Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:07, 23 Тамыз 2022

«Жасыл экономика»: жел энергиясы – тиімді әрі пайдалы

None
None

Жел энергиясы ең серпінді дамып келе жатқан жаңартылатын энергия көздерінің бірі болып табылады.

Жел энергиясының пайдасы мен елдің энергетикалық қауіпсіздігіне қосатын әлеуетті үлесіне байланысты жаңартылатын энергияның бұл түрі кеңінен қолданылуда. Қазақстан аумағында жел ресурстары кең таралған. Оның үстіне, ескірген инфрақұрылым мен ұрлықтан болған шығынға байланысты электр энергиясын алыс қашықтыққа тасымалдау тиімсіз. Сондықтан жел энергиясын пайдалану көмір және газ электр станциялары өндіретін электр энергиясын тасымалдау құнымен салыстырғанда экономикалық тұрғыдан тиімді. Сол себепті экономикалық тұрғыдан алғанда, ұзақ мерзімді перспективада жел әлеуеті жоғары аймақтарда жел электр станцияларын салуды жаңа көмірмен жұмыс істейтін электр станциясының құрылысы мен энергиясын берумен салыстыруға болады.

Әлемдік қауымдастықпен қатар Қазақстан да еліміздегі жаңартылатын энергия секторын дамытуға үлкен көңіл бөлуде. 2030 жылға қарай Қазақстан энергияның үштен бірін жаңартылатын энергия көздерінен өндіретін болады.

Электр энергетикасы саласындағы жаһандық трендтердің ішінде жаңартылатын энергия көздерінің танымалдылығының артуы, ең алдымен, жаһандық климаттың өзгеруіне және СО2 шығарындыларын азайту қажеттілігіне байланысты. Одан басқа – электрохимияның дамуы, жаңа энергия көздерінің дамуы, мысалы, литий-иондық аккумуляторлармен қатар, басқа да заманауи экологиялық таза генераторлар пайда болды, бұл электр көлігінің және басқа инфрақұрылымның жаңа түрлерін іске қосуға мүмкіндік береді.

Дегенмен, жаңартылатын энергияға көшу көптеген мемлекеттер үшін қиын және мәселенің шешімі бола алмайды. Бүгінде әлемде энергетикалық қуаттардың айтарлықтай тапшылығы байқалады. Қазақстанда, мысалы, 2022 жылы жоспарланған 347 МВт-тың 31 пайызы ғана іске қосылады. Мұндай жағдайда көміртегісіз экономикаға көшу және көміртегі бейтараптығына қол жеткізу туралы айту әлі ерте. Оның үстіне, ҚР Энергетика министрлігінің мәліметі бойынша, Қазақстанда өндірілетін электр энергиясының 69 пайызы көмірмен жұмыс істейтін электр станцияларына тиесілі. Дәл осындай себептермен көптеген сарапшылар Қазақстанда атом электр станциясын салу қажет деп санайды. Сондай-ақ, Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасында және «Қазақстан-2050» стратегиясында еліміздің энергетикалық балансындағы жаңартылатын энергияның үлесін:

2025 жылы – 6 пайызға,

2030 жылы – 15 пайызға,

2050 жылы – 50 пайызға жеткізу жоспары нақтыланған.

Осы мақсаттар негізінде ел өз жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатыр. Мәселен, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын іске асыру аясында Абай облысының Аягөз ауданында қуаттылығы 100 МВт «Абай-1» жел электр станциясы (ЖЭС) іске қосылды. 2025 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК) қуатын кемінде 2 400 МВт құрамақ.

Аталмыш жобаны іске асыру –желіде шамамен 300 млн кВт/сағ өндіруге мүмкіндік беретін жаңартылатын энергия көздерін елдің жалпы энергетикалық жүйесіне белсенді интеграциялаудың жалғасы. Жоба аясында қосымша электр қуаты, сондай-ақ 15-ке жуық тұрақты жұмыс орны ашылып отыр. Бұған дейін Қазақстанда қуаты 1 ГВт жел электр станциясы салынатыны хабарланған болатын. Станция Жамбыл облысында орналасады.

Биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінің белгіленген қуаты 2,1 мың МВт құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан бірден 21,1%-ға артық деген сөз. Орнатылған қуаттардың:

  • басым бөлігі күн электр станцияларынан алынды – ел ішінде 52,9% немесе 1,1 мың МВт, плюс жылына 12,4%.
  • Тағы 684 МВт жел электр станцияларынан,
  • 281 МВт шағын су электр станцияларынан
  • және 7,8 МВт биоэлектр станцияларынан келді.

2022 жылдың бірінші тоқсанында ЖЭК электр энергиясын өндіру бір жылмен салыстырғанда 14,6%-ға өсіп, 933,1 млн кВт/сағ құрады.

Күн электр станциялары ЖЭК ішінде ең үлкен орнатылған қуатқа ие болғанына қарамастан, жел электр станциялары шын мәнінде Қазақстанда ең көп электр энергиясын өндірді: шамамен 545 млн кВт/сағ (жылына плюс 27,1%).

Электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі ЖЭК өндіретін электр энергиясының үлесі бір жыл бұрынғы 2,64%-ға қарсы 3,03%-ды құрады.

Бүкіл әлемде, enerdata мәліметтері бойынша, 2020 жылы электр энергиясын өндірудегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 28,2% құрады. Дегенмен, бұл рейтинг ЖЭК әішінде гидроэнергетиканы ескереді, оның әлемдік энергетикалық баланстағы үлесі 2000 жылдан бері тұрақты түрде шамамен 16% құрайды.

Қазақстан рейтингке қатысқан 44 елдің ішінде 33-орында болды: біздің республикамыздағы жаңартылатын энергия көздерінің (су энергиясымен қоса) үлесі электр энергиясын өндірудің жалпы көлемінің 11,7%-ын құрады.

Энергетик Жақып Хайрушев бүгінде мұндай стансаның құрылысына ерекше жағдай жасалғанын айтады. «Бұл генерациялау және желілік объектілердің негізгі жабдықтарының тозуының сыни дәрежесін және электр энергиясын тұтынудың ұлғаюымен қатар апаттың жоғары деңгейін және қазақстандық меншікті отынның (уранның) болуын және оған қолайлы бағаның болуын қамтиды. Өкінішке орай, Қазақстан үшін әзірге басқа технологиялар жоқ. ЖЭК-ге келетін болсақ, энергияның бұл түрі бейбіт атомның орнына емес, онымен қатар дамуы керек», — дейді сарапшы.

Бағдарлама энергетика кешенін жаңғыртуды көздейді, бұл 2025 жылға қарай 3,2 мың жұмыс орнын құрумен жаңартылатын энергия көздерінің 40 жобасын іске қосуға мүмкіндік береді. Биыл 900-ден астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін жаңартылатын энергия көздері бойынша 11 жобаны іске қосу жоспарланып отыр.

Бүгінгі таңда 5 нысан өз жұмысын бастады. Оның ішінде 330 жұмыс орнымен 3 күн электр станциясы және 2 жел электр станциясы бар. Жыл соңына дейін 577 жұмыс орыны ашылмақ.

Жалпы, бүгінде Қазақстанның энергетикалық инфрақұрылымын жаңғырту мәселесі сарапшы маандар арасында қызу талқылануда. Күн тәртібіндегі мәселелер қатарында смарт желілерді іске қосу (заманауи смарт технологиялары), декарбонизация, атом электр станцияларын іске қосу және т.б. Бірақ энергия тапшылығын толтыру шараларын бүгіннен бастап қолға алу керек.

Қазақстан үшін көмірмен жұмыс істейтін электр станцияларының қоршаған ортаны ластамау үшін экологиялық таза энергетикалық технологияларды дамыту маңызды. Сонымен қатар, жаңартылатын энергия көздерін дамыту қоршаған орта мен адам денсаулығын жақсартумен бірге елдің экономикасы мен энергетикалық секторларын әртараптандырады. Қорытындылай келе, жалпы жаңартылатын энергетиканы дамыту Қазақстанға қуатты экономика құруға және оның энергия тұтынуға деген сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Өкінішке орай, жел энергиясының барлық артықшылықтарына қарамастан, жел энергетикасының негізгі кемшілігі желдің үзік-үзік сипаты болып табылады. Сондықтан жел энергиясын кесте бойынша өндіруге болатын энергияның басқа түрімен біріктіру керек. Жел энергиясын тәуелсіз энергия ретінде емес, қосымша энергия көзі ретінде қарастыруға болады.

Тегтер: