Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:05, 17 Ақпан 2023

Жасыл экономика: Жаңартылған энергия көздерінің маңызы зор

None
None

Халықаралық сарапшылардың пайымдауынша, Қазақстан жасыл экономиканы құрумен белсенді айналысуда.

Бұл ретте ресми дерек бойынша, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын электр станциялары өндіретін электр энергиясының үлесі 4,2 ​​пайыздан асты. 2025 жылға қарай бұл көрсеткішті 6 пайызға, 2030 жылға қарай 15 пайызға, баламалы көздерді есепке алғанда 2050 жылға қарай 50 пайызға дейін арттыру жоспарлануда.

Жалпы, мамандардың пайымдауынша, Қазақстанның әртүрлі аймақтарында жаңа электр стансаларын іске қосу арқылы жаңартылатын энергетика секторының өсуіне қол жеткізуге болады. Бұл бағыттағы үлгі боларлық жобалардың бірі – Шығыс Қазақстан облысындағы Тұрғысын су электр стансасы.

Осы саланы зерттеп жүрген гидролог маман Ғазиза Түсіпованың айтуынша, Тұрғысын ГЭС бүгінде еліміздегі ең ірі жеке электр стансасы болып табылады. – Біздің гидроэнергетиканы дамытуға мүдделілігіміз де әлеуетіміз де бар. Біз Шығыс Қазақстан облысының өзендерінде және бүкіл аумақта басқа да ГЭС-терді салғымыз келеді. Қазақстанда жаңғыртылатын энергетиканы дамыту перспективалары өте жоғары, – дейді маман.

Негізінде, Тұрғысын СЭС – өңір үшін сәтті іс. Жоба «Бәйтерек» ұлттық холдингі мен оның еншілес компаниялары атынан мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаудың арқасында сәтті жүзеге асты.

Бұдан бөлек аталмыш холдинг пен оның еншілес компаниялары басқа жасыл жобаларды қолдайды. Қазірдің өзінде құны 188 миллиард теңгеден асатын 12 ірі инвестициялық жоба қолдау алды. Тек 2021 жылы қаржыландырылған жобалар 811 миллион киловатт-сағат электр энергиясын өндірді. 39 млрд теңгеден астам өнім шығарылды, 2021 жылы ашылған жаңа жұмыс орындары – 65, бюджетке төлемдер – 1,5 млрд теңгені құрады. Холдингтің инвестициялық саясатына сәйкес жасыл экономика секторына қаржылық қолдау көрсету басым бағыттардың бірі болып қала береді. Осыған сәйкес мамандар «ұлттық холдингтердің жасыл экономиканы арттыруға қызығушылығы басым болғандықтан, бұл салада таяу болашақта жетістіктерге жете аламыз» деседі.

Тегтер: