Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:58, 08 Наурыз 2022

Жасыл экономика 500 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етеді

None
None

Жері табиғи ресурстарға бай Қазақстан үшін экология мәселелеріне мән бермеуге болмайды.

«Жасыл» экономика деген содан туындайды. Бірнеше жыл бұрын Қазақстан әлемнің көптеген елдері сықылды «жасыл» экономикаға көшу тұжырымын қабылдады.«Жасыл» экономика қоғамның қалыпты тіршілігін сақтай отырып, табиғи ресурстарды рационалды пайдалануға, дайын өнімдердің қолданылғаннан кейін өндірістік циклге қайта оралуын қамтамасыз ететін үнемшілік жолдарын қарастыруды міндеттейді.Қазақстанда 2013 жылы президент жарлығымен бекітілген «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдама қоршаған ортаға түсетін жүктеме мен табиғи ресурстардың тозуын барынша азайта отырып, жаңа тұрпаттағы экономикаға көшу мақсатында терең жүйелі жаңартулар үшін негіз қалады. Онда көрсетілгендей, ел алдында тұрған «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі негізгі басым міндеттер мынау:1. Ресурстарды (су, жер, биологиялық және басқа) пайдалану мен оларды басқару тиімділігін арттыру;2. Қолда бар инфрақұрылымды жаңғыртып, жаңаларын салу;3. Қоршаған ортаға қысымды жұмсартудың рентабельдік жолы арқылы халықтың әл-ауқаты мен қоршаған ортаның сапасын арттыру;4. Ұлттық қауіпсіздікті, соның ішінде су қауіпсіздігін арттыру.«Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдама үш кезеңмен іске асырылады делінген. 2013-2020 жж. – осы кезеңде мемлекеттің негізгі басымдығы ресурстарды пайдалануды оңтайландыру және табиғат қорғау қызметінің тиімділігін арттыру, сондай-ақ «жасыл» инфрақұрылымды құру.2020-2030 жж. – қалыптасқан «жасыл» инфрақұрылым базасында суды ұқыпты пайдалануға, жаңартылатын энергетика технологияларын дамытуды көтермелеп, ынталандыруға және оны кеңінен пайдалануға, сондай-ақ құрылыстарды энергия тиімділігінің жоғары стандарттарының базасында салуға бағдарланған ұлттық экономиканы жаңарту басталады; 2030-2050 жж. – ұлттық экономиканың табиғи ресурстардың жаңартылуы мен орнықтылығы қағидаттарында пайдалануды талап ететін «үшінші өнеркәсіптік төңкеріс» деп аталатын қағидаттарға көшуі. Есептер бойынша 2050 жылға қарай «жасыл экономика» шеңберіндегі жаңартулар жалпы ішкі өнімді 3 пайызға қосымша ұлғайтып, 500 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құруға, өнеркәсіп пен қызмет көрсетулердің жаңа салаларын қалыптастыруға, халық үшін сапалы өмір сүру стандарттарын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Тегтер: