқамбетжанова, Баян Тәңірбергенова, Бағдат Нұрекеева,Оңласын Әмірқұлов, Қали Сәрсенбаев, Бауыржан Омаров, Бейбіт Исабаев, ДүрәліДүйсебаев, Болат Үсенбаев, Әділбек Ыбырайымов, Дос Қапасов, Қыдырбек Рысбеков,Серік Рәсілов, Қонысбек Ботбаев, марқұмдар Шәкизада Құттаяқов, ЕржұманСмайылов, Саттар Сапарбеков,  ҚайратӘлімбеков, Рахымбай Ханалиев, Мұхтар Наушабаев, Гүлзира Молдажаппарова,Алашыбай Есмағамбетовтер  жастаргазетінің тарихында лайықты қолтаңбаларын қалдырды. Жастардың анасындай болғанБүбіхан апам, панасындай  болған Бағдат ағамқандай еді!  Осы топ  сардар сарапшы Сейдахметтің сайыпқырансарбаздары бола білді.  

Бірер мысал келтірсем:  Жарылқап Бейсенбаевтың қазақтың ұлы перзентіШоқан Уәлихановтың  ізімен жүргентарихи-ғылыми сапарнамасы, Несіп Жүнісбаевтың тек қана қазақ ұландарынанқұралған «Намыс» атты футбол командасын құрудағы еңбегі, Жанболат Аупбаевтыңтарихи тұлғалар мен табиғи құбылыстарды зерделеп жазған мақалалар дестесі, НұрлытайҮркімбаеваның Мұқағали Мақатаевтың керемет эссе-күнделігін тауып  жариялауы, міне осылардың бәрі жастаргазетінің даңқына даңқ, атағына атақ қосты. Несіп Жүнісбаевтың бас болуыменқұрылған «Намыс» футбол командасының мен әнұраны сөзін, композитор ӘшірМолдағайынов музыкасын жазып, ол Орталық стадионда дүйім халықтың алдында радиоторабы арқылы орындалғанда  дүркөтерілген жұртымыз бен жүздері қуаныштан алабұртқан балғындардың ғажайыпкелбеттерін әлі көз алдыма келтіремін. Қалғып бара жатқан ұлт намысын қайрағанқымбат шақ еді ол. Осының бәрі жастар газетінде жарқырап жарияланып жатты.Кейін қызметте билігі бар, қолында бишігі бар, бірақ түйсігі тар пенделер ақырыосы «Намыс» командасын таратып жібергенін естігенде, қатаң ауырып,  екі дүниенің арасында  жатқан Сейдахмет ағамыздың соңғы күшін жинап,кеудесін жастықтан жұлып алып: «намысы жоқ қандай сорлы халық едік» деп ақырғаны  өмірі естен шықпайды. Амал нешік, сол дауысәлі стадиондарға жетер емес.

Есте қалған ерекше шуақты сәттердіеске алғанымда, ең алдымен газеттің 10 мыңдық  санының жарық көруін айтар едім. Бұл еліміздіңрухани-қоғамдық өміріндегі жаңа бір жарқын белес болып тарихта қалды. Солкездегі арнаулы нөмірімізді оқырман қуанышпен қарсы алды, киоскілердегі газетбір сағатта сатылып кетіп, талай адам редакцияға келіп, қолдағы таралымды талапәкетті. Бұл бір қуанышты күндер еді. Салтанатты мәжілістер мен арнайы басқосуларда жастар газетінің мәртебесі өсіп, мерейі тасыды. Күллі қазақ жұртымұны өз мерекесіндей қабылдады. Мұның өзі газеттің беделі мен мәртебесінеөлшеусіз үлес қосты әрі басылымның ел алдындағы абыройы мен еңбегін ерекшекөрсетті.

Он мыңдық нөміріміздіңсалтанатты дастарханына 500 адам шақырылып, халқымыздың ұлы тұлғалары,жақсылары мен жайсаңдары бас қосқан тойда алғаш рет асаба болған, ұлтымыздыңұлағатты тұлғаларынан жақсы баға, тілеулес бата алған шағымды  сағынышпен еске аламын. Сейдахмет ағамыздыңсол күнгі бақытты жүзін ұмытқан жоқпын. Ерекше қуанған сәтте «Бір қыз барМаралдыда Қорлығайын» деп шаттана әнге басқаны әлі көз алдымда. Жұбайы Күләтайапа  Баянауыл өңіріндегі  «Маралды» деген жердің  қызы еді, ол да ағамызға қосылып осы әнді шырқайтын.

1980 жылы жазда Тілші хаттарыбөліміне, бір жылдан соң Мәдениет және ғылым бөліміне  меңгеруші болып бекідім. Осы бөлімде жүргенкезеңде ұлтымыздың небір ұлы тұлғалары мен атақты дарындарымен танысып, бірлесежұмыс жасаудың, ақылдасудың, сапарлас, сырлас болудың сәттерін бастан кештім.«Маздақ» деген мәдениет саласы туралы айдардың аясында әншілер Әлібек Дінішев,  Роза Рымбаева, Мәдина Ералиева,  Баян Сағымбаева, Мақпал Жүнісова, МайраИлясова, Сембек Жұмағалиев, сазгер-әнші Жақсыкелді Сейілов, атақты айтысақындары Әселхан Қалыбекова, Қонысбай Әбілев, Әсия Беркенова, Ерік Асқаров,Қатимолла Бердіғалиев, Әзімбек Жанқұлиев, Жадыра Құтжанова, сиқыршы СұлтанғалиШүкіров, Қажымұқан рөлін сомдаған Әлеухан Бекболатов, жыршы Алмас Алматов,домбырашылар Айгүл Үлкенбаева, Анар Мұздаханова секілді таланттардың тұсауынкестік.  Ерболат Төлепбай, БексейітТүлкиев бастаған суретшілер өз алдына бір шоғыр.

Әдебиет және өнер бөліміне меңгеруші  болып бекігесін жас ақындарды кеңінен танытумақсатында «Қанат қақты» деген атпен газеттің поэзиялық кітапшасын шығардық.Бұл бірінші беттен басталып, соңғы бетінде қайшымен қиып алғанда 8 беттік жыркітапшасы болатын. Мұны қалың оқырман өте жақсы қарсы алды, келесі нөмірі қашаншығады деп күтіп отыратын болды. Осы кітапшада ең алдымен  талантты ақындар, жыр жүйріктері ҒалымЖайлыбайдың, Шәкизада Әбдікәрімовтың, Нұрлан Мәукенұлының, Серік Томановтың, АманханӘлімовтің, Қайрат Әлімбековтің, Болат Үсенбаевтың, Ғайсағали Сейтақовтың, АртығалиЫбыраевтың, Серік Қалиевтың, Ертай Ашықбаевтың, Шәмшия Жұбатованың, МәдиҚайыңбаевтың, т.б. өлеңдері жарияланды. Бұлар бір күнде елімізге танымал болыпшыға келді, өйткені кітапшаның да таралымы 300 мың болатын.

Жас прозашылар ДидахметӘшімханов, Қуандық Түменбаев, Рахымжан Отарбаев бастатқан топ та осы кезеңдетанымал болды.  Және бір жағдай еске түсіпотыр. Газеттің әдебиет бөліміне жыл сайын орта есеппен 10 мың хат келетін.Әрине оның бәріне жауап берудің өзі оңай емес, қолымыз хат жазудан да босайбермейтін. Әрқайсысына дәлелді сөз, дәйекті пікір керек, арасында арызқойлар дааз емес. Соның бірін айтсам, сол кездегі Гурьев облысынан С.деген әуесқой ақынапта сайын өлең жібереді де жатады.  Нашар, көркемдік талаптарға жауап бермейді.Жауап хатқа және тоқтамайды. Сол Орталық комитетке арыз жазып, «өлеңдерімдіжершілдікпен баспай отыр» деген уәжбен мені кінәлапты. Мен де сол облыстанмын.Редактор шақырып, «Бұл хатқа не деп жауап береміз, ЦК күтіп отыр» деді. Ойланакеле оның өлеңдерін Жұмекен Нәжімеденовке беріп, адал пікірін жазып беруінсұрайтын болдық. Жұм ағама хабарласып, жай-күйін айттым, әуелі уақытым жоқ депқашырғанмен, мән-жайды толық айтқасын келісті. Сонда С.-ның өлеңдерін оқығанұлы ақын «егер осы С.-дан ақын шығатын болса, мен екі қолымды тас төбеме қойып,айдалаға безіп кетуге дайынмын» деп бір ғана сөйлем жазыпты. Әлгі әуесқойға осыжауапты жіберіп, көзіміз ашылды.

Бұдан 35 жыл бұрын, егертабандап санасақ, одан да бұрынырақ болар, «Ақшам» деген сөз әуелі «Лениншілжас» газетінде пайда болды. Жастар басылымы сенбі күнгі санына барынша мәнберіп, оның оқылуына қатты назар аударатын. Қашанда қиядағы идеяны қағыптүсетін, алам деген асуын алып түсетін, алдыма қара салмаймын деп жанып түсетінредакторымыз Сейдахмет Бердіқұлов бір күні біздерді – бөліммеңгерушілерін,  жинап алып, «Ақшам»деген сөзге қалай қарайсыңдар деп ортаға ой тастады.

«Газеттің сенбі күнгі саныныңсоңғы бетін, яғни төртінші бетінің «бас киімін» (бет тақырыбын) «Ақшам» депберелік. Онда тек оқылатын материалдар болсын, безендірілуі де басқашаболуы керек. Әрине, «Үлкен үй» бұл сөзге үрке қарауы мүмкін,сондықтан айлаға бағып, ақшам сөзін екі буынға бөліп берелік. Және қырағыкөздерді адастыру үшін «Ақ»сөзі мен «Шам» сөзінің арасынбөліп, шамның клишесін салып берсек, артық сөзден дәлелмен құтылуға болады» депөз ойын нақтылады.  Бұл сөзді тірілтіп,одан әрі қаузаған бөлім меңгерушілері өз пікірлерін білдірді. «Ақшамның» алғашқы санын шығаруды  Сейдағаң маған, жауапты хатшы Ерғали Сағатовпен жүйрік журналист СапарбайПарманқұловқа жүктеді. Алғашқы макетін Сапарбай  сызды. Мен онда Әдебиетжәне өнер бөлімінің  меңгерушісі едім, «Ақшам» бетіне біздің бөліммен Тілші хаттары бөлімі тұрақты түрде жауапты болып тағайындалды. Әдебиқызметкерім, талантты ақын  Қайрат Әлімбек үшеуіміз белсене кірістік.Осылайша бір күні «Ақ» — «Шам» деген сөз «Лениншіл жас» газетінің төртіншібетінде жарқ етіп шығып, мыңдаған оқырмандардыңқуана қостаған көзайымына айналыпжүре берді.

Жаңа газеттің атауын белгілеу кезінде «Үлкен үйде»болған үркулерде сардар ағамыз Сейдахметтің айтқаны келіп, діни астаріздегендер жарқырап жанып тұрған шамға «Неге жанып тұр?» деп кінә қоя алмапты. Сөйтіп, «Ақшам» сөзі жадымыздан жырақтап, жанымыздан алыстапбара жатқанда, ғажайып сөзді қайта тірілткен Сейдахмет Бердіқұлов бастаған«Лениншіл жас» газетінің ұжымы нәтижесінде төрімізден орын алып, тұғырынбекітіп еді. Бүгінгі  «Алматы ақшамы» газетіне жол әуелі осылайсалынған болатын. «Ақшам» бетін шығаруға белсене араласқан белгілі қаламгер,майталман мәдениеттанушы Қали Сәрсенбай қазір осы басылымды үркердей жайнатып,үкілеп ұстап отыр. Мұндай жарқын мысалдар жастар газетінің өмірінде аз емес.  

Жылдар жалғасып жатты. Газетқалың оқырманның сүйікті басылымы болумен  қатар, ұлттық руханияттың да ұстаханасыатанды. «Лениншіл жас» газетіне қызметке тұру әрбір жас талапкердің арманы менмұраты болды. Ұлт үшін жүзеге асқан талай игіліктің іс-шараның басында жүрдік,Сейдағаң үшін, біз үшін екінші болу намысқа тең еді. Жұртымызға арналып, әрайтулы датаны пайдалана отырып, арнаулы нөмірлер шығару берік дәстүрге енді. Осындайәр нөмір үшін барымызды салатын едік, өйткені басылым басшысы мұның сыртындахалқымыздың тағдыры мен келешегі тұр деп санайтын.

1986жылдың  қыркүйек айының басындажаңалықшыл басшымыз  Сейдағаң мені өзінешақырып, «Сұхбат-телефон» деген жаңа айдар ашу идеясын ортаға салды. Идеяныталқылай келе оны «Лениншіл жас» газеті 50 жасқа толған мүшелтойы қарсаңында«Адамзаттың  Айтматовы» деп  өзі атаған Шыңғыс Айтматовтан бастауды хош көріп,  редактордың құпия  тапсырмасы бойынша дайындықтыбастауға кірістік. Өйткені мұның орайы келетіні, енді бір айдан соң Қазақстандақырғыз әдебиетінің күндері басталатын еді. Ертеңіне Секең шұғыл қайыра шақырды.«Менің Шықаң туралы пікірім сол пікір, өзгермейді. Бірақ аруақ аттағандай болыпотырмын. Түнімен ойландым. Әуелі өзімізден бастайық, өз жұртымыз өкпелеп қалар,қане, кім бар?"» деп  әдетіншешаншыла қарады. Бірнеше ағаларымыздың атын атадым. «Әбекең дұрыс, арыстан жалақын, атағы  да бар, абыройы да аспандаптұр, ендеше Әбекеңнің үйіне тарт, келісімін алып кел» деп шұғыл тапсырма берді.

 Әбекең (Әбділда Тәжібаев –Ө.О.)  жайдары, жақсы қарсы алды. Жазу кабинетіндебұрқыратып өлең жазып отыр екен. Ақын ақ қағазға өлеңді араб әліпбиімен жазатынеді. Қысқа сәлемдесуден соң, «ал, шалдың мына өлеңін тыңдап көрші» депарқаланып жыр оқып кетті. Сара апамыз да Әбекеңнің қуанған түрін көріп, шайдастарханын тездетті. Біраз сырластық. Әдеби процесстер туралы ақжал ақынныңталай өткір де ойлы пікірлерін тыңдап, ғибратты дәріс тыңдағандай болдым.   Ұсынысқа қуана келісті.

Арыстанжалды ақын ағамыз 4 сағат бойы еліміздің барлық өңірінен қоңыраулап жеткенжүздеген сұраққа жалықпай, шаршамай жауап беріп, өзі де шабыттың шалқұйрығынамініп, бір жасап қалды. Әрине біз де алдын-ала қам жасап, кейбір өткірсұрақтарды бөлек дайындап, қоятын адамдарға беріп те қойған едік. Сондай бірсұрақты ақын досым Ибрагим Исаевқа бергенмін. Ол елімізде, соның ішіндеАлматыда қазақ мектептерінің жоққа жуық екенін, қазақ тілінде жалғыз ғанабалабақша бар екенін, іс-қағаздарының бәрі тек қана орыс тіліндедайындалатынын, қазақ тілінің күн санап есіктен де шығуға таяп қалғанын айтып,дабыл көтергендей болды. Осы сұраққа Әбділда ақын қатты қиналып, жасып, жанарынжас буып, күйініп кетті. Айтарын да аямай, абайламай ашық айтып, Үлкен үйгедеген өкпесін жан-жақты жеткізді. Осындай өткір сұрақтарды айтқызып, біз де серпіліпқалдық.

«Қаламменжазылған, қарумен өшпейді» деген атпен газеттің бірінші бетінен басталып,үшінші бетін тұтас алған сол сұхбатымды «Правда» газетінің Қазақстандағытілшісі Төлеужан Есілбаев аталған басылымда «Паутина» деген атпен кейіпкер менавтордың аттарын атамай жазып көрсетіпті. Аттарымыз аталмағандықтан аманқалдық, бірақ соның өзінде үш әріптің тезінен сан рет өтуге тура келді.

 Сол жылы қазан айының аяғында Қырғызстанәдебиеті мен мәдениетінің күндері Алматыда өтті. Біз алдын-ала дайындалып,Шыңғыс Айтматовпен «Сұхбат-телефонның» тосын нұсқасын жасадық. Шыңғыс ағаны жолынан қалдырмай оны Алматыдан Фрунзегедейін шығарып сала отырып, сұхбатты жол үстінде алуға келістік. Сұхбатты менжүргізетін болдым да, суреттерін фототілшіміз Рахымбай Ханалы түсіретін болды. Сол тосын сапар-сұхбат ел жадынан әліөшкен жоқ.

Бұлсұхбатым  1986 жылғы 1 қарашада  «Лениншіл жас» газетінде «Жол мұраты – жету»деген атпен жарияланды. Сұхбат шыққан арнаулы жасыл  нөмірді Сейдағаң Фрунзеге барып, Шыңғысағаның өз қолына табыстап келді.   Оқырман ыстық ықыласпен қабылдады. Редакцияғажүздеген хаттар келді, сан рет телефондар шалынды. Орыс тілді оқырмандардыңсұрауы бойынша бұл сұхбатты белгілі  жазушы  Бақытжан  Момышұлы орысшаға аударып, «Ленинская смена»газетінде жарияланды. Бұл мақала да Желтоқсан дүрбелеңінде суық мекеменіңназарына ілініп, біраз қиындық көруге тура келгені бар. Шыңғыс аға солсапарында екінші жары Мариям апай және кіші ұлы Элдармен келген еді. Қордайасуының үстінде дастархан жайып, үш сағатқа созылған емен-жарқын әңгіме болды.Қордай асуындағы сұхбат екі елдің достығы, ұлттық-рухани байланыстары, тарихи кезеңдердегі қатынастар,кеңестік кезеңдегі күрделі мәселелер, жас буын тәрбиесі, қандай жағдайда  да екі ел арасындағы достық пен бауырмалдық арқауынқолдан шығармау жөнінде болды. Ол кезде алда не күтіп тұрғанын білген жоқпыз.

СССР-діңсоңғы басшысы М.Горбачевтің пәрменімен берілген тоңмойын тапсырмаларҚазақстанды бидайдай қуырған сол кезеңде туған халқын кеудесін оққа  тосып қорғайтын азаматтар да арамызда аз емесболып шықты. Сөзге тірек, айтылғанға дәйек болсын, сол қилы кезеңдеәділетсіздікке  қаймықпай қарсы тұрғанқайраткерлердің ең алғашқы тізімі былай түзілді: 1986 жылғы 20-шы желтоқсандакомсомолдың Орталық комитетінің  кеңейтілген бюросында қарау шешімге қарсысөйлеген Сейдахмет Бердіқұлов, 23-ші желтоқсанда Ғылым Академиясында өткенталқылауда ұлтын қорғап сөйлеген академик Салық Зиманов, 31-ші желтоқсандаҚазақстан жазушылар одағының мәжіліс залында сөйлеген ақын Жұбан Молдағалиев, қаңтарайында   жазушылар одағында өткеншығармашылық жастармен кездесуде республика комсомолы  бірінші хатшысының теріс пікіріне қарсысөйлеген ақын Бақытжан Қанапиянов, сәуір айында Колбинмен кездесуде өткір сөзінсөйлеген жазушы Сафуан Шәймерденов,  бұлардыңалдында комсомолдың орталық комитетінің  бюросында «Лениншіл жас» газетініңқоғамдық-саяси   қателіктері туралы қаралған отырыста өзпікірлерін табандап қорғаған, сол үшін сөгіс алған  газеттің редакторы бастаған бөліммеңгерушілері – Несіп Жүнісбаев, Жанболат Аупбаев, Қамбар Керейқұлов  және осы жолдардың авторы еді. Бұлардың бәрібіздің жадымыздан өшпек емес.

Орталықтыңозбыр қаулысынан кейін үдеген ұр да жық жалақорлық пен жаппай жазалаудың  кезінде  Шыңғыс аға Төреқұлұлы айтқан сөзін ақтап,қазақ халқын жақтап, «Правда» газетіне тарихи мақаласын бергеннен кейін ғанаМәскеу майданы саябырлай бастады. Кезінде бұл мақаланың жазылуына дәнекерболған үш азамат – Әбіш Кекілбаев, Қанат Саудабаев,  Нұрлан Оразалин екенінде  айта кеткенді парызым деп санаймын. Желтоқсанкөтерілісінің алдында жастар газетін 16 жыл басқарып, намыс найзағайына  айналдырған Сейдахмет Бердіқұловты «Жалын»баспасына директор етіп ауыстырды. Атап айтарлығы,  жоғары жақтан жасырын дайындалып, қазақтыңтанымал ұл-қыздарын  ұлтшыл деп қорлайтынмақалалар легін Сейдағаң  мұнда отырғандажариялау оңай емес болатын.

Сонымен,Сейдахмет Бердіқұловтың орнына басшы болып 1986 жылғы 22 желтоқсанда «Қазақстанпионері» (қазіргі «Ұлан» газеті) газетінің редакторы Уалихан Қалижан келді. Сейдағаңныңрухани інісі, әрі шәкірті ретінде қалыптасқан Уалихан Қалижан  желтоқсан көтерілісінен кейінгі дүрбелеңде қолданкелген амал-әрекеттің  бәрін салып, ұлтжанына тиетін мақалалардың топан легін аса дарытпады. Қазақтың әйгілі театррежиссері Асқар Тоқпановты ұлтшыл деп жазу жөніндегі құпия да қатаң тапсырманы жақсыныңжанын ауыртпай қалай қиыннан қиялап шыққанымызды талай рет жазды, жақында «ЖасАлашқа» берген сұхбатында оны тағы  байыптап айтып өтіпті.

Уәлекеңменарадағы қызметтік қарым-қатынас солақай саяси шабуылдар кезеңінде өзаратүсіністік, іштей ұғысқандық жағдайында қалыптасты. Бірде тікелей телефонменөзіне шақырды. Кірсем оның алдында орта бойлы, ақ шашты, жүзі ресмилеу, адамғатінте қарайтын бір ақсақал отыр екен. Сәлемдесіп, қарсы алдына отырдым. Уәлекеңалдында жатқан қағазды маған қарай ысырып, «мына жігіт бөлім меңгерушісі,мақалаңызды осыған беремін, қарап  пікірін айтады, сосын арғы жағын ойластырамыз,сіз бара беріңіз, хабарласамыз» деді. Әлгі кісі біздерге шаншыла, шытына  қарап, құлықсыздау  шығып кетті. «Таныдың ба?» деді Уалихан сәлшамырыққан үнмен. Танымадым. «Өзің білетіндей, баяғыда қазаққа домбыра негекерек?» дегендей пікір айтып, ұлттық өнерге тұсау салған, содан бері басынаносы сөз арылмай келе жатқан Нұрымбек Жандилдин деген ағаң осы» деді. Әрине,білемін, кезіндегі Орталық партия комитетінің хатшысы. Мақаласын сол жерде оқыпшықтым, өзін ақтауға талпынған тәсілі екен. Уәлекең орнынан тұрып, сейфін ашып:«Сен біліп жүрсін дедім, бұл мақала осы темір сандықтың түбінде жатқаны жатқан,басылмайды, бір жауабын берерміз» деді сенімді үнмен.

Жастаргазетінің ұзақ жылдардан бері үзілмей, үлгілі үрдіс ретінде атқарып келе жатқанаса абыройлы бір міндеті бар. Ол жыл сайын 22 наурыз күні «Көктем нөмірін»шығару. Біз бұған алдын-ала дайындаламыз, атқару тобы құрылады. Ол әбденталқыланып бекітілген соң ешкімге дабыра қылмай жұмысқа кірісеміз. Бұл ұзақжылдардан бергі қалыптасқан дәстүр болғандықтан қалың оқырман қауым осы күнді,осы нөмірді күтіп отырады. «Лениншіл жас» деген газеттің атауының астына жасылтүспен «Көктем нөмірі» деп жазылады. Тиым салынған Наурыз мейрамы  жастар газетінде осылай жарнамаланып,жұртымыздың жадына ұлы дәстүрді үнемі салып отырды. Орталық комитеттебасылымды  бағып  отырғандар да мұның астарын біліп отырады,бірақ тіктеп, кінәлап шара қолдана алмайды. Өйткені бұл көктем нөмірі, еңбеккөктемі, ел көктемі, жыл басының жарқын күні. Газет қабырғасында мұндайнөмірдің 14-ін шығаруға қатыстым, мұны да өмірімнің сәулелі шақтарының бірі деп есептеймін.

УалиханҚалижан Сейдағаң салған бұл дәстүрді бұзған жоқ, қайта оны дамыта түсті. 1988жылы ол Мәдениет бөлімінің меңгерушісі, бүгінгі белгілі ақын ӘділғазыҚайырбеков пен маған тікелей тапсырма беріп, Наурызды бүкілхалықтық мейрамғаайналдыру үшін ақын Мұхтар Шахановпен «Сұхбат-телефон» жасап, оның жалпыжазбасын Г.Колбинге жеткізу жөнінде жоспар құрылды. Іздегенге – сұрағандегендей, Әділғазы екеуіміздің күткеніміз осы еді, құмбыл кірістік. Осыныңнәтижесінде «Тамырыңды тереңге жібер» деген бір беттік сұхбат дайындалып,жарияланды да, оны Мұхтар ағамыз Колбиннің тікелей өзіне жеткізді. Колбин халықуәжімен келісуге мәжбүр болды. Сұхбатқа халқымыз орасан зор ынтамен қатысты.Осылайша 1988 жылғы көктемде, озбыр саясаттың одағай бұйрығынан кейін, 62 жыл тұтқындаболған Наурыз мейрамы халқымызбен  қайтақауышты. Бұл біздер үшін, жастар газетінің ұжымы үшін, ең бір бақытты сәттер еді.Мұхтар Шаханов өзінің «Желтоқсан эпопеясы» атты деректі романында «Бұл жастаргазетінің керемет идеясы болды, осыны іске асыруға қатысып, сұхбат жасағандар»деп Әділғазы Қайырбеков екеуіміздің аты-жөндерімізді арнайы атап өткен.(М.Шаханов.«Желтоқсан эпопеясы», 646-бет). Қоғамдық пікірдің қозғаушы сәттерін тап басатыносындай жарқын ұмтылыстар жастар газетінің тарихында жетіп жатыр.

Қазіргі«Жас Алаш» сол біздің буынның, біздің алдымыздағы сандаған толқынның заңдыжалғасы, рухани мұрагері, жолдарын жалғастырушы жалаугер. Қазіргі таңда, «Бізбіргеміз» деген жалпыұлттық  ұран  жағдайында,  жаһанды  жалмап бара жатқан жаман індет – планетарлықпандемияға қарсы майданда  «Жас  Алаш» тағы да алдыңғы шепте жүр. Тәуелсіздіктағдырында  оның қапысыз қолтаңбасы барекені және ақиқат. Ел мүддесін көздеген, туған халқының мұңын мұңдап, жоғынжоқтаған ұзан  жолда уақыт сынына төтепберіп келе жатқан «Жас  Алаштың» 100жылдық белесі – Қазақ Халқының талайлы тағдырындағы тарихи кезең.

Жүзге жетсе де Жастық  Жанартауы сөнбейді!

Өтеген ОРАЛБАЙҰЛЫ, 

Мемлекеттік  сыйлықтың  лауреаты, 

Қазақстанның  еңбек  сіңірген  қайраткері 

Тегтер: