Жасыл экологияға қатысты акциялар өткізілді
Қазақстанда «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы бойынша энергия тиімді саясатын жүргізу, жасыл экономика қағидаттарын, экологияны қорғауды және қоршаған ортаны қорғауға қатыстыбіірнеше жұмыстар атқарылып келеді.
Қоршаған орта мен табиғатты қорғауға қатысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алдымен экология, одан кейін өндіріс» деп халыққа үндей жариялай отырып, «Өндірістік әлеуетті күшейту мен экологияны қорғау арасындағы тепе-теңдікті сақтау өте маңызды» екенін айтқан болатын. Президент тапсырмасына сәйкес, елімізде табиғат жанашырлары көбейіп, Павлодар мен Екібастұздың жастары ЭкоСтудент республикалық челленджін бастады. Президент бұл бастамаларды жоғары бағалап, алдағы уақытта да Астана мен Алматы қалаларында «Қоқыссыз таза табиғат» жалпыұлттық акция қолға алынып, қоршаған ортағабейжай қарамайтын жастардың өсіп келе жатқандығы қуантады. Атап айтсақ, жуырда ғана Алматы қаласында «Жасыл Қазақстан» жобасына сәйкес, Республика күніне орай Алматы қаласында экологиялық акция өткізілді. Аталмыш акция «Таза табиғат» деп аталады. Акция бойынша Алматының барлық ауданында қоқыстан тазарту жұмыстары мен ағаш отырғызуға қатысты сенбілік өткізілді.
Сенбілікке еріктіліер мен жастар ұйымының өкілдері өтініш тастап, қаланың тазаруына атсалысты. Ал қатысушылардың барлығына қолғап, күрек, қоқыс жинайтын сөмкелер таратылды. Сенбілікке атсалысып, қатысқан еріктілер мен жастар ұйымының мүшелерінен 2331 адам мен 108 дана арнайы техникалар берілді.
Сенбілік барысында Кіші Алматы өзенінің жағасы мен «Аспан» саябағындағы қоқыстар жиналып, жаңа көшеттер отырғызылды. Ал жалпы аумақ бойынша тоқталсақ, екі жүз жетпіс бір тонна қоқыс пен екі мың төрт жүз алпыс көшет отырғызылған.
Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысында «Табиғатта қоқысқа жол жоқ!» акциясының үшінші кезеңі өткізілді. Сенбілікке орай Тепловский орман шаруашылығының аумағында ағаш отырғызылды. Аталмыш сенбі «Табиғатта қоқысқа жол жоқ!» деп аталып, оғанЭкология департаменті, Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының қызметкерлері, эко-волонтерлар мен «Жасыл ел» мен қоғам белсенділері қатысты. Аталмыш акция алдағы апталардың жексенбі күндері де жалғасын табады.
Облыстардан бөлек, әр ауданның жеке мектептері де қоршаған ортаны таза ұстауға қатысты арнайы акциялар ұйымдастырып келеді. мәселен, «Мирный жалпы орта мектебінің» мектеп парламентінің экология және еңбек комитеті «Біз жасыл планета үшін» акциясын ұйымдастырды. Акция аясында мектеп оқушылары қаланы таза ұстайыұ деген ұранмен плакаттар алып шықты. Осы акци арқылы ата-аалар мен оқушылардың экологиялық санасын қалыптастырып, табиғатқа ұқыптылықпен қарауға, қоршаған ортаның жағдайына қатысты белсенді болуға шақырады.
Елімізде сонымен қатар дүниежүзілік тазалық күніне орай экологиялық акциялар жиі өткізіліп тұрады. Бұл волонтерлік қолдау Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ, жасыл экономиканы қолдау және дамыту коалициясы, «Біз табиғатты қолдаймыз» экологиялық қозғалысы мен Жасыл Қалқан ұйымдары бірлесіп атқарады. Оған еліміздің бірқатар өңірлерінің мектептері мен кітапхана қызметкерлері атсалысып, аумақтарды қоқыс пен жапырақтан тазарту бойынша сенбіліктер өткізіп тұрады.
Ал жоғарыда атап өткен тазалық акциясына қайта тоқталсақ, Түркістан облысында «Бірге Таза Қазақстан» акциясы да өткізіліп тұрады. Сондай-ақ табиғатты қорғауға қатысты Қазақстан бойынша жыл сайын Қазақстанның экологиялық қорының ұйымдастыруымен «Жасыл челлендж»бастамасы еліміздің өңірлерінде өткізіледі. Акцияның бастамасы биыл елордамыз бен Маңғыстау қаласы, Қарақия аудандарында жалғасын тапты. Қарақия ауданының тұрғындары ботаникалық бақтардан сатып алынған көшеттерді отырғызылған болатын. Онда аудан әкімшілігінің, білім басқармасы мен қоғам қайраткерлерінің, экологтар мен ғалымдардың, мектеп мұғалімдері мен оқушылардың қатысуымен атаулары жазылған тақтайшалармен қосып Биік Айлант, Жапон сферасы аталатын көшеттерді отырғызды.
Ағаш отырғызу барысында ақ жаулқты аналар баталарын беріп, ақтан дәм тату рәсімдерін жасады. Бұл қоршаған табиғатымыз ағаштармен толықсын, экологиямыз тазарсын деген ниетпен жасалынған рәсім болатын. Аталмыш акцияны Қазақстан экологиялық қорының президенті Айгүл Абдуалиева ұйымдастырып, өсіп келе жатқан жас ұрпаққа әдемі өнегесін көрсете білді. Акция өскелең ұрпаққа үлкен тәрбиелік мәні бар экологиялық білім беретін, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыратын үлкен мағыналы челлендж. Аталмыш акция Павлодар облысында да жалғасын тапты.
Бұдан бөлек, қоршаған орта мен экологияның дамуына қатысты «Экологиялық акциялар» жүргізіліп тұрады. Акция барысында жуырда ғана, яғни 10 қазанда достық үйінің алдында «Хуторок» украин этномәдени бірлестігі өкілдерінің ұйымдастыруымен «Достық» аллеясы ашылып, «Мирас», «Қурай», «Прирулье» орыс, «Сарман» татар, «Тонг-иль» корей этномәдени өкілдері он екі түп ағаш пен гүлдер егілді. Әрқайсының бірлестік атауларын алдырып, аллеяның ашлуынаа себепші болды.
Сонымен қатар экологияны сақтауға қатысты «Таза Көкжайлау» акциясы да өткізіліп тұрады. Тазалық акциясы Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғипаркінің Медеу филиалы, Көкжайлау штқалында ерекше тазалық акциясы өткізген болатын. Акция барысында тазалықшылар мен еріктілер Көкжайлау шатқалын қоқыстан тазартып, демалушыларға табиғатты аялау, қорғау, ластамау жайлы түсініктеме жұмыстарын жүргізді. тазалық акцияларын өткізген қоғам белсенділері мен еріктілер, қала тұрғындары мен қонақтарына спорттық туристер қауымдастығы, «Бодрячок» клубы, Медеу аудандық Аманат партиясының жанындағы «Жастар рухы» Жастар қанаты, сондай-ақ Алматы қалалық экология департаменті мен ұлттық парк қызметкерлері өз үлестерін қосып, табиғаттың тазалығына айрықша үлестерін қосты.