«Жасыл экономикада» энергия тиімділігі өзекті
Қазақстанда ең көп энергияны зауыттар мен кәсіпорындар емес, ғимараттар мен көліктер жұмсайды екен.
Энергия тиімділігі төмен ғимараттар әлеуметтік нысандар болып шықты.
ҚР Сыртқы істер министрлігі Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру департаментінің басшысы Сәуле Инаханова ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығы рейтингінде Қазақстан дамыған елдерден 3,5 есе артта қалғанымен, Ресейді басып озғанын атап өтті. Дүниежүзілік банктің зерттеуі салалар бойынша өнеркәсіп энергияны тиімдірек ететінін және тұрғын үйлер мен коммерциялық ғимараттардың, сондай-ақ көліктің энергияны сіңіруін арттырғанын көрсетті.
Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты басқарма төрағасының орынбасары Дархан Құрманбаев энергия тиімділігін арттыру және энергия үнемдеу саясаты сала көрсеткіштерінің жақсаруына әкелді деп санайды:
— Ал қазір басқа салаларда энергия тиімділігін арттыруға кірісетін кез келді.Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 8 мың әлеуметтік нысанға талдау жасалған (ауруханалар, мектептер және балабақшалар), олардың шығын – 78%, энергия тиімділік класы – Е, бұл ең төменгі сынып. Осы бағыт мәселесін шешу керек, осы ғимараттардың энергия тиімділігін арттыру класын көтеруіміз керек. Мемлекеттік секторда шаралар енгізер болсақ, энергияны үнемдеу жақсы болуы мүмкін. Энергия сыйымдылығын арттырудың негізгі әлеуеті – 40% – бюджеттік ұйымдарда ғана, — дейді.
Бизнес орталықтары мен кеңселерге арналған басқа да коммерциялық жылжымайтын мүліктің энергия тиімділігіне қатысты Qaz Property Ассоциациясының мүшесі Александр Деревянко:
— Тек елорданың өзінде ғана 1,7 млн шаршы метр кеңсе кеңістігі бар екен, олардың жалпы жылдық энергия тұтынуы 384 000 мегаватт құрайды. Ал бизнес орталықтары заманауи технологияларды пайдаланса, 1 шаршы метрден 165 кВт-қа дейін, немесе, ақшалай эквивалентте көрсетсек, 4290 теңге үнемдеуге мүмкіндік туады. Жылдық үнемдеу 295 000 мегаватты немесе қазіргі уақытта елордадағы кеңсе ғимараттары тұтынатын барлық энергияның 77%-ын құрауы мүмкін, — дейді.
Аталмыш технологияларды енгізгенмен, коммерциялық үй-жайлардың иелеріне энергия үнемдейтін технологияларды енгізуге мемлекеттік ынталандырудың жоқтығы мәселелесі тағы бар. Мамандар ынталандыру шаралары, электр энергиясының тарифін жылу желілеріне қарағанда тартымды болатындай қайта қарау қажет деп есептейді. Сондай-ақ, мемлекеттік компаниялар тек энергия тиімділігі жоғары ғимараттарда орналасуы керек деген нормалардың енгізілуі іске оң бағыт берері сөзсіз.
Көлік мәселесіне келсек, мамандар бұл саладағы энергия тиімділігінің төмендеуін басқа елдерден әкелінген көліктердің көптігімен байланыстырады.
Сонымен бірге, бүгінде энергия тиімділігінің артуы көшелерді жарықтандыруда тіркелді.
Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты басқарма төрағасының орынбасары Дархан Құрманбаев:
«Еліміздің 87 қаласындағы шамдардың жартысы бүгінде жарықдиодты шамдармен алмастырыплған. Жылдық үнемдеу 620 миллион теңгеден астам соманы құрады. Оның қолжетімді, жылдам және тиімді екенін көріп отырмыз. Энергияны үнемдеуге инвесторларды тарту үшін жағдай жасау арқылы мемлекет Қазақстандағы энергия тиімділігін арттыра алады деп ойлаймын», — дейді.
Халықаралық ұйымдар Қазақстанда энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыруға елеулі үлес қосуда. 2014 жылдан бері Дүниежүзілік банкпен бірлесіп «Қазақстандағы энергия тиімділігін арттыру» жобасы жүзеге асырылуда. Швейцариялық даму және ынтымақтастық агенттігі Дүниежүзілік банк басқаратын Трасттық қор арқылы 21,7 миллион доллар жоба грантын берді.
Жобаның атқарушы агенттігі Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ведомстволық бағыныстағы ұйымы болып табылатын «Электр энергиясын және энергия үнемдеуді дамыту институты» АҚ болып табылады.
«Қазақстандағы энергия тиімділігін арттыру» жобасын сәтті жүзеге асыру аясында 96 әлеуметтік нысанды жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Жаңғырту нәтижесінде әрбір нысан бойынша 40 пайызға дейін энергия үнемдеуге қол жеткізілді, екі мыңнан астам жұмыс орны ашылды, тауарлар мен жұмыстардағы жергілікті қамту үлесі 85 пайызды құрады.
Жоба өз нәтижелерінің арқасында осы бағытта Дүниежүзілік банкпен ынтымақтастықты кеңейту арқылы жалғастыру қажеттігін көрсетті. Өйткені әлеуметтік нысандарды энергетикалық жаңғырту мультипликативті нәтиже береді.
Бір жағынан, энергияны жаңғыртудан тікелей экономикалық және экологиялық пайда келеді. Екінші жағынан, жаңғыртуда қолданылатын энергияны үнемдейтін технологияларға сұраныстың ауқымды артуы ШОБ-ты дамыту, бюджетке салық түсімдерін ұлғайту, қосымша жұмыс орындарын құру сияқты бірқатар тиісті жеңілдіктерге әкеледі.
Мұндай сәтті жоба тарихта қалмай, масштабты кеңейту мен дамудың үлгісі болуы керек.